2020-2021 оқу жылының оқу-тәрбие жұмысына талдау » Үмбетәлі Кәрібаев атындағы орта мектеп
Алматы облысы білім басқармасының
Жамбыл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Үмбетәлі Кәрібаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2020-2021 оқу жылының оқу-тәрбие жұмысына талдау
02
июль
2022

2020-2021 оқу жылының оқу-тәрбие жұмысына талдау

Үмбетәлі Кәрібаев атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен»  коммуналдық мемлекеттік мекемесінің   2021-2022 оқу жылына арналған  жалпы орта білім берудің  жұмыстық  оқу жоспары


Үмбетәлі Кәрібаев атындағы орта мектеп МДШО 2021-2022 оқу жылында Ы.   Алтынсарин  атындағы  Ұлттық   білім  академиясының  Ғылыми-әдістемелік  кеңесі   шешімімен  ұсынылды  (2021   жылғы  13  мамырдағы № 5 хаттама). «Қазақстан  Республикасының  орта   білім  беру ұйымдарында  оқу-тәрбие   процесін  ұйымдастырудың 2021-2022  оқу   жылындағы  ерекшеліктері  туралы» әдістемелік нұсқау хаты басшылыққа алынды.

Мектепалды даярлық сыныптары/топтарында және 1-11-сыныптарда білім беру процесі келесі құжаттар негізге алынды. 

11-қазақ сыныптарыҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 26 наурыздағы № 125 бұйрығының  21-қосымшасы «Оқыту қазақ тілінде жүргізілетін қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспары» (төмендетілген оқу жүктемесімен),  Қазақстан Республикасы  Білім және ғылым министрінің  2021 жылғы 26 наурыздағы  № 125 бұйрығының 22-қосымшасы «Оқыту қазақ тілінде жүргізілетін жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспары» (төмендетілген оқу жүктемесімен), 11-орыс сыныптары жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспары (төмендетілген оқу жүктемесімен) оқытылады.

ҚР Білім және ғылым министрінің 20.08.2021 № 415 бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу жоспарымен мектепалды, 1-10 сыныптар оқытылады. 

  • 1-қосымшасына сәйкес оқыту қазақ тілінде жүргізілетін сыныптарға арналған бастауыш білім берудің (жаңартылған мазмұнның) үлгілік оқу жоспары 1-4 қазақ сыныптары
  • 2-қосымшаға сәйкес оқыту орыс тілінде жүргізілетін сыныптарға арналған бастауыш білім берудің (жаңартылған мазмұнның) үлгілік оқу жоспарымен 1-4 орыс сыныптары
  •  6-қосымшаға сәйкес оқыту қазақ тілінде жүргізілетін сыныптарға арналған негізгі орта білім берудің (жаңартылған мазмұнның) үлгілік оқу жоспары 5-9 қазақ сыныптары
  • 7-қосымшаға сәйкес оқыту орыс тілінде жүргізілетін сыныптарға арналған негізгі орта білім берудің (жаңартылған мазмұнның) үлгілік оқу жоспарымен 5-9 орыс сыныптары
  • 9 б сыныбы16-қосымшаға сәйкес оқыту қазақ тілінде жүргізілетін негізгі орта білім берудің (төмендетілген оқу жүктемесімен) үлгілік оқу жоспары

Үйде оқытылатын оқушылар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 26 наурыздағы№ 125 бұйрығыныңтөмендегі қосымшаларымен берілген оқу жоспарымен  оқытылады:

  • 53-қосымшаға сәйкес оқыту қазақ тілінде жүргізілетін үйде оқитын білім алушыларға арналған бастауыш білім берудің (жаңартылған мазмұнның) үлгілік оқу жоспары
  • 54-қосымшаға сәйкес оқыту орыс тілінде жүргізілетін үйде оқитын білім алушыларға арналған бастауыш білім берудің (жаңартылған мазмұнның) үлгілік оқу жоспары
  • 55-қосымшаға сәйкес оқыту қазақ тілінде жүргізілетін үйде оқитын білім алушыларға арналған негізгі орта білім берудің (жаңартылған мазмұнның) үлгілік оқу жоспары
  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2021 жылғы 26 наурыздағы 9-қосымшасының  «Оқыту қазақ тілінде жүргізілетін үйде жеке тегін оқытатын   орташа ақыл-ой кемістігі бар оқушыларға арналған бастауыш білім берудің үлгілік оқу жоспары» 10, 11-тарауымен 3 б сыныбындағы үйден оқытылатын Байсерикова Е,  Көкенай Н оқытылады
  • 10 а сыныбы 99-қосымшаға сәйкес оқыту қазақ тілінде жүргізілетін қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша жалпы орта білім берудің (жаңартылған мазмұнның) үлгілік оқу жоспары 
  • 10 б сыныбы 100-қосымшаға сәйкес оқыту қазақ тілінде жүргізілетін жаратылыстану-математика бағыты бойынша жалпы орта білім берудің (жаңартылған мазмұнның) үлгілік оқу жоспарымен оқытылады. 

    Вариативтік   компонент   сағаттарының  есебінен «Жаһандық  құзыреттіліктер»  курсынан     9-сыныптарда  «Зайырлылық және дінтану негіздері» 3 сағат,   10-11-сыныптарда «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» 5 сағат берілді.  

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 557  бұйрығы негізінде шығарылған  ҚР Білім және ғылым министрінің Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы 12.05.2020 № 195 бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу жоспарымен мектепалды даярлық тобы оқытылады. 

«Жол жүру ережелері» кіріктірілген оқу бағдарламасы сынып сағаттарының есебінен және сабақтан тыс уақытта жүргізіледі де, тақырыбы мен мерзімі электрондық журналында қосымша бетке жазылады. 

1-4-сыныптар –  әр сыныпта 6 сағаттан;

5-8-сыныптар – әр сыныпта 10 сағаттан өткізіледі.

«Өмір қауіпсіздігінің негіздерін» кіріктірілген оқу бағдарламасы міндетті түрде оқыту қамтамасыз етілде,білім алушылардың төтенше жағдайларда (өрт, жер сілкінісі және т.б)   практикалық дағдыларының қалыптасуына ерекше назар аударылуда.Осыған байланысты «ӨҚН»  курсын оқыту:

– 1-3-сыныптарда «Дүниетану» оқу курсының аясында, әр сыныпта 6 сағаттан; 

– 4-сыныптарда «Дүниетану» оқу курсының аясында, әр сыныпта 10 сағаттан; 

– 5-9-сыныптарда – «Дене шынықтыру» пәні аясында, әр сыныпта 15 сағаттан;

10-сыныпта «Алғашқы әскери дайындық» оқу курсының аясында12 сағаттан,11-сыныпта 16 сағаттан жүзеге асырылады

       Дене шынықтыру пәнінен «Шаңғы дайындығы» және «Жүзу» бөлімдері бойынша 8-10 сыныптарда 10 сағат, 11 сыныпта 8 сағат кросстық дайындық сабақтарымен алмастырып оқытылады.

       2020-2021 оқу жылында 3,4-сыныптарда цифрлық сауаттылық пәні 1 сағат,  1 сыныпта 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап 0,5 сағат  оқытылады. 

Вариативті компоненттен 9-сыныптар үшін міндетті түрде «Зайырлылық және дінтану негіздері» курсын оқытуға 1 сағат апталық жүктеме берілді. ҚР Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 15 шілдедегі №281 бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу бағдарламалары бойынша «Зайырлылық және дінтану негіздері» курсын тарих немесе біліктілікті арттыру және қайта даярлау бойынша арнайы курстардан өткен пән мұғалімдері жүргізеді.

ҚР  МЖМБС  1.4.002-2012   сәйкес білім алушылар – 20-ға жеткен кезде немесе одан асқан  жағдайда:

1) оқыту қазақ тілінде жүретін 1,2,3,4,5, 6, 7, 8, 9 сыныптардағы орыс тілі;

2) оқыту орыс тілінде жүретін 1,2,3,5 сыныптардағы қазақ тілі;

3) 1,2,3 орыс сыныптар, 1,2,3,4,5, 6, 7, 8, 9 қазақ сыныптардағы шетел тілі;

4) 1,2,3,4қазақ, 1,2,3 орыс сыныптарындағы өзін өзі тану;

5) 1,3,4 қазақ, 1,3,4 орыс сыныптарындағы цифрлық сауаттылық;

6) 5 орыс сыныбы, 5, 6, 7, 8, 9 қазақ сыныптардағы информатика;

7) 5 орыс сыныбы, 5-9қазақ сыныптардағы «көркем еңбек»;

8) 5 орыс сыныбы, 5, 6, 7, 8, 9 қазақ сыныптардағы дене шынықтыру сабақтарын өткізуде сыныпты екі топқа бөліп оқыту жүзеге асырылады.

Барлық сыныптық, сыныптан тыс жұмыстардың (факультативтік, жеке және үйірме сабақтары) түрлерін қоса алғанда, білім алушылардың апталық оқу жүктемесінің ең жоғарғы көлемі 1-сыныпта-22,5 с., 2-сыныпта-25 с., 3-сыныпта 27с., 4-сыныпта-27 с., 5-сыныпта-31 с., 6 орыс сыныбында-32 с, 6 қазақ сыныбында – 31 с, 7 қазақ сыныбында -34 с, 7 орыс сыныбында 35 с, 8 қазақ сыныбында -35 с, орыс сыныбында 36 с., 9 а сыныбында 36с, 9 б сыныбы төмендетілген оқу жүктемесімен оқытылады – 34 с, 9 орыс сыныбы 37 сағат, 10 қазақ сыныбында 37 сағат, 11 сыныпта 35 сағаттан асауы тиіс.. 

«Жалпы білім беретін оқу орындарында 2021-2022 оқу жылының басталуы туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығына сәйкес: оқу жылының ұзақтығы мектепалды даярлық сыныптарында-32 оқу аптасы, 1-сыныпта-33 оқу аптасы,  2-11 (12) сыныптарда-34 оқу аптасынан аспайды.

      Мектепалды даярлық 2 топ қазақша, 1 топ орысша, 20 сағаттан  оқытылады. 

Сыныптарды мамандандыру бойынша бөлу

Барлығы – 36класс-комплект

1.Жалпы орта білім беретін сыныптар /36 класс-комплект

Вариативтік компоненттен белсенді қозғалмалы сипаттағы жеке және топтық сабақтар 2-4 сыныптарда жүргізіледі. «Мәтінмен жұмыс», «Халық ауыз әдебиеті», «Шешендік өнер» үйірмелері берілді. 5-9 сыныптарда математикалық сауаттылық,информатикадан «Робототехника», физикаданүштілділік терминдерді оқыту үшін, оқу сауаттылығы, ғылыми-жаратылыстану сауаттылығын дамытатынэлективті курстарына 1 сағаттан берілді. 

         2.Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 20.08.2021 № 415 бұйрығы 16-қосымшасы негізінде оқыту қазақ тілінде жүргізілетін 9 б сыныбы негізгі орта білім берудің төмендетілген оқу жүктемесібойынша оқытылады. Тереңдетіп оқуға математика, химия, биология пәндерінен 2 сағат берілді.

3.Бағдарлы оқыту сыныптар /5 класс-комплект/:

10 а сыныбында  20.08.2021 № 415 бұйрығының  100-қосымшаға сәйкес   жаратылыстану-математика бағыты бойынша жалпы орта білім берудің (жаңартылған мазмұнның) үлгілік оқу жоспары негізінде  инвариантты компоненттегі барлық пәндер оқытылады. Вариативтік компонентегі «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» 1 сағат, элективті курстан 3 сағат: физика , оқу-дала жаттығуларына, алгебра және  анализ бастамаларына берілді. 

- 10б қазақ  сыныбында 20.08.2021 № 415 бұйрығының  99-қосымшаға сәйкес қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша жалпы орта білім берудің (жаңартылған мазмұнның) үлгілік оқу жоспары негізінде инвариантты компонеттегі барлық пәндер оқытылады. Вариативтік компонеттегі элективті курстан 7 сағат: қазақ тілі, ағылшын тілі, орыс тілі, құқық негіздері,  оқу-дала жаттығуларына берілді. 

  - 11 а қазақ сыныбындаҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 26 наурыздағы № 125 бұйрығының  22-қосымшасы негізінде үлгілі оқу жоспарында міндетті пәндер саны қысқарды, білім алушыларға олардың жеке қызығушылықтары мен бейімділіктерінің дамуын қамтамасыз ететін пәндерді таңдауға максималды құқық берілді. Жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша тереңдетілген деңгейдегі 2 міндетті: физика/биология пәндеріне 4 сағат, география/химия пәндеріне 4 сағат беріп, стандартты деңгейдегі дүниежүзі тарихы пәніне 2 сағат, вариативтік компоненттен таңдау бойыншаматематика, география, физика, биология, химия пәндерінен  1 сағаттан берілді.

           - 11 б қазақ сыныбында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 26 наурыздағы № 125 бұйрығының  21-қосымшасы  негізінде қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша тереңдетілген деңгейдегі 2 міндетті: ағылшын тілі пәніне 3 сағат, дүниежүзі тарихы пәніне 3 сағат беріп, стандартты деңгейдегі  биология пәніне 2 сағат, вариативтік компоненттен таңдау бойынша ағылшын тілі, дүниежүзі тарихы, алгебра және анализ бастамалары,  биология, қазақ тілі пәндеріне 1 сағаттан берілді. .

            - 11 в орыс сыныбында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 26 наурыздағы № 125 бұйрығының  24-қосымшасы жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша тереңдетілген деңгейдегі 2 міндетті: физика пәніне 4 сағат, география пәніне 4 сағат беріп, стандартты деңгейдегі дүниежүзі тарихы пәніне 2 сағат, вариативтік компоненттен таңдау бойынша география, алгебра және анализ бастамалары пәндеріне 1 сағаттан берілді.

"Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 46-14) тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2017 жылғы 11 шілдедегі № 324 бұйрығының негізінде "Мектепке дейінгі жастағы және мектеп жасындағы балалар орта білім алғанға дейін оларды есепке алуды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 33 бұйрығының негізінде есепке тұрғылықты орны (мекендеу) бойынша тіркеудің барына (жоғына) қарамастан Қазақстан Республикасының аумағына келген немесе тұратын (тұрақты немесе уақытша) жасы 0-ден 18 жасқа дейінгі балалар есепке алынды. 2020-2021 оқу жылында 20 қыркүйектен кешіктірмей балалардың есепке алынды.

Мектеп жасындағы балаларды «Ұлттық бірыңғай деректер қорына» толтырылды. Мектеп жасындағы балалар туралы мәліметті, тұрғылықты орны (мекендеу) бойынша тіркеудің бар-жоғына қарамастан білім беру ұйымдары қызмет көрсететін аумаққа келген немесе тұратын (тұрақты немесе уақытша) жасы 6-дан 18 жасқа дейінгі балалар (олар орта білім алғанға дейін) туралы мәлімет  жинақталып отырды.  Білім беру саласында Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген мерзімде және тәртіппен 6-дан 18 жасқа дейінгі балаларды орта білім беру ұйымдарына қабылдау қамтамасыз етілді. Ағымдағы жылы аталған білім беру ұйымдарында білім алуды жалғастырмаған 9 сынып бітірушілері болып табылатын кәмелетке толмаған азаматтар анықталмады. Мектептен басқа мектепке ауысқан  оқушылардың одан әрі білім алуы туралы растайтын анықтама,  онда шығыс нөмірі және күні, басқа мектепке қабылдау туралы бұйрық нөмірі және күні болған жағдайда қабылданды. Өз балаларының білім алуына кедергі жасаған және (немесе) өз балаларын тәрбиелеу мен оқыту бойынша тиісінше міндеттемелерді орындамаған отбасы анықталмады.

