ҰБТ туралы » Үмбетәлі Кәрібаев атындағы орта мектеп
Алматы облысы білім басқармасының
Жамбыл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Үмбетәлі Кәрібаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
26
апрель
2017

ҰБТ туралы


ҰБТ – 2017 жаңа форматы және мамандықтар туралы толық мәлімет
 
    Ұлттық  бірыңғай тестілеудің екі кезеңде өтетіндігі туралы толық мәлімет.
1. Қорытынды аттестаттау – бұл мемлекеттік бітіру емтиханы.
2. ҰБТ – жоғары оқу орындарына түсу емтиханы.
1. 11 сынып оқушысын қорытынды аттестаттау бітіруші емтиханны санында мектепте бес пәннен, оның ішінде 4 міндетті (ана тілі, екіншітіл, алгебра және анализ бастамалары, Қазақстантарихы) және
оқыту бейіні (ҚГБ және ЖМБ) ескеріле отырып 1 таңдау бойынша пәннен өтеді.
Барлық емтихандар, оның ішінде тестілеу де білім алушының өзі оқитын мектебінде өтеді.
Емтихандардың тізбесі және  нысаны мынадый:
1) Ана тілі және әдебиетінен (оқытутілі) эссе нысанында жазбаша емтихан. Эссеге 3 астрономиялық сағат беріледі.
 Ұсынылған үш тақырыптан оқушы бір тақырыпты таңдайды. 250-300 сөзден тұратын эссе жазуы қажет.
 Эссе тақырыбын таңдағаннан кейін бітірушілер негізгі идеяны анықтауы (ол не туралы?), проблеманы жинақтауы, дәлелдер жазуы, тіл құралдарын және тілді кәдістерді (салыстырулар, эпитеттер, метафоралар, риторикалық сұрақ, кіріспе сөздер мен ұсыныс тарт.б.) пайдалануы, эссенің жалпы қорытындысын қалыптастыруы керек.
Қазақ тілінен эссенің үлгілік тақырыптары
1. Саяхатшылар өзі келген елдің салт-дәстүрін сақтауға міндетті ме?
2. Ғылыми-технологиялық прогресс адамдарға әсер етеді деп ойлайсыз ба?
3. Кино өндіріс жастарға өз әсерін тигізеді деп ойлайсыз ба?
Барлық жұмыстарға бірыңғай бағалау өлшем шартары қолданылады.
2) Алгебра және анализ бастамалары пәнінен жазбаша емтиханға 5 астрономиялық сағат беріледі. Бұл емтихан 5 тапсырмадан тұрады.
Тапсырмалар математикалық фактілерді, түсініктерді және тәсілдерді меңгеру деңгейін анықтауға, есеп шығару және логикалық тапсырмаларды шешу дағдыларын, функционалдық сауаттылығын білуге бағытталған.
3) Қазақстан тарихынан ауызша емтихан (билет бойынша);
Әр билетте 3 сұрақтан болады. Екі сұрақ Қазақстан тарихының барлық курсының негізгі бөлімдерінен теориялық сұрақтар, 3-ші сұрақ шығармашылық тұрғыдағы тапсырма (карта, кескіндер, портреттер, хранологиялық кестелер пайдалану арқылы тапсырмалар т.б.).
4) Орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын мектептерде қазақ тілінен және қазақ тілінде оқытатын мектептерде орыс тілінен тестілеу (берілген уақыт 80 минут, барлығы  40 сұраққа 40 балл);
   Бұл пәндердің тапсырмаларының саны мен нысаны мынадай болады.
Лексикалық-грамматикалық блок – 20 тест тапсырмасы бір дұрысжауабын таңдау арқылы; 
«Тыңдалым» блогы – 10 тест тапсырмасы
(2 мәтін, 200-250 сөз);
«Оқылым» блогы – 10 тест  тапсырмасы  (2 мәтін, 200-250 сөз).
5) Таңдау бойынша бір пәннен (физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзітарихы, әдебиет, шетелтілі (ағылшын, француз, неміс), информатика пәндеріні ңбіреуін таңдайды) тестілеу.
Бұнда барлығы  40 тест тапсырмасы болады (80 минут, 40 сұраққа – 60 балл беріледі), оның 20 сұрағы бір дұрыс жауабын табу арқылы (20 балл беріледі), 20 сұрағы бірнеше дұрыс жауабын табу арқылы (40 балл беріледі).
Екі пән бойыншатестілеу мектепте бір күнде өтеді
   Емтиханға берілген бағалаумен келіспеген жағдайда, бітіруші келесі күнгі сағат 13.00-ге дейін аудандық, қалалық білім бөлімдерінің және облыстық білім басқармаларының жанынан құрылған комиссияға шағымдануынаболады.
   Қорытынды аттестаттаудың нақты мерзімі Министрліктің «2016-2017 оқу жылын аяқтаутуралы» бұйрығымен айқындалады (2017 жылғы 30 сәуірге дейін). Емтихандар шамамен 2017 жылғы 29 мамыр мен 9 маусым аралығында өтеді.
Қорытынды аттестаттаудың барлық материалдарын дайындауды және білім басқармаларына дейін жеткізуді Ұлттық тестілеу орталығы, ал мектептерге дейін жеткізуді білім басқармалары ұйымдастырады.
Жазбаша және ауызша емтиханды бағалауды, берілген дұрыс жауап кодтары негізінде жауаппарақтарын тексеруді мектепте құрылған емтихан комиссиясы әр пән бойынша жүргізеді.
  Қорытынды аттестаттаудыңматериалдары (жауаппарақтары, сұрақ кітапшалары т.б.) мектепте бір оқу жылы бойында сақталады.
  Бітіру кештері мектепте 2017 жылғы 15 маусымға дейінгі мерзімде  өткізіледі.
ҰЛТТЫҚ БІРЫҢҒАЙ ТЕСТІЛЕУ (ҰБТ)
  ҰБТ жоғары оқу орнына түсу емтиханы және мемлекеттік гранттарды бөлу жүйесі  ретінде қалады.
2017  жылғы ҰБТ форматы бойынша 120 сұрақ   (20+20+20+30+30=120 тапсырма) 5 пән бойынша, оның 3-і міндетті және талапкердің жоғары оқу орнына тапсыратын мамандығына байланысты 2-і бейіні бойынша қарастырылған. Барлық сұрақтар ескеріледі.