Жалпыға бірдей міндетті білім беру қорынан көмек көрсетілетін әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан келіп оқитын оқушыларды бір мезгіл ыстық тамақпен қамту туралы мәлімет » Үмбетәлі Кәрібаев атындағы орта мектеп
Алматы облысы білім басқармасының
Жамбыл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Үмбетәлі Кәрібаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жалпыға бірдей міндетті білім беру қорынан көмек көрсетілетін әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан келіп оқитын оқушыларды бір мезгіл ыстық тамақпен қамту туралы мәлімет
25
февраль
2020

Жалпыға бірдей міндетті білім беру қорынан көмек көрсетілетін әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан келіп оқитын оқушыларды бір мезгіл ыстық тамақпен қамту туралы мәлімет

Үмбетәлі Кәрібаев атындағы орта мектебінде 2019-2020 оқу жылына мектеп асханасын жалға алушы Р.Ф.Саликуржинова мен жалға беруші Үмбетәлі Кәрібаев атындағы орта мектебінің директоры О.Т.Асымхановамен келісім шарт жасалынған. 2019 жылдың қыркүйек айынан бастап Жалпыға бірдей міндетті білім беру қорынан көмек көрсетілетін әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан келіп оқитын оқушылар туралы мәлімет жинақталды. Соның негізінде 41 оқушы бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылды. 2020 жылдың қаңтар айының басында Жалпыға бірдей міндетті білім беру қорынан көмекті қажет ететін 32 ата-анадан өтініш келіп түсті. Соның ішінде 29 ата-ананың өтініші қабылданып, нәтижесінде 59 оқушыға Жалпыға бірдей міндетті білім беру қоры есебінен көрсетілетін көмекті қажет ететіндігі анықталды. Аталған тізімде 1 жетім оқушы, көп балалы отбасынан шыққан 40 оқушы , толық емес отбасынан 12 оқушы және аз қамсыздандырылған отбасынан 6 оқушы бар. Осы оқушылар Жалпыға бірдей міндетті білім беру қорынан бөлінген қаржыға бір мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі.Мектеп асханасын жалға алушы Р.Ф.Саликуржинова өз есебінен 10 оқушыны және атаулы әлеуметтік мәртебеге ие 59 оқушының бір мезгіл сапалы ,дұрыс тамақтануын қамтамасыз етеді. Ыстық тамақтың сапасы мен оқушылардың уақтылы ,дұрыс тамақтануы мектептің әлеуметтік педагогі Е.Елеуов , мектеп медбикесі С.Доскожаеваға және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.Ауелбекке жүктелген. Жалпыға бірдей міндетті білім беру қорынан бөлінген қаржыға оқушылардың сапалы тамақтануы үнемі қадағаланып отырады.

Похожие публикации:

26 апрель 2017 ҰБТ туралы