Оқушылар қозғалысы: І-тоқсан басында – 798 оқушы, тоқсан бойы 14 оқушы келді, 6 оқушы  кетті.   І-тоқсан   соңында  -806 оқушы болды. Мектепалды даярлық тобына І-тоқсан басында 66 бала қабылданған. І-тоқсан бойы 2 бала қосымша қамтылды. І-тоқсан аяғында 68 бала болды.   Барлығы  0-11 арасында оқушы саны 874 болды. Оның 458-ы ұл, 416-қыз бала. 806 оқушының 154 үздік, оның 93 оқушысы қыз бала. 284 екпінді, оның 163 оқушысы қыз бала болды. Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша 163 үздік, 284 екпінді болған. 1-тоқсан қорытындысы бойынша 9 үздікке төмен, , 12 екпіндіге артық болды. Жалпы білім сапасы 62 %, үлгерім 100 % көрсетті. Былтырғы оқу жылымен салыстырғанда 3 пайызға төмендеді. 

Жылдың соңында барлығы  0-11 арасында оқушы саны 877 болды. Оның 456-ы ұл, 419-қыз бала. Ал 1-11 сыныптар арасында 808 оқушы. Оның 386-қыз, 424 - ұл болды. 2-11 сыныптарда 713 оқушы. Осы оқушылардың  158 үздік,   оның 94 қыз бала. 284 екпінді оқушы,   оның 162 қыз бала. Жылдық қорытынды бойынша 159 үздік оның қызы 96, 291 екпінді, оның қызы 164 оқушы болды. .Жалпы білім сапасы 63 %, үлгерім 100 % көрсетті. Жылдың басымен  салыстырғанда + 1% артқанын көрсетті.  Сабақты босатуына байланысты қорытылмағандар ауруына байланысты қорытылмағандар болмады. 

Жылдық    білім  сапасы зерделенді.  Оның қорытындысы төмендегідей: 

сыныптар

барлық оқушы саны

"5"

"4"

"2"

сабақты босатуына байланысты қорытылмағандар

 ауыруына байланысты қорытылмағандар

білім сапасы %

үлгерімі           %

қызы 

оның   үздігі

екпінді 

1-сынып (қаз)

72




0

0

0%

100%

28



1-сынып (орыс)

25




0

0

0%

100%

10



барлығы 1-сынып

97

0

0


0

0

0%

100%

38

0

0

2-сынып (қаз)

64

19

26


0

0

71%

100%

28

8

14

2-сынып (орыс)

26

8

8


0

0

62%

100%

15

3

6

барлығы 2-сынып

90

27

34


0

0

68%

100%

43

11

20

3а-сынып (қаз)

73

18

27


0

0

61%

100%

35

11

13

3-сынып (орыс)

28

10

10


0

0

71%

100%

12

4

6

барлығы 3-сынып

101

28

37


0

0

64%

100%

47

15

19

4-сынып (қаз)

64

14

27


0

0

64%

100%

34

11

13

4-сынып ( орыс)

23

5

10


0

0

65%

100%

14

2

8

барлығы 4-сынып

87

19

37


0

0

64%

100%

48

13

21

1-4 сынып (қаз)

201

51

80


0

0

65%

100%

125

30

40

1-4 сынып (орыс)

77

23

28


0

0

66%

100%

51

9

20

Барлығы 1-4 сынып

375

74

108


0

0



176

0

0

барлығы 2-4 сынып

278

74

108


0

0

65%

100%

176

39

60

5-сынып (қаз)

79

15

32


0

0

60%

100%

33

9

16

5-сынып (орыс)

17

3

8


0

0

65%

100%

8

3

2

барлығы 5-сынып

96

18

40


0

0

60%

100%

41

12

18

6-сынып (қаз)

62

12

26


0

0

62%

100%

31

10

13

6-сынып (орыс)

15

2

7


0

0

60%

100%

6

2

3

барлығы 6-сынып

77

14

33


0

0

61%

100%

37

12

16

7-сынып (қаз)

59

12

24


0

0

61%

100%

30

7

17

7-сынып (орыс)

11

3

4


0

0

64%

100%

5

1

3

барлығы 7-сынып

70

15

28


0

0

61%

100%

35

8

20

8-сынып (қаз)

71

16

30


0

0

65%

100%

42

12

20

8-сынып (орыс)

7

2

3


0

0

71%

100%

4

1

3

барлығы 8-сынып

78

18

33


0

0

65%

100%

46

13

23

9-сынып (қаз)

46

8

21


0

0

64%

100%

22

5

10

9-сынып (орыс)

16

2

7


0

0

56%

100%

7

2

4

барлығы 9-сынып

62

10

28


0

0

61%

100%

29

7

14

5-9-сынып (қаз)

317

63

133


0

0

62%

100%

158

43

76

5-9-сынып (орыс)

66

12

29


0

0

62%

100%

30

9

15

барлығы 5-9 сынып

383

75

162


0

0

62%

100%

188

52

91

10-сынып (қаз)

24

3

10


0

0

54%

100%

11

1

7

10-сынып (орыс)

0

0

0


0

0




0

0

барлығы 10-сынып

24

3

10


0

0

54%

100%

11

1

7

11-сынып (қаз)

23

6

9


0

0

64%


12

4

6

11-сынып (орыс)

3

1

2


0

0

100%

100%

0

0

0

барлығы  11 -сынып

26

7

11


0

0

69%

100%

12

4

6

барлығы 10- 11 сынып

50

10

21


0

0

62%

100%

23

5

13

Барлығы 2-11

711

159

291


0

0

63%

100%

349

96

164

Барлығы 1-11

808








387

96

164

2-4 сынып













Алдыңғы тоқсандармен салыстырғанда бастауыш сыныптар бойынша білім сапасы өзгеріссіз қалды.  5-9 сыныптар арасында да  өзгеріссіз қалды. Ал жоғары сыныптарда да өзгеріссіз. 

сынып

2-тоқсан

3-тоқсан

4-тоқсан

жылдық

үздіктер

екпінділер

2тоқ/4тоқ

72

71

71

77

9

15

+5

67

64

64

64

10

11

+3

60

58

62

62

8

8

+2

65

61

61

61

6

8

-4

65

65

65

65

6

11

0

52

58

58

58

6

8

+6

69

64

64

71

10

10

+2

66

56

59

59

7

12

-7

69

66

69

69

7

15

0

64

61

65

65

5

10

+1

62

62

65

65

5

12

+3

62

62

52

56

7

8

-6

58

59

58

58

3

12

0

63

65

65

65

3

8

-2

61

61

61

61

5

15

0

60

60

62

62

7

11

+2

59

53

60

60

2

7

+1

66

62

59

62

6

12

-4

60

60

60

60

6

12

0

64

64

64

64

3

4

0

57

61

61

61

5

9

+4

64

64

65

65

5

10

+1

68

68

68

68

6

11

0

71

71

71

71

2

3

0

52

57

55

64

4

10

+12

58

63

63

63

4

11

+5

56

56

56

56

2

7

0

10а

67

67

62

62

3

5

-5

10б

45

45

45

45

0

5

0

11а

69

77

77

77

5

5

+8

11б

56

56

50

50

1

4

-6

11в

100

100

100

100

1

2

0






159

291















































2-тоқсан мен жылдық қорытындылары бойынша айтарлықтай төмендеп кеткен сынып болған жоқ.

2-4 сыныптар арасында төмен білім сапасын  4а, 3 в сыныптары көрсетті 58%көрсетті, 3-тоқсанда 2-тоқсанмен  тоқсанмен салыстырғанда 3 в сыныбы  +6% көтерілген, ал осы тоқсанда өзгеріссіз қалды (пән мұғалімі Орынбасар Н).  4 а сыныбында (пән мұғалімі Хусаян Л) 2-тоқсанмен салыстырғанда білім сапасы 7 пайызға төмендеген. Өйткені, бір жақсы оқитын оқушы мектептен басқа мектепке ауысты және Жумашева Нұрай деген оқушының математика, қазақ тілі (пән мұғалімі Хусаян Л)  пәндерінен түсті.     5-9 сыныптар арасында 5 б сыныптың білім сапасы -6 пайызға түсті.  Себебі, 4-тоқсанда келген Альбек Тәттімбет деген оқушының білімі орташа деңгейде болды. Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы (пән мұғалімі Алымкулова Н.А), информатика пәнінен (пән мұғалімі Болат А), орыс тілінен (пән мұғалімі Калиева А.А) деген пәндерден бағасы «3» болды. Осы пән мұғалімдеріне аталған оқушымен жеке жұмыстар жүргізілу ұсынылды. 

Ал 10 б сыныбындағы білім сапасы өзгеріссіз қалды. Бұл сыныпта физикадан Айгелекқызы К, химиядан Баймуратова З.М, қазақ тілі және әдебиетінен Бухарбаева Ж.С, алгебра мен геометриядан Мақұлбек Н, информатикадан Болат А 45 пайыз білім сапасын көрсетті. Аталған пән мұғалімдеріне келесі жылы   «3» деген бағаға қорытылған оқушылардың білімін көтеруде жүйелі жұмыс жүргізу ұсынылды. 


Ұсыныс:

2021-2022 оқу жылының жылдық қорытындысы бойынша төмен білім сапасын көрсеткен 3в,5б, 4а, 10 б сыныптарының   пән мұғалімдері  Орынбасар Н.Б, Хусаян Л, Алымкулова Н.А, Болат А, Калиева А.А, Бухарбаева Ж.С, Мақұлбек Н деген мұғалімдер аталған сыныптардағы «3» бағасына қорытылған оқушылардың білім сапасын көтеруде  сабақ кезінде, сабақтан тыс уақытта қосымша жүйелі жұмыстар жүргізу.

Мектепшілік бақылау

Оқу-тәрбие ісі орынбасарлары – З.М.Баймуратова, У.Д.Уразбаева, Ж.К.Батырбаева, Алымкулова Н.А

4, 9,11-сыныптардағы ОЖСБ-ға,  қорытынды аттестаттауға дайындық барысы бақыланды. Оқушылардың әлі де оқу сауаттылығын нығайту керектігі анықталды. 2-11 сыныптардан білімдерін анықтау үшін әкімшілік бақылау жұмыстары алынды. Мәтінді түсініп оқуға назар аудару, логикалық ойлау қабілетін дамытуға арналған тапсырмалармен жұмыс жүргізу, мәтіндегі кілт сөздерді анықтап, болжам жасауға үйрету, мәтінге көз жүгірте қарап, негізгі ойды анықтау, мазмұнын түсінуі, қажетті мәліметтерді табу және таңдай білуі, талдау дағдысын қалыптастыру жұмыстарын жүргізу, төмен көрсеткен оқушылармен жүйелі жұмыс жасау ұсынылды. Пән мұғалімдеріне негізгі пәндер бойынша функционалдық сауаттылықты әр сабақта сапалы,  жүйелі дайындау ескертілді.

Оқушылардың  біліміндегі олқылықтарын жою мақсатында негізгі пәндер бойынша оқытылуы бақыланды. Оқушыларға   қиындық   тудырған  күрделі тақырыптар мен оқу мақсаттары  бойынша  жүргізілетін жұмыстарды күшейту керектігі айтылды.Мәдениеттану, денешынықтыру, тарих  пән бірлестігінің қалыптастырушы бағалауды жүргізілуі, педагогтердің  СБР  технологияларын сабақта қолдану деңгейі зерделенді және оқушылардың АКТ құзыреттілігін дамыту мүмкіндіктерін толығымен қолдану ескерілді. Мәдениеттану, тарих,   денешынықтыру бірлестіктерінің жұмысын зерделеу кезінде, мұғалімдерге халықаралық, республикалық, облыстық деңгейдегі конференциялар, жарыстарға қатысып, кәсіби біліктілігін көтеру ұсынылды «Күнделіктегі» сынып журналдарын толтыруда үй тапсырмаларын уақытында беріп,   күнтізбелік-тақырыптық жоспарды уақытында жариялауда жауапкершілік таныту туралы айтылды.   Педагог-зерттеуші, педагог-сарапшы мұғалімдерге міндетті түрде «Дарын», «Зерде» бағыты бойынша  «Олимпиадалық резервтегі» оқушыларды қамтып,  жүйелі ғылыми - зерттеу жұмысын жүргізу туралы айтылды. Оқушылардың дәптерлерін таңдаулы тексеру жүрігізді. Нәтижесінде оқушы қатесі нақты көрсетіліп, қатемен жұмыс атқарылып орындалу туралы,  оқушы дәптерінің үнемі болуын қадағалануына   нұсқаулықтар айтылды. Мектеп тренерлерінің жұмыстарын сапалы   жүргізулері ұсынылды.4 сынып пән мұғалімдері  оқушылардың білім, білік дағдыларын талапқа сәйкестендіру ұсынылды. 7б, 9б,10б сыныптардың жетекшілері  Оразалиева А.Д.,Қосжанова Г.Ш. М.Ауелбек тарапынан тәрбиенің жаңа-әдіс тәсілдерін қолдана отырып, тәрбиелік белсенділіктерін және жауапкершіліктерін   көтеру ескертілді. «Жас Ұлан» өзін-өзі басқару ұйымының   жұмысының жүргізілу барысы   тексерілді. Нәтижесінде педагог-ұйымдастырушылар Н.Жұмабек, Б.Айтханкәсіби құзыреттілік деңгейін және біліктілігін жетілдіру  мақсатында курсқа жіберу ұсынылды.

Ұсыныс:

1.Пән мұғалімдері оқушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толтырудағы   жұмыстарын нығайту

2. Пән мұғалімдеріне негізгі пәндер бойынша функционалдық сауаттылықты   жүйелі арттыру

3.9,11 сынып оқушыларының таңдау пәндері бойынша қорытынды аттестаттауға   дайындық жұмыстарын жүйелі жүргізу

4. 2-11 сынып пән мұғалімдері әкімшілік бақылау қима қорытындысы бойынша білім сапасы көрсеткішінде айырмашылығы бар аталған оқушылармен сапалы қосымша сабақтар жүргізу, білімдерін көтеруде белсенді тәсілдерді қолдану

1.Құқық бұзушылықтың және қылмыстың алдын алу мақсатында мектепішілік есепте тұрған 7 сынып оқушысы Марат Абылай және  сабақтан себепсіз қалған  9 сынып оқушысы Джанаев А., 10 сынып оқушысы Бақберген А. тәртіптерін жақсарту мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізу. 

2.7б,9б, 10б сыныптардың жетекшілері Оразалиева А.Д.,Қосжанова Г.Ш. М.Ауелбек  оқушылармен бірлескен іс-шаралар өткізу арқылы  тәртіптік деңгейін, белсенділіктерін арттыру.  

3. Сынып жетекшілер тарапынан сынып жетекші жұмысын жүргізу барысында анықталған кемшіліктерді тез арада ретке келтіру.

4.7б сынып жетекшісі Оразалиева А.Ж. сынып жетекші жұмысын жүргізуде  әдістемесін меңгеру құжаттарын  жауапкершілікпен қарау. 

5.Педагог-ұйымдастырушылар Н.Жұмабек, Б.Айтханкөшбасшылық және ұйымдастырушылық қабілеттерін дамытуға бағытталған жұмыстарды жүйелі жүргізу.

            Әдістемелік жұмыс. Мектепте 75 мұғалім жұмыс істейді, педагогикалық  кадрмен толық қамтылған.Ұжым мүшелері өз міндеттері мен құзыреттіліктерін біледі. Ұжым мүшелері мерзім сайын ұжымдық жұмыс түрлеріне қатысады, көпшілігі тәжірибелі, шығармашылық  жұмысқа, оқытудың жаңа әдістерін меңгеруге бейім ұстаздар. Жас мамандармен әдістемелік тақырыптар бойынша отырыстар, диагностикалық жұмыстар жүргізіледі, әдістемелік күні белгіленген.

