Оқушылардың жетістіктері » Үмбетәлі Кәрібаев атындағы орта мектеп
Алматы облысы білім басқармасының
Жамбыл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Үмбетәлі Кәрібаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
26
апрель
2017

Оқушылардың жетістіктері

«Үмбетәлі Кәрібаев атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» мемлекеттік мекемесі
 
2016-2017 оқу жылы
 
І-жарты жылдық бойынша олимпиадалық тобындағы оқушылармен жүргізілген  жұмыстардың  есебі
 
            2016-2017 оқу жылының басында мектеп оқушыларын жан-жақты білімді іскер өздік ойлау жүйесі дамыған адамгершілігі жоғары дені сау барынша қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру және жеке тұлғаның дарыны мен қабілетін жоғары деңгейге көтеру мақсатында  «Оқушыларын дарындылығын, қабілеттерін  дамыту туралы»  бұйрық шығарылды.                                                          
Оқушылардың жеке қабілеттерін анықтау және дамыту мақсатында жүргізілетін жұмыстардың жоспары құрылды. «Олимпиийский резерв» тобын құру және дамыту жұмыстарын жүргізу, мектепішілік интеллектуалдық сайыстардың өткізілуіне бастауыш сыныптарға Ғазиз Г, орта және жоғары буындағы оқушылармен жұмысты жүргізуге орыс сыныптарында Шишкина Н.И, қазақ сыныптарымен жұмысты жүргізу Харабай Е жүктелді. Оқушылардың қабілеттерін анықтауға көмектесуге мектеп психологы Калиева А.А жауапты болды. Жыл басында оқушылардың қабілеттері анықтайтын сауалнама жұмыстары жүргізілді. Тағы да пән мұғалімдері тарапынан оқушының қабілеттері байқалды. Орыс сыныптар оқушылармен Шишкина Н.И жетекшілігімен «Калейдоскоп» үйірмесі ашылды. «Одаренные ученики в различных сферах жизнедеятельности» тақырыбында тест алынды. «Диагностика интеллекта» диагностикасы алынды. Оқушылар өздерінің қай бағытта қабілетінің жоғары екенін біліп отырды. Қабілеттеріне қарай жауапты мұғалімдер интеллектуалды ойындар өткізіп тұрды. Н.И.Шишкина «Кем быть? Каким быть?» тақырыбында отырыс өткізді. «Блум таксономия» тақырыбында отырыс өткізілді.  «Интеллектуальный марафон» тақырыбында ойын өткізілді. «Тайны мира»  отырыс өткізілді. «Секрет успеха» дөңгелек үстелі жүргізілді. «Что? Где? Когда?» тақырыбында ойындар өткізілді. «Книга или интернет» тақырыбында сөзжарыстар өткізілді. «Интеллект шоу» тақырыбында ойын өткізілді. Бастауыш сыныптарда қыркүйек 3-4 сыныптар арасында «21-ғасыр додасы» атты сайыс өткізілді. Қазан айында 1-4 сыныптар арасында «Менің әлемім» сурет көрмесі өткізілді. Қараша айында «Жас математик» сайысы өткізілді. Желтоқсан айында «Менің тәуелсіздігім» тақырыбында эссе жарысы өткізілді.  Барлық  өткізілген жарыстардың қорытындысы шығарылып, оқушылар марапатталды. 
Харабай Е қазан айында оқушылардың шығармашылығын қабілеттері мен белсенділіктерін арттыру және жан-жақты ақпарат алу, алған білімдерін өмірде қолдана білу шеберліктерін дамыту мақсатында «Жұлдызды сағат» интеллектуалдық сайысы жүргізілді. Оқушылар әр кезеңнің тапсырмаларын орындау барысында өздерінің алғырлықтарын көрсете білді. Желтоқсан айында оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында «Білімді мыңды жығар» атты интеллектуалдық сайыс ұйымдастырылды. Оқушылар топтық жұмыстарға қатыса отырып, дұрыс шешім қабылдай білуге дағдыландырылды. Ойын соңында жеңімпаздар марапатталды. Осы өткізілген  жұмыстар оқушылардың өзіне-өзі сенімділігі артып, өзін-өзі дамытуға ықпалын тигізді. 
Мектепішілік олимпиадалардың өткізілуіне бастауыш сыныптарда Акимбаева К.М , Байкеева Г.Т, орта және жоғары буында Шишкина Н.И, Харабай Е  жауапты болды. 
    Оқушылардың оқу–танымдық қабілеттерін ынталандыру, пәндік білімдерін тереңдету, ғылымға деген қызығушылығын дамыту, оқушыларды аймақтық  олимпиадаларға қатыстыруға іріктеу және дайындықтарын пысықтау мақсатында, мектептің оқу-тәрбие жоспарына сәйкес 7.11-14.11.2016 ж.ж аралығында мектепішілік пәндік 2-10 сыныптар арасында олимпиада өткізілді. 
Олимпиада мына негізгі пәндер бойынша өткізілді:1)  қазақ тілі мен әдебиеті;       2) қазақстан тарихы;  3) орыс тілі мен әдебиеті;  4) ағылшын тілі;  5) математика;  6) физика; 7)  информатика;  8) химия;  9) биология;  10) география;   11) бастауыш сыныптардың негізгі пәндері
   Олимпиаданың өткізілу жоспары, кестесі бекітілді.  Олимпиада тапсырмалары пәндік әдістемелік бірлестіктерде дайындалды. Олимпиада қорытындыланып, жүлделі оқушылар марапатталды.Олимпиада қорытындысы бойынша әр пәннен озық шыққан  оқушылар іріктеліп, аймақтық олимпиадаға жолдама алды. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы оқушылардың пәндерге қызығушылығын және дарынды балалармен жұмыс жүргізуді одан әрі дамыту мақсатында, сондай-ақ жалпы білім беретін пәндер бойынша мектеп оқушылары олимпиадасына сәйкес Жамбыл ауданының білім бөлімінің 21 қараша 2016 жылғы № 240 бұйрығының негізінде « Оқушылардың аймақтық олимпиадаға қатысуы туралы» 26.11.2016   № 245 бұйрығы шығарылып,  Қарғалы ауылындағы № 3 мектебінде өтетін аймақтық олимпиадаға оқушылар қатыстырылды. 
 