Педагог кадрлардың санаты бойынша жіктелуі

Оқу жылдары

Жалпы мұғалім саны 

Жаңартылған ББ бойынша курстан өткендер саны

1 деңгейлік курстан өткендер саны

II деңгейлік курстан өткендер саны

III деңгейлік курстан өткендер саны

Жалпы саны (деңгей б-ша)

Жоғары санатты

І – ші санатты

ІІ – ші санатты

Санаты жоқ

Жалпы саны (санат б/ша)

Педагог-шебер 

Педагог-зерттеуші 

Педагог-сарапшы 

Педагог- модератор 

Жалпы саны 

Мектеп тренерлер саны

"НЗМ" ПШО"Мұғалім тәжірибесіндегі зерттеулер" курсынан өткен мұғалімдер саны

2021-2022

75

40

4

2

8

14

3

3

2

22

40

0

14

14

17

45

4

1

Әдістемелік  жұмыс бекітілген жылдық жоспар негізінде жүзеге асырылды. «Оқыту үрдісінде мұғалімдер ІТ біліктілігін, оқытудың жаңа әдіс-тәсілдердерін шеберлікпен   пайдалану   және критериалды бағалауды сабақ барысында енгізу арқылы білім сапасын көтеру» тақырыбында нәтижеге бағытталған әдістемелік жұмыс ұйымдастырылды.  Мұғалімдерді оқытуда туындаған қажеттіліктері ескеріліп, даму жоспарға эвалюация жасалынды. Жоспарлау үдерісін, бағалау жүйесін жетілдіру мақсатында мектеп тренері Е.Харабай, әдістемелік бірлестік жетекшілерімен «ҚМЖ құрастыру жолдары», деңгейлік мұғалімдермен «Сабақ барысында қалыптастырушы бағалауды жүргізу үлгісі» тақырыбында оқыту семинарлары мұғалімдердің қажеттілігіне сай ұйымдастырылды. «Даму» шығармашылық тобының ұйымдастыруымен  «Сабақ мақсатына сай жетістік критерийлерін құрастыру және саралау» тақырыбында №1 коучинг(оқыту тренингі) өткізілмеді, Мектеп үйлестіруші З.Баймуратова санитарлық талаптарды сақтай отырып «Қашықтықтан оқыту кезінде БЖБ/ТЖБ-ны Online Mektep платформасы арқылы жүргізу жолдары»  тақырыбында және  әдістемелік пән бірлестіктерімен «Бөлім бойынша жиынтық бағалау және Тоқсандық жиынтық бағалауды алудың тиімді жолдары»  оқыту- семинары өткізілді.

«Даму» шығармашылық тобы және сабақты зерттеу топтары әдістемелік тақырып бойынша сабақты зерттеу жоспарланып І кезеңі өткізілді. 2021-2022 оқу жылында   сабақты зерттеу бойынша 2 топ құрылды. «9б сынып оқушыларының контекстілік тапсырмаларды орындау барысында мәтіндік стратегияларды қолдану арқылы оқылым дағдысын қалай қалыптастыруға болады?», бастауыш сынып «3 «В» сынып оқушыларының мәтінмен жұмыс жасау барысында коммуникативтік әдісті қолдану арқылы  оқылым дағдысын қалай қалыптастыруға болады?» зерттеу  сұрақтары бойынша жұмыс жоспары құрылды. Зерттеу сабағын оқушының оқуына, мұғалімнің кәсіби тәжірибесінің артуына ықпал ететін педагагогикалық тәсіл, яғни оқушылардың сабаққа қызығушылығын оятып, білім сапасын арттыруда тиімді тәсіл екенін, рефлексивтік-практик ретінде зерттеу сабағын тәжірибеге енгізсек, өзіміздегі өзекті проблеманың шешуін табады деген ойға келдік. Мұғалімдер іс-әрекеттегі зерттеу сұрағымен жұмыс жасауда. Өзідерінің зерттеулері бойынша бірінші жартыжылдықта есептерін берді. Есеп беру барысында зерттеу сұрақтары әліде нақтылықты қажет ететіні байқалды. 1-топ зерттеу сұрағы «3 «В» сынып оқушыларының мәтінмен жұмыс жасау барысында коммуникативтік әдісті қолдану арқылы  оқылым дағдысын қалай қалыптастыруға болады?» тақырыбында зерттеу сұрағымен бастауыш сынып мұғалімі қазақ тілі пәнінен Акимбаева Қ. Сабақтан кейінгі отырыста сарапшы топтардың айтқан кемшіліктері мен ұсыныстары: Зерттеу сұрағына байланысты тапсырмалардың сабақ кезеңінде аз болуы, мәтінмен жұмыс тапсырмаларында мәтіндердің көлемі 3-сыныпқа сай келмеуі. Осы аталған кемшіліктерді анықтай отырып,келесі 2-кезеңге ұсыныс ретінде енгізілу керек екенін ұсынылды. 2-топ зерттеу сұрағы «9 “Б”сынып оқушыларының контекстілік тапсырмаларды орындау барысында мәтіндік стратегияларды қолдану арқылы оқылым дағдысын қалай қалыптастыруға болады?» тақырыбында зерттеу сұрағымен орыс тілі  мен әдебиет пәнінің мұғалімі Қалиева А. өткізді. Сабақтан кейінгі отырыста сарапшы топтардың айтқан кемшіліктері мен ұсыныстары:Тапсырмалардың оқушының деңгейіне сай келмеуі (АВС), бақыланған оқушылар туралы нақты ақпарат жиналмауы (критерийлердің нақты, анық болмауы). Осы аталған кемшіліктерді анықтай отырып, келесі 2-кезеңге ұсыныс ретінде енгізілу керек екенін айтып өтті. Қаңтар айында зерттеу алынған екі топтың 2-кезеңін өткіземіз деген жоспарланды. 

Үшінші тоқсан бойынша әдістемелік жұмыс бекітілген жылдық жоспар   негізгіде жүзеге асырылды.Әдістемелік жұмыс жоспары мұғалімдердің оқыту мен оқу тәжірибесіне жаңа әдіс- тәсілдерді енгізе отырып, мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттыру мақсатына бағытталған.«Даму» шығармашылық тобы әдістемелік тақырып бойынша офлайн режимінде топтық жұмысын ұйымдастыруда мақсатында «Padlet вертуалды тақтасын офлайн режимінде  оқушылардың  топтық жұмысын ұйымдастыру жолдары» тақырыбында шебер сынып (коучинг №3 элементімен ) жәнеоқыту үрдісінде тиімді әдіс-тәсілдерді, бағалау критерийлер, дескрипторларды тиімді пайдаланумақсатында «Саралап оқыту әрекеті – білім алуға бағытталған әрекет» тақырыбында №4 коучинг өткізді. Өткізілген коучинг нәтижесінде әдістемелік көмек көрсету  мақсатында деңгейлік курстан өткен мұғалімдер  шеберлік сынып ұйымдастырды.Коучинг барысында әр педагогтың негізгі мақсаты – өз кәсіби деңгейін үнемі дамытып отыру туралы айтылды. Оқушылардың дербес ерекшеліктерін анықтау үшін оқытушы алдымен, олардың ықылас - жігерін, еске сақтау мен ойлау қабілеттерін, ынтасын, жалпы білім денгейін зерттеуі қажет. Бұл ерекшеліктерді айқындау үшін білімді меңгеру деңгейін анықтауға арналған әр түрлі тапсырмалар дайындау; оқушы біліміне диагностика жүргізу, оқушыларға сауалнама, психологиялық тәжірибе жасау, ата-аналармен әңгімежүргізу керек.Оқушылардың жеке ерекшеліктері сабақта сұрақ беру, кіріспе әңгіме, оқыған материалды т.б. тиянақтау сатыларында ескерілуі тиіс. Мәселен, жақсы оқитың оқушыларға берілген сұраққа тікелей жауап беру талап етілсе, орташаларына ойланып, қажетті есептеулер жасауға, суреттерін салуға уақыт беріледі, ал улгерімдері төмендеріне нақты сұрақтың тізімі, жауап берудің жоспар үлгісі ұсынылады. Біздің басты мақсатымыз - сынып оқушыларының ерекшелігін анықтау  мұғалімдерге ұсыныс берілді.

2022 жылдың 30 наурыз күні табысты мектеп құрудағы әдістемелік тәжірибе алмасу мақсатында «Табысты мектеп акселераторы» жобасының алғашқы қадамдары тақырыбында мектеп директорларына арналған семинар өтті. 5 бағыт бойынша тәжірибелік алаң өткізілді. Атап айтсақ: «Мектеп театры» жобасы аясында 6-8 сынып оқушылары мен мұғалімдер арасында «Поэзия кеші»; «Оқылым шеңбері» жобасы «Классиканы бірге оқимыз...» ұжымдық коворкинг, 9 сынып оқушыларымен «SMART -CINEMA» дөңгелек үстел; «Жаңа ғасыр» дебаттық және «Қоғамға қызмет» волонтерлік қозғалыс жобалары аясында жас мамандар мен 8 сынып оқушылары арасында «Оқыған кітап беттерінен» айдарымен «БП электронды оқулықтар болашақта қағаз кітапты алмастыра алады деп есептейді» дебат; «Менің отбасым-оқырман» әлеуметтік жобасы аясында ата-аналармен коворкинг. Қатысушылардың ой-пікірлері тыңдалып, жүйелі кері байланыс орнатылды.

Наурыз айында жоспарға эвалюация жасалып мектепішілік сәуір айында «Мұғалім тәжірибесіндегі зерттеудің нәтижесі» тақырыбында форум  оқу мен оқытуды жақсартудағы мұғалімдердің зерттеушілік құзыреттілігін жетілдіру және сабақты зерттеу бойынша тәжірибе алмасу, озық тәжірибелерді тарату мақсатында өткізілді. Осы өтілген форумда сабақты зерттеу және Іс-әрекеттегі зерттеу үдерістерінің  презентация арқылы зерттеу сұрағы бойынша  жыл бойы жүргізілген зерделенгені туралы мәлімдеді. Нәтижесінде, мұғалімдер өз тәжірибесіне зерттеу жүргізіп, оның нәтижесін бағамдау тәсілдерін біліп Сабақты зерттеу және Іс-әрекеттегі зерттеу үдерістерінің сатыларын қолданды.

 Мұғалімдерге оқушылардың білім жетістіктерін бағалау жөніндегі нормативтік, әдістемелік құжаттардағы өзгерістерді  педагогикалық ұжымда таныстырып, дер кезінде ақпарат берілді. Екінші жартыжылдықта жоспарға өзгеріс еңгізіліп мұғалімдерге критериалды бағалауды жүргізу туралы нұсқаулықтармен таныстырылды. Атап айтсақ   қазіргі аралас форматында оқыту жағдайында бөлім бойынша және тоқсан бойынша жиынтық бағалауды жүргізуде оқу бағдарламасындағы мақсатқа сай тапсырмалар құрастыру, бағалау критерийлері мен балл қою кестесіндегі нақтылық пен ашықтықты қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар берілді. Мұғалімдердің БЖБ, ТБЖ талдау  жұмыстары 130 бұйрыққа сәйкес болуы түралы бағыт бағдар беріліп, талдау жұмыстарының үлгілері көрсетілді. Бағалауды стандарттау мақсатында мұғалімдер білім алушылардың жазбаша тоқсандық жиынтық бағалау жұмыстарының нәтижелерін талқылауы  үшін  модерация жүргізу туралы ұсынымдар берілді. Модерация  қорытындысы  бойынша  мұғалімдер балл қою  кестесіне толықтыруларнемесе  өзгерістер  енгізуге  қатысты шешім қабылдайтыны,модерацияны  аяқтаған  соң  барлық  шешімдер  хаттамада көрсетілеті туралы айтылды. Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлеуде тоқсандық жиынтық бағалау сипаттамасын басшылыққа алып, бөлім бойынша жиынтық бағалауда әр тараудан мақсаттарды анықтап алу қажеттігі туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Мұғалімдердің кәсіби өсуіне қолдау көрсету үшін  кәсіби қауымдастықтарға, оқу-әдістемелік бірлестіктерге мұғалімдердің қатысуына мүмкіндік беру, жағдай жасау ұсынылады. Сондай ақ қызметкерлердің біліктілігін арттыру кестесін бекіту және тренингтерде, семинарларда, коучингтерде, тәлімгерліктерде педагогтердің қажеттілігін анықтау бойынша іс-шаралар өткізілді. Осы орайда мұғалімдермен қажеттілігін ескеріп төмендегідей жұмыс жүргізілді. Математика пән мұғалімі Бауыржан О «OnlineMektep платформасында   БЖБ, ТЖБ құрастыру» тақырыбында шебер сынып, математика пән мұғалімі Е Харабай  «ТЖБ және ББЖ тапсырмаларын құрастыру және зерделеу» коучинг, ағылшын тілі пән мұғаліміСыздыкова П. «Разработка и экспертиза заданий» оқыту семинары« Сабақ барысында қалыптастырушы бағалау жүргізуде ғаламтордағы сайттарды тиімді қолдану» тренинг , химия пән мұғалімі Баймуратова З. «Бөлім бойынша жиынтық бағалауды құрастыру жолдары» тақырыптарында ашық диалогтік   алаңын өткізді. OnlineMektep платформасынан дайын жұмыстарды қалай алып қолдану және құру туралы нұсқаулықтар берілді. Пән мұғалімдері көбінде   БЖБ,  ТЖБ жұмыстарын жүргізуде  OnlineMektep платформасынкурстан өткен мұғалімдердің басшылығымен өздері даярлаған жұмыстарын қолданды. Сондай-ақ СМК сайтынан дайын жұмыстарды алған пән мұғалімдері де бар. Олар бастауыш сынып, биология, ағылшын тілі, орыс тілі мен әдебиет және қазақ тілі ме әдебиет пәні мұғалімдері. Аталған пән мұғалімдерімен мектепшілік тренерлері бірлесіп, мақсатқа сай тапсырма құрастыру жолдары бойынша қосымша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.  Сабақта қалыптастырушы бағалауды жүзеге асырудың оң нәтижелері мен қиындықтарын анықтауда, 10 балдық бағалау жүйесін енгізуге талдау жүргізу үшін мұғалімдердің сабақтарына жүйелі қатысып, кері байланыс берілді, сондай ақ өзара сабаққа қатысуын ұйымдастырылды.Тоқсан соңында білім алушылардың алған нәтижелеріне талдау жүргізіп, әр пән бойынша  қиындық туғызған мақсаттар тізбесін  анықтап, оқушы біліміндегі олқылықтарды жоюға бағытталған жұмыстарды ұйымдастылырды. Сонымен қатар мұғалімдердің БЖБ, ТБЖ талдау   жұмыстарының 130 бұйрыққа сәйкес болмаған жағдайда кездесті. Осы кемшілікті жоюда әдістемелік бірлетіктерімен онлайн түрінді әр мұғалімнің талдау жұмыстары қарастырылып кері байланыс орнатылды. Наурыз айында әрбір оқушының қабілетіне қарай тапсырмаларды қиындық деңгейі бойынша жіктей отырып, сабақты ұйымдастыру мақсатында«Даму» шығармашылық тобы  «Саралап оқыту әрекеті – білім алуға бағытталған әрекет» тақырыбында №4коучинг (оқыту тренингі) өткізілді.

21.04.22жылы мұғалімнің қажеттілігін ескере отырып«Бағалау критерийлері - оқытудың мақсатын және ара қатысын белгілеуге сәйкес белгі» тәжірибелік алаң ұйымдастырылды. Нәтижесінде мұғалімдер өз іс-тәжірибесімен бөлісіп отырды.

Жетекші мектеп ретінде оқыту жүйесінде туындап жатқан өзекті мәселелерді талқылау, педагогикалық идеялармен алмасуда мұғалімдердің командалық іс-әрекеттері нәтижелі көрсеткіштерге жетелеу мақсатында тірек мектептермен 2022 жылдың 22 ақпан Мыңбаев ОМ желілік қоғамдастық шеңберінде директордың әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Чалимбетова Г. М. мен мектеп тренері Шынжырбаева А.Т. ұйымдастыруымен "Оқушылардың функционалдық   сауаттылығын  арттыру: мәселелер мен инновациялық тәжірибелер" тақырыбында семинар өтті. Семинарда Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің  мұғалімі  Абубакирова Б.Ж. 10 "Ә" сыныбында "Киіз үй -ғажап сәулет туындысы”тақырыбында ашық сабақ өтті. 8 "В" сыныбында геометрия пәнінің мұғалімі Сүлейбек Қалибек "Төртбұрыштар мен үшбұрыштардың аудандары" тақырыбында ашық сабақ өтті. Физика пәні мұғалімі Малаева Ұ.А. 7"А" сыныбында "Кері итеруші күш” тақырыбында ашық сабақ өтті. Математика пәнінің мұғалімі Асылбекова Н.Т. физика пәнінің мұғалімі Асылбекова С.С.  Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Абубакирова Б.Ж. «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуда Pisa тапсырмаларын қолдану» тақырыбында шебер сынып өткізді. Өткізілген іс –шараларды аудан, облыс көлемінде тарату ұсынылды. Оқу жылының соңында тірек мектеп ретінде әр серіктес мектепте атқарылған іс шараларды қорытындысы ретінде мектепішілік форум өткізу жоспарланды. 23.05 күні Ү.Кәрібаев атындағы орта мектебінде өткізілген форумда әр мектеп өзінің сәтті болған іс-тәжірбесімен бөлісу жоспарланды.Оқыту семинарда жоспарланған мәселелер толығымен қамтылып, жүйелі кері байланыс орнатылды. Сәуір айында “Ұшқын” желілік қоғамдастық айясында «Мұғалім тәжірибесіндегі зерттеудің нәтижесі» тақырыбында форум онлайн форматында ұйымдастырылды, осы форумында Мыңбаев ОМ, Қасымбек ОМ, Шолаққағалы орталау мектептері  өз іс -тәжірибесімен бөлісті.

        ҚР орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында мұғалімдердің оқыту тәжірибесін жетілдіру мақсатында «Тәжірибедегі рефлексия» тақырыбындағы курсы бойынша өткен мұғалімдердін тізбектелген сабақтары сәуір айында өткізіліп, мамыр айында рефлексивті есептері мен қорған жұмыстары жинақталды. Мұғалімдерге курсты аяқталу туралы куәліктерін беру мекетпішілік бұйрығы шығарылды. 

     Жетекші мектеп ретінде оқыту жүйесінде туындап жатқан өзекті мәселелерді талқылау, педагогикалық идеялармен алмасуда мұғалімдердің командалық іс-әрекеттері нәтижелі көрсеткіштерге жетелеу мақсатында тірек мектептермен 2020 жылдың 13 мамыр күні «Тоқсандық жиынтық бағалауға арналған тапсырмаларды əзірлеу жəне сараптау» тақырыбында онлайн оқыту семинарын өткізді. Желілік қоғамдастықтың жетекшісі Е.Харабай тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, білім алушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік дағдыларды анықтауға бағытталған, тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексеруге арналғаны туралы айтты. Сәуір айында “Ұшқын” желілік қоғамдастық айясында «Мұғалім тәжірибесіндегі зерттеудің нәтижесі» тақырыбында форум онлайн форматында ұйымдастырылды, осы форумында Мыңбаев ОМ, Қасымбек ОМ  өз іс -тәжірибесімен бөлісті ал Шолаққарғалы орталау мектебі қатыспады. ҚР орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында мұғалімдердің оқыту тәжірибесін жетілдіру мақсатында «Тәжірибедегі рефлексия» тақырыбындағы курсы бойынша өткен мұғалімдердін тізбектелген сабақтары сәуір айында өткізіліп, мамыр айында рефлексивті есептері мен қорған жұмыстары жинақталуы ұсынылды. 

Келесі оқу жылындағы өзекті мәселені анықтау мақсатында жүргізілген сауалма нәтижесі бойынша мониторинг жасалды.

 

Келесі 2022-2023 оқу жылына басымдықтарын, мұғалімдердің қажеттілігін және жетістігінің анықтауда мақсатында диагностикалық сауалнама жүргізіліп, көрсеткіші құрастылды. Сауалнамаға қатысқан мұғалім саны – 60. Сауалнама нәтижесі: Мен өз тәжірибемде нені жақсартқым келеді? -деген сұрақа келесі көрсеткіштер анықталды: ҚМЖ жоспарлау- 50%, оқу мақсаттарына сәйкес тапсырма құру- 67%, оқушының білім жетістіктерін бағалау-63%, сабақ барысында кері байланыс жүргізу- 67%, PISA тапсырмаларын құрастыру және сабақта қолдану- 57 %, және әр мұғалім өз тәжірибесі ауқымында пән бойынша   авторлық  бағдарлама құрастыру- 83% көрсеткіштерін көрсетті. Осы анықталған мәселелерді ескере отырып, келесі оқу жылына жоспарды құру барысында ескеру ұсынылды

Пән апталықтары мен онкүндіктер.Мектепте жаңа  әдіс – тәсілдерді қолдана отырып оқушы біліктілігін, шығармашылығын, ізденісін арттыру мақсатында 10 әдістемелік пән бірлестігі жұмыс атқаруда.Мектептішілік жоспар бойынша қазан  айының   04-15 күндері  математика, физика және информатика пәндерінің әдістемелік бірлестігінің онкүндіктері өтті. Апталықтың мақсаты:   Математика, информатика және физика сабақтарында  оқытудың интербелсенді  тәсілдерін қолданып, оқушылардың  пәнге қызығушылықтарын  және функционалдық сауаттылығын дамыту. Бірлестіктің апталық   жоспарымен таныстыру мақсатында алғашқы күні барлық сыныптарды буынға бөліп, «Апталықтың  ашылуы» бойынша жоспарланған шаралар негізінде «Математикалық пирамида!» интеллектуалдық ойыны «Точные науки в жизи» танымдық сабақ түрінде ұйымдастырылды. Сонымен қатар «Барлық әлем сөйлейді, нақты ғылым тілінде» тақырыбында грифелді тақта безендірілді. Тақтада оқушылардың математикалық, ғылыми –жаратылыстану сауттылығын  дамытуға бағытталған  жұмыстар көрініс тапты. Апталық барысында  мұғалімдер сыныптан тыс іс- шараларды интеллектуалдық сайыстар, жарыс,   түрінде жүргізілді. Математика пәнінің мұғалімдері   Харабай  Е оқушылардың пәнге қызуғышылықтарын ояту мақсатында 6-сыныптар арасында «Не? Қашан? Қайда?» тақырыбында интеллектуардық сайысын, «Проценты»     Жить или курить? Выбирайте сами» тақырыбында математикалық  ойын, информатика пәнінен 10-11 -сыныптар   арасында «Күнделікті өмірдегі есептеулер», «Инфобілгірлер» ойын   сабағын тақырыбында  сайыс, 8-сыныптар арасында оқушылардың физика пәніне қызығушылықтарын арттыру мақсатында «Іздеген табар- оқыған озар» интеллектуалдық сайыстары өткізілді. Апталықтың  қорытындысы ретінде 9  сыныптар арасында«Интеллектуалды ұлт» телевизиялық ойыны жоспарланып өтті. Осы сайысқа 9-сыныптардан құралған 4 топ қатысты. Сайыстың үш кезеңіне берілген тапсырмаларды   орындауға деген қызығушылықтар мен белсенділік танытты. Мұғалімдер тарапынан  телевизиялық ойын барысында ұйымдастырған сұрақтарын, оқушыларға өз бетінше ізденіс жұмыстарын жүргізу үсынылды. Апталық аясында өткізілген іс-шаралардың барлығы интеллектуалды сайыс түрінде оқушылардың шығармашылық қабілеттерін сабақта және сыныптан тыс дамытуға, өз ойын еркін жеткізуге мүмкіндік беруде.

Қараша айында бастауыш сынып ӘБ онкүндігі өткізілді. 15.11- Бастауыш сынып оқушылары арасында танымдық ойындар мен  шығармашылық ізденіс жұмыстары арқылы оқу сауттылығын арттыру  мақсатында 26.11.21 күні «Білім еліне саяхат» тақырыбында бастауыш сынып әдістемелік он күндіктері және 13.12-23.12.21 күні жаратылыстану пәндер мен тарих әдістемелік  он күндіктері жоспарға сай өткізілді. Апталықтың жоспары әдістемелік бірлестігінің отырысында  қаралып талданды  және бекітілді. Пән апталғының  жоспарымен таныстыру мақсатында өткізілген апталықтар  барлық сыныптар мен мұғалімдер чаттарына таныстыру афишасыFacebook парақшаларында жараияланды. Апталық барысында  мұғалімдер жоспарланған  іс- шараларды өткізу үшін WhatsApp, Instagram әлеуметтік желісін  және  Google Forms платформаларын қолданып, сыныптар арасында сайыстар, ребустар мен сөзжұмбақтар шешу, викториналық сұрақтар мен жоба жұмыстарын ұйымдастырды. Бастауыш сынып (қаз.,орыс) және жаратылыстану мен тарих әдістемелік бірлестіктері онкүндіктерінде өткізілген сыныптан тыс іс-шаралар оқушыларға арналған интеллектуалды сайыстар, ойындар, викториналар, байқаулар тақырыпқай сай өткізілді. Пәндер бойынша зерттеу жұмыстары қамтылып отырыды.

Қазақ тілі, орыс тілі,ағылшын тілі пән апталықтары мен онкүндіктері жаңа технология әдістемелерін қолдана отырып, қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі сабақтарында оқушылардың сөйлеу мәдениетін, сөздік, тілдік қорларын дамыту мақсатында. Онкүндіктерінде өткізілген сыныптан тыс іс-шаралар оқушыларға арналған интеллектуалды сайыстар, ойындар, викториналар, байқаулар тақырыпқай сай өткізілді. Пәндер бойынша зерттеу жұмыстары қамтылып отырыды

Ақпан айында Мәдениеттану, өзін-өзі тану бірлестігінің декаданы өткізілді. Он күндік аясында әр түрлі іс –шаралар ұйымдастырылды. Осы декаданың ашылуында оқушыларды әдептілікке, сыпайылыққа, сыйластыққа, қамқорлыққа, татулыққа, сүйіспеншілікке, махаббатты бағалай білуге, жақсылық жасауға, адамгершілікке, достық, татулық, мейірімділікке шақыраотырып, онкүндік жоспарланды. Оқушыларға арнап бағдарламаның негізін қалаушы Сара Назарбаева туралы бейнебаяның тамашаланды. Онкүндіктің мақсаты: Өзін-өзі тану пәнінің авторы С.А.Назарбаеваның еңбегін таныту, оқушылардың бойына рухани-адамгершілік қасиеттерді дарыту, ұлттық және жалпы адами құндылықтарды дамыту, өзара келісім мен өзара түсіністікке баулу, мейірімділік пен адамзатқа деген сүйіспеншілікті  қалыптастыру.Мектептің Facebook парақшасында апталықтың өткізілу жоспары мен өткізілеген іс-шаралар жарияланды. Апталықтың ұранмен өтті: «Бұл әлем қандай тамаша». Мектептерде «Игі тілектер» бұрышы безендіріліп, оқушылармен сынып ұжымының үздік эмблемасы, коллаж, қабырға газеттерінің конкурстары өткізілді. Осы онкүндіктер барысында мұғалімдер өз шараларында ойға жетелейтін, дамытатын жоғары және төмен дәрежелі сұрақтарды қою шеберлігінің төмендігі анықталды.  Мұғалімдердің тапсырмаларды дайындаған кезінде саралау тапсырмалар ескерілмейтіні байқалды. Өткізілген онлайн сыныптан тыс іс-шаралар барысында оқушылардың бағалау нақты емес, осыған орай әр іс-шараларға нақты критерийлер керек екендігі және сыни тұрғыдан талдай, өткізілген іс-шараларға кейін кері байланыс орнату, өзін-өзі, өзара бағалау қабілеттерін арттыратын әдіс-тәсілдерді пайдалану ұсынылды. 

Педагог мамандармен   жұмыс. Педагог мамандармен  жұмыс бағытының негізгі мақсаты- педагогикалық шеберлікті көтеру және теориялық білімді жүзеге асыру сұрақтарында мұғалімдерге практикалық көмек көрсету мақсатында кесте бойынша мұғалімдерінің біліктігін көтеру курстарға қатысу  жоспарланып аудан бөліміне сұраныс берілді. Қараша айында жас мамандар сабақта баға қою, жазба жұмыстар дәптерлеріне қойылатын талаптарымен таныстыру мақсатында   түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Желтоқсан айында жас мамандарды тәлімгерлері  әдістемелік көмек  беру үшін   сабақтарына қатысты. Қателіктері бойынша кері байланыс жүргізіліп, жас мамандар өзінің тәлімгерлерінің сабақтарына қатысып, көмек алып отырды. Жас мамандармен отырысы өткізілді. 

   Екінші тоқсан бойынша ««Оқуға құштар» мектебінен – «Оқуға құштар» қоғамға» жобасы аясында оқу сауаттылығын қалыптастыру мақсатында «Классиканы бірге оқимыз»тақырыбында ұжымдық коворкинг алаңы жұмысын бастады. Биылғы 2021-2022 оқу жылында 30 кітап оқу  жоспарланды. І тоқсан бойынша шағын топтарда 4 коворкинг алаңы өткізілді. Бірінші коворкинг алаңында әр пән бойынша әдістемелік бірлестік мүшелері таңдаған кітаптарын жарнамалап, аннотация жасау арқылы оқырмандардың қызығушылығын оятты. Көрініс тапқан кемшіліктер мен жетістіктерді саралай отырып, жоспарға эвалюация жасадық. Оқушылар мен мұғалімдер   арасында коворкинг алаңын өткізуді жоспарлап, екіншісін «мұғалім-оқушы», үшіншісін «оқушы-оқушы» арасында өткіздік. Мұғалімдер - оқушылар оқығаны бойынша диалогке, дебатқа қатысып, оқырмандардың рухани дүниетанымы кеңейгені байқалды. Жағымды  және жағымсыз кейіпкерлердің мінезін, іс-әрекетін   талдауда,  өзін-өзі реттеуде әр  отбасыға, әр оқушыға өзіне өмірлік сабақ алуға өз ықпалын тигізіп отырды. Оқушылардың  түсініп оқу,   мәтінді талдау дағдылары  артты. Оқыған шығармалары бойынша өзара қызу дебатқа түсіп, бір-бірінің ойын толықтырып отырғандары ұтымды шықты. Оқушылар ұсынысы бойынша, келесі тоқсанда  бір кітапты оқыта отырып, өзара пікір алмасу және өз өмірімен салыстыра отырып, дөңгелек үстелді түрлендіріп өткізуді жоспарланды.

Үшінші тоқсан бойынша ««Оқуға құштар» мектебінен – «Оқуға құштар» қоғамға» жобасы аясында оқу сауаттылығын қалыптастыру мақсатында «Классиканы бірге оқимыз»тақырыбында ұжымдық коворкинг алаңы жоспарланған 30 кітапті қалған 20 кітапті ІІ және ІІІ тоқсандарында 2,3 кезеңі ұймдастырылып өткізілді. Оқыған кітаптары бойынша коворкинг алаңында әр пән әдістемелік бірлестік мүшелері таңдаған кітаптарын жарнамалап, аннотация жасау арқылы оқырмандардың қызығушылығын оятты. Жағымды  және жағымсыз кейіпкерлердің мінезін, іс-әрекетін  талдауда,  өзін-өзі реттеуде әр  отбасыға, әр оқушыға өзіне өмірлік сабақ алуға өз ықпалын тигізіп отырды. Мұғалімдер оқыған шығармалары бойынша өзара қызу дебатқа түсіп, бір-бірінің ойын толықтырып отырғандары ұтымды шықты. Мұғалімдердін ұсынысы бойынша, келесі жылы   бір кітапты оқыта отырып, өзара пікір алмасу және өз өмірімен салыстыра отырып, дөңгелек үстелді түрлендіріп өткізуді жоспарланды.Сәуір айында өткізілген іс-шаралар бойынша нәтиже шығару мақсатында «Мұғалім тәжірибесіндегі зерттеудің нәтижесі» тақырыбында форум(диалогтық алаң) жыл бойы оқыған 30 кітапбойынша жарнамалап А3 постер арқылы   дайындау ұсынылды.15.02 күні "Кино әлеміне саяхат" айдарымен "Писатели свободы" бейне фильмді ұжыммен бірге көруді ұйымдастырды. Бейне фильм бойынша ұстаздық алған әсерлері туралы пікірлерін ортаға салып, қажетті тұстарын алдағы уақытта өз тәжірибелерінде қолданатынын атап өтті. Келесі оқу жылындағы өзекті мәселені анықтау мақсатында жүргізілген сауалма нәтижесі бойынша мониторинг жасалды.