       Аймақтық олимпиададан химия пәнінен Мухитден Сайра 1-орынды алып, аудандық олимпиадаға қатысты. Осы аудандық олимпиададан да 1-орынды иеленіп, облысқа жолдама алды. 
 
   «Ақбота» марафонына 88 оқушы қатысып 9 оқушы жүлделі орындарға ие болып, арнайы мақтау дипломымен  марапатталса, қалған оқушылар қатысқаны үшін  сертификаттармен марапатталды. 8 в сынып оқушысы Баймұратова Томирис «Ақбота» марафонынан 1-орын алып, «Бөбек» орталығының қолдауымен «Қазақстан» шипажайына демалуға жолдама алып, 22-25 желтоқсан аралығында демалып келді. 
   «Шамшырақ»  орыс тілі халықаралық олимпиадасына 9 в сынып оқушысы Агамбаева Н (жетекшісі Кайсанова А.Н), 8 в сынып оқушысы Баймуратова Т (жетекшісі Садыркулова С.Б), 2 в сынып оқушысы Нұрмұхамбет Диас (жетекшісі Қоянбаева Ж.С) қатысты. Қоянбаева Ж.С, Садыркулова С.Б, Кайсанова С.Б «Шамшырақ» тілдер олимпиадасын ұйымдастыруда белсенді қатысқаны және жеңісті оқушыларды тәрбиелегені үшін сертификатпен марапатталды. Қатысқан Агамбаева Н, Баймұратова Т деген оқушылар  қатысқаны үшін сертификатпен марапатталды
  

Похожие публикации:

27 апрель 2017 ҰБТ туралы
26 апрель 2017 ҰБТ туралы
13 декабрь 2016 Мектеп туралы