 

Келесі 2022-2023 оқу жылына басымдықтарын, мұғалімдердің қажеттілігін жәнежетістігінің анықтауда мақсатында диагностикалық сауалнама жүргізілді. Сауалнамаға қатысқан мұғалім саны – 60. Сауалнама нәтижесі: Мен өз тәжірибемде нені жақсартқым келеді? -деген сұрақа келесі көрсеткіштер анықталды: ҚМЖ жоспарлау- 50%, оқу мақсаттарына сәйкес тапсырма құру- 67%, оқушының білім жетістіктерін бағалау-63%, сабақ барысында кері байланыс жүргізу- 67%, PISA тапсырмаларын құрастыру және сабақта қолдану- 57 %, және әр мұғалім өз тәжірибесі ауқымында пән бойынша  авторлық  бағдарлама құрастыру- 83% көрсеткіштерін көрсетті. 2021-2022 оқу жылы бойынша мұғалімнің жетістігінің диагностикалық сауалнамасының көрсеткіші құрастылды. Осы анықталған мәселелерді ескере отырып, келесі оқу жылына жоспарды құру барысында ескеру ұсынылды. 

 


2021-2022 оқу жылы ІІ жартыжылдық бойынша мұғалімдердің кәсіби шеберлігінің рейтингісі шығарылды. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде мұғалімдердің семинарларға, конференцияларға қатысуы, іс-әрекеттегі зерттеу бойынша өткізілген ашық сабақтар өткізу ұсынылды. Жоғары нәтиже көрсеткен әдістемелік бірлестіктері - Қазақ тілі мен әдебиет әдістемелік бірлестігі-50 балл- І-орын, Бастауыш сынып (қаз)ӘБ -49 балл, МИФ әдістемелік бірлестік -ІІ орын, Жаратылыстану әдістемелік бірлестік –ІІІ орынға ие болды. Ал төмен көрсеткен дене шынықтыру әдістемелік бірлестігі 45,5 орташа балл, мәдениеттану әдістемелік бірлестігі-12,5 балл, тарих әдістемелік бірлестігі- 11,5 орташа баллғаиеболып табылды.Төмен көрсеткіш көрсеткен ӘБ мұғалімдері:Дене шынықтыру ӘБ, мәдениеттану ӘБ, тарих әдістемелік бірлестік жұмыстары зерделенсін.

 «Дарын» бағыты.2021-2022 оқу жылындағы «Дарын» бағыты және пәндік олимпиада  бойынша жүргізілген жұмыстар туралы мәлімет.Оқушылар қашықтықтан оқытылу барысында онлайн халықаралық олимпиадаларға қатысып, өз білімдерін көрсетуде. «Кенгуру – математика барлығы үшін»   халықаралық зияткерлік коркурсына 27 оқушы жүлделі орынға ие болды. Мектепішілік «Дарын», «Зерде» ғылыми жобалар ұйымдастырылып өткізілді. Нәтижесінде 16 жоба тыңдалды, 16 оқушы аудандық кезеңге жолдама алды. Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша республикалық жасөспірімдер олимпиадасына 8 сынып оқушысы Ж.Нұрметбек қатысып, облыстық кезеңнен 3 жүлделі орынға ие болды. «Мың бала»Ұлттық зияткерлік  олимпиадасында 6 сынып оқушылары І.Аманжолқызы, Ж.Марат, А.Кошекбай, Д.Ұнарбекқызы облыстық 2 кезеңнен өтіп НЗМ мектебіне жолдама алды. Ал 8 сынып оқушысы А.Бекболатқызы IQanat» олимпиадасының 2 кезеңі бойынша жүлделі орынға ие болды және Жасөспірімдер олимпиадасының облыстық кезеңінен химия пәні бойынша 3 орынға ие болған 8 сынып оқушысы Ж.Нұрметбек. 

14-сәуір Ғылым күні аясында жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша өтетін ғылыми жобалар конференциясына қатысты. «Үй салудағы жұмсалатын қаражат» тақырыбында 9 б снып оқушысы Е.Умиргалиев және «QR код - жаңа ғасыр талабы» тақырыбында 7 б сынып оқушысы Ф.Мухитден қатысып ұсыныстарын ескеріп келесі оқу жылына жолдама алды.

2022-2023 оқу жылына ғылыми жобалардың тақырыптары

Жоба авторының аты-тегі (толық)      

Жобаның атауы

Секция

Сынып

Оқыту тілі

Жоба жетекшісінің аты-жөні

1

Жамалбекқызы Аруна

Менің апам қалай бауырсақ (немесе кеспе көже, табанан, қуырдақ) пісіреді?

жаратылыстану

1

қазақ

Газиз Г.Т

2

Қуат Нұрай

Анамның -тәтті бәліштері

қоршаған ортаны және адам денсаулығын 

2

қазақ

Сапакова А

3

Аманжолқызы Інжу

Тікбұрышты координаталар жүйесінде сурет салу

математика

6

қазақ

Харабай Е.

4

Үнарбеккызы Дана

Үмбетәлі Кәрібаев өлеңдерінің көркемдік ерекшеліктері

әдебиет

6

қазақ

Алибаева С.А.

5

Марат Жібек

Математика және табиғат

математика

6

қазақ

Уразбаева У.Д.

6

Дәуренұлы Санжар

Фразеологизмы в шашей жизни

языкознание

7

қазақ

Садыркулова С.Б.

7

Жалғасбек Рамазан

Йодтың химиялық және медициналық маңызы

химия

10

қазақ

Баймуратова З.М.

8

Темірхан Меруерт

Бие сүтінің адам денсаулығына пайдасы

биолгия

9

қазақ

Нургазиева Г.Е.

9

Серікхан Айым Бақытжанқызы

Ағылшын тілі мен қазақ тілдеріндегі дауысты дыбыстардың ұқсастығы мен айырмашылықтары

тіл білімі

9

қазақ

Сыздыкова П. К.

10

Болатқұл Гүлназ

Дәрілік өсімдіктер-зімбірдің емдік қасиеті

биология

9

қазақ

Нургазиева Г.Е.

11

Умиргалиев Ерасыл

Үй салудағы жұмсалатын қаржы

қолданбалы математика

9

қазақ

Бауыржан О.

12

Мухитден Фатима

QR код - жаңа ғасыр талабы

Информатика 

6

қазақ

Хавалхаш Р

13

Төменғали Айдана

Судың құпия сырлары

биология

9

қазақ

Нургазиева Г.Е., Сагындыкова Т.С.

 Мектепішілік «Дарын», «Зерде» ғылыми жобалар ұйымдастырылып өткізілді. Нәтижесінде 13 жоба тыңдалды, 13 оқушы аудандық кезеңге жолдама алды. 

Жас мамандармен жұмыс. Жас мамандарды жаңа әдіс-тәсілдерді үйрену арқылы ізденімпаздыққа тәрбиелеу және өзінің тәжірибесінде оқушылардың білім сапасын арттыру, жан- жақты дамытуда    әдістемелік көмек, психологиялық қолдау көрсетілді.  Шығармашылық жұмысты дамыту, әр жас маман өзінің лабораториясын жинақтау, озат педагогикалық тәжірибені анықтау, оқып үйрену, тарату және ұйым арасында тәжірибе алмасуды іске асыру бойынша вебинар өтті. Өз сабағы мен тәлімгердің сабағын салыстыра отырып, өз тәжірибелеріне нені жетілдіру керектігін өздері анықтап отырды.Тәлімгер мұғалімдер тарапынан сабақ және оған қойылатын талаптар, сабақ типологиясы, сабақтың құрылымы, ОМЖ, КМЖ, сабақ үстінде оқушылар қызметін ұйымдастыру, сабақты жоспарлау жолдары, ҚБ,ТЖБ,БЖБ тапсырмаларын дайындау жөнінде түсініктер жүргізілді.Тексеру жұмыстары кемшілік іздеу бағытында емес, үйрету бағытында жүргізілді. жас мамандарды іс-әрекеттегі зерттеу бойынша сабақ жоспарлауға үйрету мақсатында «Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін сабақта қолданудың тиімділігі» тақырыбында әңгіме, сабақтың талдауы мен өзін-өзі талдауы «Сабақта тәртіпке қалай қол жеткізуге болады?» тақырыбында пікірталас ұйымдастырылды. Нәтижесінде жас мамандар іс – әрекеттегі зерттеу тақырыбы бойынша тізбектелген сабақтар жоспарлауды біршама үйреніп, сәуір айына жоспарлап отырған « жас маман» апталығында ашық сабақтарына қазірден дайындалатындарын айтты.Сонымен қатар жас мамандармен психологиялық қолдау жұмыстары қамтылуда.

    Қараша, желтоқсан айы жас мамандарды жаңа әдіс-тәсілдерді үйрену арқылы ізденімпаздыққа тәрбиелеу және өзінің тәжірибесінде оқушылардың білім сапасын арттыру, жан- жақты дамытуда   әдістемелік көмек, психологиялық қолдау көрсетілді.  Шығармашылық жұмысты дамыту, әр жас маман өзінің лабораториясын жинақтау, озат педагогикалық тәжірибені анықтау, оқып үйрену, тарату және ұйым арасында тәжірибе алмасуды іске асыру бойынша вебинар өтті. Өз сабағы мен тәлімгердің сабағын салыстыра отырып, өз тәжірибелеріне нені жетілдіру керектігін өздері анықтап отырды.Тәлімгер мұғалімдер тарапынан сабақ және оған қойылатын талаптар, ҚМЖ, ҚБ,ТЖБ,БЖБ тапсырмаларын дайындау жөніндежөнінде түсініктер беруде әңгімелер және  үйрету жұмыстары жүргізілді. Тексеру жұмыстары кемшілік іздеу бағытында емес, үйрету бағытында жүргізілді. І жарты жылдықтағы жасалған жұмыс нәтижелері келесі жарты жылдықта оң бағасын береді деген ойдамыз.

    Наурыз айы жас мұғалімдердің кәсіби шеберлігін көтеру жұмыстары нақты жолға қойылып, жас  мамандар  арасында   сауалнама  өткізіліп мониторингісі жасалды. Тәлімгер мұғалімдер тарапынан сабақ және оған қойылатын талаптар жөнінде түсініктер беруде әңгімелер және  үйрету жұмыстары жүргізілді.

      Сәуір айында мұғалімдердің кәсіби өсуіне сараптама жасау мақсатында, жас мамандар апталығы жоспарланды. Бұл апталықтың өтілу мақсаты жас мұғалімдердің сабақ беру методикасын, мұғалім мен оқушының қарым-қатынасын, мұғалімнің шеберлігін, оның өзін ұстауын анықтап, оларға бағыт-бағдар беру. «Жас маман 2021» байқауы жоспарланып өткізілді.   Қашықтықтан оқу барысында 8 жас мұғалім іс-әрекеттегі зерттеу сабақтарын өткізді. Сабақтар интербелсенді әдіс-тәсілдерді, тиімді кері байланыс   оқыту үрдісінде қолдана отырып өткізілді. Нәтижесінде  жас мамандар мамыр айындағы форумға постерлерін жасап, қорғады. Іс-әрекеттегі зерттеуге қатыспаған мұғалімдер болмады.Мамыр айында «Жас мамандар» мектебі отырысында жас мамандар жұмысы қорытыланды.

Озық педагогикалық тәжірибені жинақтау, зерттеу, тарату бөлімі бойынша келесі жұмыстар атқарылды.

Жаңаша оқытудың әдіс-тәсілдерінің қыр-сырын меңгеріп,  оқытуда пайдаланып, нәтижесінде білім сапасының көтерілгеніне ықпалын тигізетін сабақтарды өткізетін мұғалімдердің іс-тәжірибесі жинақталып, зерттелді.  Әрбір жинақталған дидактикалық құралдар, авторлық бағдарламалардың нәтижелі жұмыстарының тиімділігі  әдістемелік кеңесте таныстырылып, талқыланып, әдістемелік көмек ретінде тарату ұсынылды. Садыркулова С., Айгелекқызы К., Батырбаева Ж., Баймуратова З., Нургазиева К.

Облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының Әдістемелік кеңес 2022 жылы 12 мамыр айындағы №2 хаттамасы негізінде химия пәні мұғалімі З.Баймуратованың «Алгоритмы при решении расчетных и экспериментальных задач по химии в 8 классе» тақырыбындағы  авторлық бағдарлама облыстық сараптамалық кеңес шешімімен бекітілді.

Педагог мамандарды аттестаттау. Аттестация – педагогикалық біліктіліктің бір бөлігі. Аттестациялау  жұмысының жоспары бекітіліп, декреттік демалыстан келген, жаңадан қабылданған мұғалімдердің аттестатау мерзімі қаралып, тізімі бекітілдіАттестаттау комиссиясының сараптама тобын  құрылды. Аттестаталушы мұғалімдерді аттестаттау туралы ережемен таныстырылды. Қ Р Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 сәуірдегі № 152 бұйрығына қосымша және  ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығымен бекітілген бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізу тәртібі мен шарттары негізінде 4 мұғалім өтініш білдірді (13 мұғалім кезекті аттестаттау 3 мұғалім кезектен тыс). Біліктілік санаттарын беру (растау) үшін аттестатталушы мұғалімдер бірінші кезең – ұлттық біліктілік тестілеуден 3 мұғалім (1-мұғалім «педагог-зерттеуші» 1- «педагог-сарапшы» біліктілік санатына)–өтуде.

2021-2022 оқу жылында жоспар бойынша кезектен тыс аттестаттаудан өткен математика пән мұғалімі Е.Харабай, музыка пән мұғалімі Ш.Алимбаева педагог-зерттеуші санатын, орыс тілі мен әдебиет пән мұғалімі И.Доскулова, қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі Ж.Бухарбаева педагог-сарапшы санатын және география пәні мұғалімі Д.Нурпейсова, орыс тілі мен әдебиет пән мұғалім Ұ.Әбдіманап, кезекті бастауыш сынып мұғалімі Д.Кашкенбаева нәтижесінде педегог– модератор біліктілік саныты бекітілді. Біліктігін арттыру мақсатында мұғалімдердің шеберлігін шыңдап, шығармашылық белсенділігін арттырып, педагогикалық еңбектің жиынтығын көрсетеді. 2021 -2022 оқу жылында аттестациядан өту мақсатымен төмендегі мұғалімдер өтініш білдірді.

2022-2023 оқу жылына аттестациялау  жұмысының жоспарына сайкес өтініш білдірген мұғалімдердін тізімі әдістемелік кеңесте қаралды.Жыл бойы сараптама тобындағы мұғалімдер аттестациядан өтушілердің пән сабақтарына, сыныптан тыс өткізілген іс-шараларына қатысып, бақылау жұмыстарын алып, қорытынды жасап отырды. Жыл бойы мұғалімдердің іс-ірекетегі зерттеу жұмыстары жүргізіліп нәтижелері постер арқылы   жинақталды

Біліктілік арттыру курстары

Мұғалімнің аты-жөні

Курстың тақырыбы

Өткен орын, жылы

Ұжым 50 мұғалімі

«Педагогтердің цифрлық құзырлығын дамыту»

 тамыз

Мақұлбек Н

Бахытова А.

Үшінші (Базалық) деңгей бойынша біліктілікті арттыру курсына

ПШО Талдықоған қаласы

Алибаева С.А

  «Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімінің кәсіби құзреттілігін дамыту»

Қазан, «Өрлеу» «БАҰО» АҚ

Сагындыкова Т

«Биология пәні мұғалімінің кәсіби құзреттілігін дамыту» 

Қазан, «Өрлеу» «БАҰО» АҚ

Нургазиева К

«Бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби құзреттіліктерін дамыту»

Қазан, «Өрлеу» «БАҰО» АҚ

Бухарбаева Ж.С

«Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімінің кәсіби құзреттілігін дамыту»

Қазан, «Өрлеу» «БАҰО» АҚ

Абдыкалыкова А

«Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімінің кәсіби құзреттілігін дамыту»

Қазан, «Өрлеу» «БАҰО» АҚ

Н.Калиев, Т.Битикбаев, А.Тажибаев  

«Дене шынықтыру пәні мұғалімінің кәсіби құзреттілігін дамыту»

Қараша, «Өрлеу» «БАҰО» АҚ

Е.Марат

«Ағылшын тілі пәні мұғалімінің кәсіби құзреттілігін дамыту»

наурыз, «Өрлеу» «БАҰО» АҚ

 З.Баймуратова

«Биология пәні мұғалімінің кәсіби құзреттілігін дамыту»

наурыз, «Өрлеу» «БАҰО» АҚ

Ш.Алишева

«Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімінің кәсіби құзреттілігін дамыту»

наурыз, «Өрлеу» «БАҰО» АҚ


А.Талханбаева

«Бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби құзреттілігін дамыту»

наурыз, «Өрлеу» «БАҰО» АҚ

А.Болат

«Информатика пәні мұғалімінің кәсіби құзреттілігін дамыту»

наурыз, «Өрлеу» «БАҰО» АҚ


А.Калиева

«Орыс тілі мен әдебиет пәні мұғалімінің кәсіби құзреттілігін дамыту»

«Өрлеу» «БАҰО» АҚ

Н.Жұмабек

«Музыка пәні мұғалімінің кәсіби құзреттілігін дамыту»

«Өрлеу» «БАҰО» АҚ

У.Уразбаева

ҚР орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде  «Математика» пәні бойынша «Бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлеу және саралау»

ПШО

Т.Сагындыкова

«Биология пәні мұғалімінің кәсіби құзреттілігін дамыту»

ПШО, Талдықорған қ.




Кәсіби  байқаулар

Мұғалімнің аты-жөні

Пәні 

Байқаудың тақырыбы, көлемі

Орын,марапаты 

1

О.Асымханова

Мектепішілік жоба

«Оқуға құштар мектеп» тақырыбындағы жобасында облыстық дөңгелек үстел аясында «Оқырман белсенділігін мектепте қалай қалыптастыруға болады?»

алғыс хат

2

О.Асымханова

Мектепішілік жоба

«Табысты мектеп құрудағы инновациялық қызмет» тақырыбында облыстықсеминар –практикум

Іс-тәжірибе тарату

3

А.Бакирова

қазақ тілі мен әдебиет

Облыстық семинар- практикум «Оқуға құштар мектептен-оқуға құштар қоғамға» жоба

Іс-тәжірибе тарату

4

З.Баймуратова

Оқу ісі-жөніндегі орынбасары

Облыстық «Оқушылардың оқу сауаттылығын дамытудағы тәжірибиедегі зерттеу» тақырыбында  жоба жұмысы бойынша баяндады

Іс-тәжірибе тарату

5

У.Уразбаева

оқу ісі-жөніндегі орынбасары

«Білімдегі олқылықтардың орнын толықтырудағы оқу сауаттылығының әсері»

Іс-тәжірибе тарату

6

К.Айгелеқызы

физика

Облыс көлемінде іс-тәжірибе тарату     "Пиза зерттеуіне дайындық барысында оқу мақсатына сай тапсырма құрастыру"

сертификат

7

К.Айгелеқызы

физика

Физика сабағында «Leaningapps», «vascak.cz», «mediadidaktik.ru», «triventy.com»платформаларды тиімді пайдалану жолдары» тақырыбында облыс көлемінде

Құрмет грамотасы

8

Г.Нургазиева

биология

Аудан көлемінде «Биология пәнінен виртуалды зертханалық жұмыстардың маңызы» және «Биология пәнінен 9 “Б” сынып оқушыларының контекстік тапсырмаларды орындау барысында мәтіндік стратегияларды қолдану арқылы оқылым дағдысын қалай қалыптастыруға болады?»

Іс-тәжірибе тарату

9

Н.Хабыл

Тарих 

Аудан көлемінде «Мәтінмен жұмыс кезіндегі әдіс-тәсілдер»

Іс-тәжірибе тарату

10

Л.Хусаян

Ж.Бухарбаева

Бастауыш сынып

Қазақ тілі мен әдебиет

Аудан көлемінде «Эссенің жазу үлгісінде тезис,аргумент,факт,талдау, тұжырымды қалай қолдануға болады? (ТАФТТ)»,

Іс-тәжірибе тарату

11

С.Садыркулова

Орыс тілі мен әдебиет

Аудандық көлемінде «Как написать эссе?»

Іс-тәжірибе тарату

12

У.Д.Уразбаева

оқу ісі орынбасары

«PISA халықаралық зерттеуі аясында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту шаралары» тақырыбында облыстық деңгейі

Алғыс хат

13

З.Баймуратова

химия

«Үздік авторлық бағдарлама» республикалық байқау

сертификат

14

З.Баймуратова

оқу ісі орынбасары

Аудандық көлемінде «Іс –әрекеттегі  зерттеу мен сабақты зерттеу -мұғалімнің  кәсіби білімін жетілдірудің тиімді педагогикалық тәсілі»

Іс-тәжірибе тарату

15

К.Айгелекқызы

физика

Аудандық физика пәні олимпиадасында 

І орын

16

Ағылшын тілі пән мұғалімдері тәлімгерП.Сыздыкова және тәлімалушы  И.Азизова

Ағылшын тілі

«Педагогикалық тандем» аудандық байқауы

ІІ орын

17

Қазақ тілі мен әдебиет ӘБ


аудандық «Үздік әдістемелік бірлестік»байқауына «Оқылым шеңбері»  жобасы

І орын

18

Г.Газиз

Бастауыш сынып

«Сабақты зерттеу – мұғалім тәжірибесін жетілдірудегі педагогикалық тәсіл» тақырыбында аудандық конференцияға

Іс-тәжірибе тарату

19

Д.Кашкенбаева

Бастауыш сынып

Аудандық «Үздік бастауыш сынып мұғалімі-2022» байқауы

І орын

20

Г.Газиз

Бастауыш сынып

«Бастауыш сынып оқушыларының білім берудегі LearningApps org,Edpuzzle, Quizizz платформалардың тиімділігі» тақырыбында облыстық вебинар

Құрмет грамотасы

21

Е.Харабай

Мектеп ұйлестіруші

Орта білім беру жүйесіне өзгеріс енгізуде Жетекші мектептер аясында зерттеу және үдерісін үйлестіру жұмыстарында жоғары деңгейдегі ынтымақтастық, көшбасшылық және жаупкершілік көрсеткені үшін

ПШО, Алғыс хат


Ұсыныстар

1.Мұғалімдердің авторлық бағдарлама, әдістемелік құрал шығару жұмыстарын жоспарлау, шығармашылық зерттеу жұмыстарын сараптамалық кеңес ережесіне сай жүргізу, әдістемелік кеңесте бекіту

2. Пәндік олимпиада, ғылыми жобалар жұмысына оқушыларды дайындау, оқушылардың ғылыми қоғамының жұмысын жандандыру

3. «Үздік педагог», «Жыл мұғалімі»  аудандық байқауына қатысушы мұғалімдердің жол картасын жасау

4. Бастуыш пен орта буын,сабақтастық жұмыстарын жыл бойына жоспарлау, жүйелі жүргізу

5. Төмен нәтиже көрсеткен әдістемелік бірлестіктері дене шынықтыру пәні, мәдениеттану пәндері, тарих әдістемелік бірлестік жұмыстары зерделенсін

                 Тәрбие бағыттары бойынша атқарылған жұмыстар есебі. Тәрбие жұмысы құқықтық-нормативтік құжаттар, бекітілген жұмыс жоспары негізінде жүргізілді. 

         Қазақстандық патриотизм және азаматтық-құқықтық  тәрбие беру. Білім күніне арналған   1 қыркүйек сынып сағаттары 1-11 сыныптар арасында  «Тәуелсіздік жетістіктері», "Тәуелсіздік - мен үшін маңызды" тақырыбында бірыңғай сабақ,  "Тәуелсіздік тұғырым!" атты тақырыпта форум,   «Тәуелсіздіктің ұлы рухы-Желтоқсан», «Желтоқсан алауы тәуелсіздік бастауы» бірегейлік сынып сағаттары, "Тәуелсіздік басты құндылығымыз!" тақырыбында диктант жазылып,  барлық сынып оқушылары қамтылды.  Еліміздің даму тарихы туралы танымдарын қалыптастыру, өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, патриоттық тәрбие беру, ұлттық сана сезімін, саяси сауаттылығын ояту мақсатында бейнебаян көрсетіліп, оқушылар ой толғауларын қағаз бетіне түсірді. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жерлесіміз, күйші композитор Қ.Сәрсенбиевтің «Тәуелсіздіктің таңы» күйін орындаған   «Дұдыға» ансамблін, халық әндерін орындаған «Бөпежан» әжелер ансамблін, ҚР суретшілер одағының және Халықаралық айтыс ақындары одағының мүшесі, көркем еңбек пәнінің мұғалімі   Әуелбек Мұсаханұлы Ысқақовтың   «Тәуелсіздік –теңдесі жоқ байлығым!» атты тақырыпта ұйымдастырған сурет көрмесін ерекше атап өтуге болады.  6 сынып оқушылары арасында еліміздің даму тарихы туралы танымдарын қалыптастыру бойынша Қазақстан Республикасының  30 жылда қандай жетістіктерге жеткені туралы білімдерін саралау, алған мәліметтерді болашақта қолдана білетін, еліне өз үлесін қосатын, ізденімпаз ұрпақ тәрбиелеу мақсатында Бейнероликтер көрсетіліп, топтық жұмыстар жүргізілді. Оқушыларға патриоттық тәрбие беру, өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, ұлттық сана сезімін, саяси сауаттылығын дамыту мақсатында     Қазақстан Республикасының Тұңғыш   Президенті қорының қолдауымен   өткен Алматы облысының білім басқармасының жалпы орта білім беретін мектептердің 5-7 сынып оқушыларына арналған «Сен туған Қазақстаныңды білесің бе?» байқауына  қатысқан мектеп оқушылары ІІ орынды жеңіп алып,   дәрежелі  дипломмен марапатталды. Халық ақыны Ж.Жабаевтың туғанына 175 жыл толуына орай 28 қаңтар мен 28 ақпан аралығында мерейлі айлық ұйымдастырылып, өтілді.   1-11 сыныптарда «Жамбыл менің жай атым, халық менің шын атым», «Жыр әлемінің жарық жұлдызы» тақырыптарында сынып сағаттары өтіліп, «Баба өнегесі-өркениет елінде» онлайн-экскурсия, ақын шығармашылығына арналған  сурет көрмесі ұйымдастырылды. Аудандық жас ақындар айтысына қатысқан 7 сынып оқушысы Қалибекқызы М. жүлделі ІІІ орынды жеңіп алды. Жетекшісі Алибаева С.А. Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыта отырып, сауатты жазу мәдениетін қалыптастыру мақсатында "Жыр алыбы - Жамбыл" тақырыбында 9-11 сынып оқушылары арасында өткен эссе байқауына 9-11 сыныптардан  28 оқушы қатысты. Оқушылардың эссе жұмыстары тексеріліп, жүйелі, өз ойларын еркін жеткізген, көркем сөзді ұтымды қолдана білген оқушылар жүлделі орынға ие болды. Атап айтсақ:1-орын: 10 б сынып оқушысы Абилтаева А., 2-орын:11 а сынып оқушысы Мұрат К,10 а сынып оқушысы Машруп Ш.,3-орын: 9 б сынып оқушысы Зейнехан А, 9 а сынып оқушысы Серікхан А. Ауған жерінен Кеңес әскерінің шығарылуына 33 жыл толуына орай   соғыс ардагерлерімен кездесу   9-11- сынып оқушылары арасында «Жас сарбаз -2022» әскери-патриоттық байқауымен жалғасын тапты.  Нәтижесінде Бас жүлде 10 б, Іорын -  10а,  ІІ орын 9«А», 9 «В», 11 «Б» сынып оқушылары, ІІІ орынды  9 «Б», 11 «А», 11 «В» сынып оқушылары иеленді. Ал,  Мыңбаев орта мектебінде 10-11 сынып қыздары арасында өткен "Жас мерген-2022" жарысына қатысқан мектеп оқушылары жүлделі ІІІ орынды жеңіп алып, "Көзмерген" номинациясы бойынша марапатталды. Жетекшісі: Ибраимов. Халықаралық ескерткіштер және мәдени мұраларды құрметтеу күніне  орай 185 оқушының мұражайға саяхаты ұйымдастырылды. 7 мамыр, 9 мамыр күндерін мерекелеу аясында «Жырлаймыз Ұлы Жеңісті!», «Отан-рухы биік, асқақ ұғым!», «Ерлік-ұрпаққа мұра», «Ұрпаққа ұран болған ұлы Жеңіс!» тақырыптарда ерлік сағаттары, «Чернобль-қайғылы оқиға, ерлік, ескерту» танымдық сағаттар, «Бейбіт күн жасасын әлемде», «Чернобыль балалардың көзімен» атты сурет байқауы 1-4 сынып оқушылары арасында өткізілді. Нәтижесінде 1-4 сынып оқушылары қатысып, ең үздік жұмыстар марапатталды. 2-10 сынып оқушылары ата-баба қонысын жаудан көздің қарашығындай қорғап жүрген еңсегей бойлы ерлерді, жаужүрек, қайсар мінезді сардарларымыз бен сарбаздарымызды құттықтап, жүрек жарды құттықтауларын ұсынды. Оқушылар бойына патриоттық сезімін қалыптастыру мақсатында   ұрпағымызды кеудесінде намысы бар, білімді, туған елін, жерін сүйетін өнегелі ұрпақ етіп өсіргіміз келсе, бар назарды келешек ұрпақ тәрбиесіне аударуымыз қажет.25 мамыр – Соңғы қоңырау мерекесіне арналған салтанатты  жиын мектеп алаңында өтті. Мектеп директоры О.Т.Асымханова сөз кезегінде 2021-2022 оқу жылында жеткен жетістіктерді атап, салтанатты жиынға қатысушыларды құттықтап, жыл бойы аудан, облыс көлемінде іс-тәжірибиелерін таратып, шығармашылықпен жұмыс жасаған ұстаздарды,    мектеп өміріне белсене қатысқан ата-аналарды мақтау қағазымен марапаттаса,  30 жыл бұрын мектеп бітірген түлектер сөз алып, алтын ұя білім ошағына өздерінің сыйлығын тарту етті. 

Құқық бұзушылықтың алдын алу.  «Баланың құқықтарын қорғауды күшейту, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл және жасөспірімдер арасында суицидтің көбеюі мәселелерін шешу жөніндегі 2020-2023 жылдарға», «Қазақстан Республикасының құқықбұзушылық профилактикасының 2020-2022 жылдарға» арналған жол карталарын іске асыру, «Балалар түнгі қалада» акциясын іске асыру бағытында ұғалімдердің, психологтардың, әлеуметтік педагогтың және тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының   оқушылар арасында қауіпсіз қарым-қатынас орнату бойынша бірлескен жұмысы іске асырылды.

Шаралар атауы

Саны

1

Жоба жұмыстары, дөңгелек үстел, сынып сағаттары, сыныптан тыс-шаралар

тұрақты

2

Бүркелмелі сауалнама

4

3

Қыздар, ұлдар арасында жиналыстар

18

4

Құқықтық лекторийлер 

9

5

Ата-аналар жиналысы,құқықтық лекторийлер 

13

6

Рейд  /Ауыл саябағы, мұражай маңы, көше бойлары, дүкендер, мектеп алаңы/

102

7

Мектепішілік есепте тұрған оқушы үйіне

18

 «Ерте жастағы жүктіліктің алдын алу»,  «Әдептілік адамгершілік бастауы», «Заң білмеген зардар шегеді», «Есірткі адамның қасы, аурудың басы», «Буллинг және  кибербуллинг»,   «Мектепке әкелуге тыйым салынған заттар тізбегі»    тақырыптарында  жиналыс   өткізіліп,оқушыларға ерте жыныстық қатынас,  зиянды заттардың, әлеуметтік желінің кері әсері, тыйым салынған заттар (пышақ, шеге, біз,өткір заттар ұстауға,мектепке әкелуге болмайтыны) туралы әңгімеленіп, дұрыс жолмен жүру, салауатты өмір салтын ұстану, құқықтық сауатты болу  бағытында бағдар берілді. Зорлық-зомбылық, құқықбұзушылық, жыныстық тиіспеушіліктің алдын алу мақсатында бүркелмелі сауалнамалар алынды. Оқушылардың көңіл-күйі қалыпты жағдайда екені байқалды.  «Сен құқығыңды білесің бе?» бірегейлік сынып сағаттары, оқушылар арасында құқық бұзушылықтың және қылмыстық іс-әрекетке бармаудың  алдын алу бойынша «Құқық туралы түсінік», «Құқық білу заман талабы», «Право и закон», «Әлеуметтік желінің әсері»  тақырыптарында сынып сағаттары, дөңгелек үстел  өтті. Сынып жетекшілер  үдерісті ұйымдастыра білді. Оқушыларға қалыпты сұрақтармен қоса оқушының ойлау қызметін арттыратын сұрақтар қоя отырып, құқықтық білімдерін тереңдетуге ықпал етті.  Пайдалы   және пайдасыз дүниенің адам өмірі мен жүріс-тұрысына қаншалықты әсері бар екендігі, түрлі жаман әдеттерге апаратыны, ғаламторды дұрыс және тиімді пайдалану туралы айтылып, кеңестер берілді. Құқықтық айлық аясында құқықтық тәрбие, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстық пен құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша оқушыларға   жол ережелері, көліктегі тәртіп ережелері, белгілері туралы ақпарат беріліп, бейнефильмдер көрсетілді. Жамбыл АПБ-нің ЮПТ-ның инспекторлары Е.С.Жиенқұлов, полиция капитаны Н.Тоқтарбекова, полиция капитаны Е.С.Мусаевтың қатысуымен "Абайлаңдар, балалар! " тақырыбы бойынша бастауыш сынып оқушылары арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Ал, 8-11 сынып оқушыларына әкімшілік құқық бұзушылыққа не жататыны, яғни 434-бап, 1 бөлігі, 440-бап, 442-бап, 434, 435 – баптар түсіндіріліп, қандай жауапкершілікке тартылатындары жөнінде полиция инспекторлары атап өтті. 8-11 сынып қыздары гинеколог маманмен кездесу ұйымдастырылып, қыз бала қандай болу керек, жалпы мектепішілік тәртіп, инабаттылық, кішіпейілділік, тәртіп, қоғамдағы, отбасындағы зорлық-зомбылық сияқты тақырыптар қозғалды. Сонымен қатар, ерте жүктіліктің және жыныстық тиіспеушіліктің алдын алу бойынша баланың жан-жақты психологиялық дамуына жағдай жасау, оқу-тәрбиеге теріс көзқарасты жою,  құқықтық біліктіліктің жоғары болуын қамтамасыз ету,салауатты өмір салтын   насихаттау бойынша көптеген өмірде керек ақпараттар беріліп, өздерін толғандырған сұрақтарына толыққанды жауаптар алды.Құқықтық тәрбие беру әлсіздігі 7б,9б сыныптарында  байқалды.   Осыған орай құқық бұзушылықтың алдын алу кеңесі өткізіліп, оқушылардың тәртібі қарастырылып, осы оқушылармен және ата-анасымен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қараусыздық, панасыздық жағдайын анықтау мақсатында жасөспірімдердің  құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, балаларды тәрбиелеуде ата-аналардың жауапкершілігін арттыру, қауіп тобындағы балаларды (панасыз, қараусыз, нашар, сәтсіз отбасындағы балаларды), сондай-ақ, балалар еңбегінің ең нашар түрлерін пайдалану деректерін айқындау мақсатында  рейдтер жүргізілді. Рейдке мектеп әкімшілігі, педагог-психологтар, сынып жетекшілер және ата-аналар,  ауыл әкімдігі, ЮПТ инспекторы  барлығы 18 адам тартылды. Атқарылған шаралар барысында қараусыз, панасыз, қаңғыбастыққа салынған бала анықталған оқушы жоқ.  Кәмелетке толмағандар және олардың ата-аналарымен құқыққа қарсы әрекеттерді жасауға болмайтындығы, салауатты өмір салтын жүргізу, алкоголь және есірткінің зияны,  балаларды тәрбиелеу және асырауда жауапкершілікті арттыру туралы профилактикалық әңгімелер, сыныптан тыс шаралар жүргізіліп отырды.  Мектеп бойынша  «Сәтсіз жанұя»  жоқ,.«Тәуекел тобында» -5 оқушы,   мектепішілік есепке  1 оқушы алынған. Бұл оқушының үйіне рейд жүргізіліп, оқушының күнделікті сабаққа келуі бақыланып тұрды.Осы оқушының бос уақыты дұрыс ұйымдастырылған, ата-анасымен тығыз байланыс орнатылған. Бекітілген тәлімгері, сынып жетекшісі және өз тарапымнан  баланың   сабаққа қатысуы, жүріс- тұрысы қадағалауға алынған. Қазіргі таңда бұл оқушы сабақтан қалмайды. Жазғы демалысы ұйымдастырылған.

Суицидтің алдын алу бойынша «Сүйіспеншілік –таным жолы ретінде» сыныптан тыс шара, 5-6   сыныптарда «Адамгершілік», 7-8 сыныптарда  «Мінез – көңіл – күй айнасы»,  9-11 сыныптарда «Буллинг пен кибербуллингтен қорғауды қалай күшейту керек» тренингтер жүргізілді.  Оқушылар адамгершілік – адамның асыл қасиеті екендігін, адамның бойынан адамгершілік қасиеттер табылса, әрине сымбатты, парасатты көрінетінін айта келе, адамгершілік қағидалары, күш көрсету, бопсалау, заңды жауапкершілікке тартылу туралы мағлұмат алды. Ал 1-11 сыныптарда  «Бақытты балалық шақ» сынып сағаттарында сынып жетекшілер тарапынан өмірдің құндылығы мен маңыздылығы айтылса, 8-9 сыныптар арасында өткен   «Буллинг және кибербуллинг» дебатында оқушылар  тақырыпты ашып, пайдалы және  қауіпті тұстарына тоқталып, нақты пікірлерін еркін жеткізді.  8-9оқушылары арасында "Жаңа ғасыр" дебат жобасы аясында өскелең жас ұрпақтың қазақстандық патриотизмі мен азаматтығын, жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыру мақсатында 8-9 сыныптар арасында  құқықтық турнир  өтті. Турнир 3 кезеңнен тұрды: І. Командалық "Lets test".  ІІ. "Қара жәшік сиқыры" Goolle form топтық жұмыс. ІІІ. "Блиц турнир" топ басшылары сайысы Барлығы 5 команда 25 оқушы қатысты. турнир барысында қатысқан команда мүшелері өздерінің құқықтық сауаттылығын көрсетіп, кезең бойынша берілген тапсырмаларды жауапкершілікпен орындап, белсенділік танытты. Нәтижесінде, "Бас жүлдені "- 8"Б" сынып командасы, І орын -8 "В"сынып командасы, ІІ орын- 9 "А"сынып командасы, ІІІ орынға- 9"Б"сынып және 8 "А"сынып командалары жеңіп алды.   Жетекшісі Ж.С.Жұмамұрат. Діни экстремизм мен терроризмнің алдын-алу. Оқушылар арасында қазақстандық қоғамының құндылықтарын дәріптеу, терроризм мен экстремизм идеологиясына қарсы тұру шараларын жақсарту жолдарын жүзеге асыру барысында 9-11 сыныптар арасында «Толеранттық –бейбітшілікке жол», «Діни сауаттылық», «Терроризмге қарсы күрес туралы», "Отбасының берекесі имандылықтан басталады", "Діни экстремизм мен терроризмнің таралу себептері" "   «Діни сайттар туралы не білеміз?», «Хиджаб мәселесі»  деген тақырыпта  дөңгелек үстелдер дінтану пәнінің мұғалімі Н.Хабылдың ұйымдастыруымен өтті. Берілген ақпараттар бойынша оқушылар имандылықтың адамзаттың сан ғасырлық тәжірибиесінің рухани көрінісі болып табылатынын, діни экстремизм мен терроризмнің қоғамға қауіпті жағдай екенін, бейнебаян көрсетіліп, дәстүрлі емес діндердің ұйымдастырылуы мен таратылуының құқықтық экономикалық, әлеуметтік тәрбиелік және үгіт насихаттық тосқауыл қою жолдары туралы түсінгендерін айтып, ой- пікірлерін ортаға салды. Жамбыл аудандық әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің теолог маманы Бірлік Тоқаймен өткен  барысында ислам дінінің шығу тарихы, дін және жастар, қазіргі қоғамдағы дін мәселелері, діни терроризм мен экстремизм туралы әңгімеленіп,   ақпарараттар берілді.   Оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауап бере отырып, ой пікірлерін тыңдады.    Ата-аналарға  діни сайттардың қауіптілігі туралы ақпараттар беріліп, «Терроризм актінің қауіпі туындаған немесе терроризм акті жасалған жағдайдағы әрекеттер туралы» жадынама  таратылды. 

Бала қауіпсіздігі.Тәрбие ісінің орынбасары Ж.К.Батырбаева Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің «Білім беру ұйымдарына және олардың аумақтарына әкелуге тыйым салынған,пайдалану үшін шектелген бұйымдар мен заттардың тізбесін бекіту» туралы бұйрығымен таныстыру мақсатында ата-аналар, ұлдар,қыздар жиналысын өткізіп, адам өміріне зиян келтіретін заттар: суық қару, пышақ, үшкір заттар, газды тапанша, электрошокер  және денсаулығына зиян келтіретін мобильді құрылғыларды ұстау және мектепке алып келуге тыйым салу-өте дұрыс шешім екенін атап өтті.  Бала бақытының кепілі- ата-ананың өнегелі тәрбиесінде, білімді, денсаулығы мықты азамат өсіру үшін,  жан-жақты түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет екені ескерілді.  «Қауіпсіз мектеп», «Қауіпсіз мектеп автобусы», «Қауіпті интернет», «Абайлаңыз,балалар!»  1-8 сынып оқушылар арасында «Біз жолда жүру ережелерін білеміз бе?», «Жол тәртібін білейік, Аман-есен жүрейік» ,  «Көшеде жүру тәртібі», «Жол белгілерінің халықаралық тілі» және тағы да басқа тақырыптарда сынып сағаттары өткізілді. Жол қауіпсіздігін сақтау мақсатында 1-11 сыныптар арасында жиналыс өткізіліп, жол тәртібін,ережесін сақтау туралы айтылып, кеңестер берілді. Аудандық «Полицияның жас жеткіншек достары -2022» байқауына қатысқан мектеп командасы алғыс хатпен марапатталды. Әлеуметтік желідегі балалар мен жасөспірімдердің психологиясын бұзатын, келеңсіз жағдайға итермелейтін ойындар, суицидтік көңіл-күйді тікелей немесе жанама насихаттайтын сайттарға кіретін балаларды анықтау мониторингісі жасалып,эротикалық бағыттағы, қарулар, зорлық-зомбылықты насихаттайтын суреттер салынған «Come to me», «Videochat/Видеочат/Webcam/Секс Гифки» «Кажеться у меня дипрессия»,  «Интернет онлайн игры»,«Я тебя хочу» келеңсіз сайттарға   тіркелген 4 оқушы анықталды. Бұл сайттар баланың   психикасын,  психологиялық тұрғыда  өмірге деген көзқарасын өзгертіп, оның тәрбиелік деңгейіне кері әсер   беретіні, еліктегіш мінез-құлық пайда болатыны белгілі.  Жағымсыз әдеттерден арылту мақсатында  түсіндірме жұмыстар жүргізіліп, жеке кеңестер берілді. Ата- аналарына  пайдасыз дүниенің адам өмірі мен жүріс-тұрысына қаншалықты кері әсері бар екендігі, түрлі жаман әдеттерге апаратыны айтылды. Сынып жетекшісі мен ата- анасына баланың бос уақытын тиімді  ұйымдастыру жайлы кеңес беріліп, үнемі бақылау керектігі айтылды. Бүгінгі күнде оқушының  әлеуметтік желідегі іс-әрекеттері қадағалануда. Осы оқушылармен тренинг, профилактикалық жұмыс жүргізіліп,  жеке кеңестер берілді.  Ата- анасына   ескертілді. «Сенім» телефоны және жәшігі орнатылған. Сенім жәшігін ашу үшін құрылған  комиссия мүшелерімен күнделікті  ашылып, тексеріліп тұрды. Сенім телефонына келген қоңыраулар мен шағымдар тіркелмеді. Сенім жәшігіне анонимді және де басқа да хат түрлері түсіп отырды. Барлық хаттарға жауаптар берілді. Алайда  құқық бұзушылық фактісі анықталған жоқ.32 бейне бақылау жүйесі орнатылған. Бейне бақылау жүйелерінің жұмысы  дұрыс жолға қойылған. Алайда 1 бейнекамера істен шыққан. Бұл туралы аудандық білім бөліміне хабарланып, сұраныс берілді. 

Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейі.Сабаққа қатысу деңгейі. Сабаққа қатысу деңгейі. Оқушы саны  809 оқушы. 1-ауысымда – 413 оқушы, 2- ауысымда - 393 оқушы, үйде оқитын  -7 оқушы. Таңертеңгілік фильтр жүргізіліп, оқушылардың сабаққа қатысуы күнделікті тексеріліп, себепсіз қалмауы қадағаланып тұрды. Денсаулығына байланысты анықтамамен -205, бұйрықпен жарысқа барған -185, себепсіз сабақтан қалған 11 оқушы қалғаны. Осы оқушылармен жеке әңгіме жүргізіліп, ата-аналары ескертіліп,   түсініктеме алынды. Ата-аналарға балаларды себепсіз қалдырмау және бала тәрбиесіне жауапкершілікпен қарау қажетттілігі айтылды.. Сынып жетекшілерге күнделікті оқушының бірінші сабақтан соңғы сабаққа дейін қатысуына көп көңіл бөлуіне ескерту жасалынып отырды.   

         Рухани-адамгершілік тәрбиесі. 1-11 сыныптарда«Адами қарым-қатынас ізгіліктері», «Бақытты балалық шақ» тақырыптарында сынып сағаттары өтілді. Топтық жұмыстар жүргізіліп, оқушылардың ой-пікірлері тыңдалды.        Өзін-өзі тану пән мұғалімдері мен педагог-психологтар тарапынан 5-11 сынып оқушылары арасында рухани құндылықтарды дарыту, құқық бұзушылықтың ,  келеңсіз жағдайлардың алдын алу мақсатында «Жүрек жылуы» атты апталық  ұйымдастырылды.   Осы мақсатта   өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Батырбаева Ж.К. 8 сынып оқушыларымен «Сүйіспеншілік» тақырыбында  сабақ өтті.  5 құндылық туралы айтылып, бейнефильм көрсетіліп, оқушылардың ой пікірлері тыңдалды. Кері байланыс ретінде  «Сүйіспеншілік еліне саяхат» тақырыбында эссе жазды. Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі А.Ахатан тарапынан 5-7 қазақ сыныптары арасында «Мен өмірді сүйемін» тақырыбында өткізген сабағында оқушыларды топқа бөліп, бейнефильм көрсетіп, жақсы қасиеттер мен жаман қасиеттерді жазу тапсырмасы берілді. «Өміршендік ережесі», «Қандай көңіл күйдемін?» тақырыптарында жаттығулар жүргізілді. Оқушылар мен мұғалімдерге ұжымдық  кинофильм көру ұсынылды. «Еріктілер», «Алпамыс идет в школу», кинофильм көрсе, «Менің атым Қожа», «Жау жүрек мың бала», мектеп ұжымына «Писатели свободы», «Звездочки на небе» кинофильмдері көрсетіліп,   талқыланды.  Рухани құндылықтарды дәріптеу және ерте жүктіліктің, жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстардың алдын алу мақсатында 9-11 сынып қыздары, ата-аналар және жас мамандармен «Қызым, саған айтам» семинар- практикум тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.К.Батырбаеваның ұйымдастыруымен өтті. Аталған шараға Шолаққарғалы ауылдық округінің бас маманы Омарбекова Л.М., Аналар кеңесінің төрайымы Шошикбаева К.А., мектеп медбикесі Досқожаева С. қатысты. Қыздар клубының жетекшісі Жұмабек Н. бейнебаян көрсетіп, қыздарға тән мінез-құлық, адами құндылықтар туралы айтты. Аналар кеңесінің төрайымы Шошикбаева К.А. қыз бала  әдемілікке,сұлулыққа, инабаттылыққа тәрбиеленіп, болашақ ана, отбасы ұйытқысы болатынын және ерте жүкітіліктің өмірі мен денсаулығына қауіпті екені туралы әңгімеледі. Шолаққарғалы ауылдық округінің бас маманы Омарбекова Л.М   өзінің балалық шағын және ата-анасының берген тәрбиесін, айтқан ақылын еске алып, мақтанышпен әңгімелеп берді. Сонымен қатар, 9 сынып оқушылары Бердалы Ж.,Темірхан М.,Төменғали А., 10 сынып оқушылары  Сабыржан Б., Шоқан А., Тоқтарәлі Т. «Қазіргі қыздар қандай болу керек?»,  сұрағы аясында ойларын ортаға салып, «Қызға қырық үйден тыю» мақалының мағынасын ашып,пікір алмасты. 5-11 сыныптарға «Бұл өмірге келген соң» тренинг-сабақ WhatsApp желісі, 8-11 сынып сыныптар арасында семинар-тренинг  жүргізілді. Оқушылардың  ой-пікірлері тыңдалып,  өмірге деген көзқарастары жоғары,    ешқандай қысымға душар емес екені байқалды. Демек психологиялық қысым көрмейді, экономикалық жағдайлары да қалыпты.Отбасы тәрбиесі.Адам өмірінің ең қызықты да, бақытты сәті балалық кездің қызықтары туралы айту, ұлттық нақыштарын, бір-бірін құрметтеуге, отбасын сыйлауға тәрбиелеу мақсатында  5-9 сыныптарда  «Бақытты отбасында –бақытты балалар» тренингі,  бастауыш сыныптарда  «Отбасы-тәрбие көзі» сынып сағаттары өткізілді. Отбасы, достық, ойын, ойыншықтар туралы айтылып, өнермен өрнектеп көрсету, балалардың дүниетанымын, ой-өрісін дамыту бағытында жұмыстар жүргізілді. «Менің бақытты отбасым» фотоколлаж жасалды. 2-4 сынып оқушылары арасында «Менің отбасым- оқырман» әлеуметтік жобасы жоспар бойынша жүргізілді. Жобаның мақсаты: оқушылардың әдеби кітаптарды оқу және өмірде алған білімін қолдану дағдысын қалыптастыру. Жоба жұмысы келесі кезеңмен  жүргізілді:   «Менің отбасымның сүйікті кітабы!» оқыған кітаптары жайлы қысқаша әңгімелеу және кітаптан алған әсері туралы пікірі /бейнеролик түсіру /.  Оқушылардың жас  ерекшелігін ескере отырып, өздері таңдаған Б.Соқпақбаев «Құмырсқа мен көгершін», «Менің атым -Қожа», «Ер Тарғын» ертегісі, «Толағай», «Тазша бала», «Маугли», «Бала батыр», «Рикки-Тикки-Тави»,  «Алдар көсе» әдеби  шығармаларды оқыды.  Жобаға 2а сыныбынан 12 отбасы, 2б сыныбынан 8 отбасы, 2в сыныбынан 5 отбасы, 3а сыныбынан 5 отбасы қатысты. 3б сыныбынан 6 отбасы, 3в сыныбынан 5 отбасы, 4а сыныбынан 5 отбасы қатысты,  4б сыныбынан 5 отбасы қатысты, 4в сыныбынан 5 отбасы қатысты.  Отбасылар   оқыған шығармадағы кейіпкерден алған әсерін өмірмен байланыстыра отырып, кейіпкерге сипаттама берді. Тиімді жақтары:  оқыған шығарма мазмұнын аша білді,  отбасы мүшелерінің бірлесіп оқу дағдысы қалыптасқаны байқалды. Кемшіліктер: отбасының қатысу пайызы әлі де төмен, сөйлеу мәдениеті мен тілдік қоры жеткіліксіз. Осы кемшіліктерді жою мақсатында жобаның ІІІ кезеңін мектепте тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Ж.К.Батырбаева, Н.А.Алымкулованың ұйымдастыруымен өтті. Бағалау критерийлері: 1.«Менің сүйікті кейіпкерім» Оқыған шығармадағы кейіпкерлерін сипаттап, мінездеме беру (жазбаша немесе ауызша). 2. Шығармадағы кейіпкердің жағымды, жағымсыз бейнесін суреттей отырып өмірмен байланыстыру (А4 формат қағазға жарнама жасайды). 3. «Отбасылық кітапхана» буклет дайындау. Байқауға 12 отбасы қатысты. Барлық қатысушылар жақсы дайындықпен келгені байқалды. Әр қатысушы оқыған шығармаларын жарнамалап, кітап оқуға шақырды. Байқау нәтижесі төменгідей болды:  Бас жүлде – 2 «А» сыныбы Қайралаповтар отбасы,   І орын – 3 «А» сыныбы Алтынбектер отбасы,  ІІ орын – 2 «Г» сыныбы Архипенколар отбасы, 3 «А» сыныбы Бауыржандар отбасы, 3 «В» сыныбы Серікбайлар отбасы, 4 «А» сыныбы Серіктер отбасы, 4 «Б» сыныбы Делегаттар отбасы, ІІІ орын – 1 «Г» сыныбы Сабденбаевтар отбасы, 2 «Б» сыныбы Құдайбергеновтар отбасы, 3 «Б» сыныбы Болатбековтар отбасы, 3 «Г» сыныбы Жарқынбаевтар отбасы, 4 «В» сыныбы Абдрахмановтар отбасы. Нәтижесінде анықталған кемшіліктер:  ата-аналардың берілген тапсырманы дұрыс түсінбеуі, қатысу пайызының төмендігі, яғни балалардың ғана қатысуымен шектелген. Ата-анамен жұмыс.  Ата-ана комитеті сайланып, құрамы бекітілді.   Мектеішілік ата-аналар жиналысы өткізіліп, күн тәртібінде  «2021-2022 оқу жылының ұйымдастырылуы»,  «Жаңа оқу жылында оқушылар мектеп формасын киюге міндетті ме?», «Бала қауіпсіздігі- баршаға ортақ»,  «Ата-ананың балаға махаббаты» тақырыптар қарастырылды.   Мектепішілік жиналыс барысында 5 күндік оқу жүйесі,  мектеп формасы, ата-ананың міндеті, баласының ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, отбасылық құндылықтарды нығайту, кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, мектеп ортасына деструктивті діни ағымдар  енгізудің алдын алу тақырыптарында ақпараттар беріліп, бейнероликтер көрсетіліп, сауалнамалар алынып, жадынамалар таратылды. Халықаралық отбасы күнін атап өту мақсатында әр сынып ата-аналары арасында «Отбасы –мерейлі мекен» тақырыбында ата-аналар жиналыстары өткізілді. Өткізілген шарада қоғамдағы отбасының рөлі, отбасылық құндылықтарды насихаттау, отбасындағы қарым-қатынастардың беріктілігін нығайту және ұрпақтар сабақтастығын дамыту мақсатында жұмыстар жүргізілді.  Ата-аналардың ой- пікірлері «Ата-аналармен хат алмасу» әдісі арқылы тыңдалды.Сонымен қатар, мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті. Күн тәртібінде келесі сұрақтар қаралды:

  1. Жазғы мектеп-жазғы лагерь
  2. Жаңа оқу жылындағы мектеп формасы
  3. Бала қауіпсіздігі –баршаға ортақ
  4. Салауатты өмір салты және отбасы
  5. Әр түрлі мәселелер

Қарастырылған сұрақтар бойынша ата-аналарға ақпараттар беріліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді,жаднамалар таратылды. Ата-аналардың ой-пікірлері, ұсыныстары  тыңдалды. Әсіресе, мектеп формасының бірыңғай болуын бірауыздан қолдады.. Әлеуметтік желідегі бала өміріне қауіп төндіретін ойындар ойнауға тыйым салу туралы, ата-ана мен балалар арасындағы қарым-қатынасты нығайту, балалардың көңіл-күйіне көбірек назар аудару  қажет екені айтылды. Сонымен қатар, ата-аналармен құқықтық лекторийлер, қоғамдық тығдау, ата-аналар комитетінің, «Аналар кеңесінің» отырысы өткізілді. Күн тәртібінде мектептің оқу-тәрбие үрдісінің жүргізілуі, бала қауіпсіздігін қамтамасыз ету,кәмелетке толмағандар арасында тәртіп бұзушылыққа және жыныстық тиіспеушілігіне қарсы жұмыс жүргізу, бала денсаулығын қорғау, әлеуметтік желіде бала өміріне қауіп төндіретін ойындар, тәуелділіктің алдын-алу бойынша түсіндірме жұмыстар, ата-ана мен балалар арасындағы қарым-қатынасты нығайту  туралы айтылып, бала тәрбиесіне қажетті сұрақтар қарастырылып, ата-аналардың ой-пікірлері,ұсыныстары тыңдалып, ортақ шешімдер қабылданды.Ата-аналармен балалардың көңіл-күйіне көбірек назар аудару қажеттілігін арттыру, жүргізіліп,   интернетке белсенділігін бақылауға қатысты кеңестер беріліп, жадынамалар таратылды. Сондай-ақ, 1-11 сынып ата-аналары арасында “Бала отбасымен бақытты” коворкинг алаңы өтті. Аталған іс-шараға 40 ата-ана қатысты. 1-4 қазақ сыныптары С.Жүнісовтың «Аманай мен Заманай», орыс сыныптары Уильям Голдингтың" Повелитель мух", 5-7 сыныптарда Б.Момышұлының «Ұшқан ұя», 8-11 сыныптар   М.Жұмабаевтың «Шолпанның күнәсі», 5-9,11 орыс сыныптары Виктория Ледерманның  «Всего одинадцать! или Шуры-муры в пятом «Д» шығармаларын оқып, мазмұнын ашып, бала тәрбиесіне қатысты маңызды тұстарын атап өтті.   Оқыған кітаптарын жарнамалап, бірге кітап оқуға шақырды.Барлық қатысушылар жақсы дайындықпен келгені байқалды. «Руханилықтың мөлдір бұлағы» атты мектепішілік пікірсайыс турнирі 8-9 сыныптарда ұйымдастырылды.  І орын- "Фемида" фракциясы Бердалы Жайна, Карабалина Еркежан.  ІІ орын- " Карасуна" фракциясы Бердалиева Нұрай, Қуанышбай Медина.  ІІІ орын- "МерАй" фракциясы Серікхан Айым, Әбілқасым Мерей. "Үздік лидер"- Бердалы Жайна. "Үздік спикер"- Қуанышбай Медина. "Үздік ойын"- Бердалиева Нұрай марапатталды.Қамқоршылық кеңесінің жұмысы жандануда.   Азқамсыздандырған отбасынан келіп оқитын  12 оқушыға мектеп формасын, ал "Алихан" шаруашылық қожалығының төрағасы Ауесбайұлы Айдос ата-ананың қамқорынсыз қалған 1 оқушыға мектеп формасын, оқу құралдарын сыйға тартып, мүгедек баласы бар 2 отбасыға 265000 тг көлемінде ақшалай көмек, мүгедек баласы бар  5 отбасына азық-түлік, 1 отбасы баласына қыстық аяқ киім, тәттілер сыйға тартты. Ал, «Асымхан» ЖК директоры 5 отбасына азық-түлік алып берсе, ата-аналар комитетінің төрайымы 2 отбасына өз көмек қолын ұсынды. «Жақсы адам» айдарымен акция ұйымдастырылды.   Акция барысында  көпбалалы, азқамтылған және жетім, толық емес отбасыларынан және  дарынды   14 баланың Қарғалы ауылындағы «Связист» лагеріне  бір күндік демалыс сыйлады.Барлығы 37 отбасыдан 44 бала қамтылды. Жалпы көрсетілген көмек сомасы -660000 теңге. «Birge-taza Qazagstan» акциясы аясында мектеп төңірегіне  қайың ағашының 40 көшетін / жалпы сомасы: 160000 тг/ отырғызып, мектептің техникалық базасын жабдықтауға 85000 теңге көлемінде заттар алып берді.  

Қамқоршылық кеңес мүшелерінің ұйымдастыруымен      Жалпы соммасы 140000 теңге (жүз қырық мың теңге). Ұлттық тәрбие.  Қазақстан Республикасының5-қыркүйек Тіл мерекесіне орай «Үштілділік -мақсатқа апарар жол» тақырыбында өткізілген онкүндік аясында сыныптан тыс шаралар қазақ тілі, орыс тілі және шет тілі пән мұғалімдерінің ұйымдастыруымен өтті. Ақпараттық стенд безендіріліп, ең үздік жұмыстар көрмеге ілінді. «Жырдың Қара Жорғасы-Үмбетәлі Кәрібаев» конференциясы кітапханашы А.Сарманбекова және қазақ тілі және әдебиет пән бірлестігінің ұйымдастыруымен ақын мұражайында өтілді. Ақынның ұрпағымен кездесіп, өлеңдері жатқа айтылды.1-11 сыныптарда«Ұлттық теңгенің қалыптасуы», «Ұлттық валюта» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.   Тәуелсіз еліміздің ең бірінші айрықша белгісі Теңгенің шығу тарихына көз жүгіртіп,  қолдану мүмкіндігін әңгімеледі.    «Қазақ халқының ою-өрнегі» көрме көркем еңбек пәнінің мұғалімі Дербисова Л.А ұйымдастыруымен өткізілген іс-шараның оқушыларға халық даналығы салт-дәстүрлер- рухани тағылым, адамгершілік құндылық ретіндегі мәні мен мағынасы, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарын дәріптеу арқылы берілген мағлұматтардың тәрбиелік мәні зор болды. 

Ұлттық тәрбие беру аясында «Наурыз» мерекесінің мән-мағынасын балалар мен жасөспірімдерге түсіндіру, қазақ халқының салт-дәстүрін насихаттау мақсатында 22 наурыз мерекесін атап өту бойынша іс-шаралар жоспары жасалып, бекітілді. Ақпараттық тақта, мектеп ауласы безендіріліп,  барлық сыныптарда «Ұлы Наурыз-жыл басы» сынып сағаттары, ертеңгілік, "Қош келдің әз-Наурыз!" атты әдеби-сазды  бағдарлама, ұлттық ойындар,  қайырымдылық акциялары өткізілді. «Бақ дарытар құт Наурыз!» тақырыбында жас суретшілер байқауы ұйымдастырылды. Ең үздік 14 баланың жұмысы іріктеліп, мектеп қабырғасында көрмеге қойылды. Байқауға қатысқан барлық оқушылар марапатталды. Жетекшісі көркем еңбек пәнінің мұғалімі Искаков А. 1 мамыр –Қазақстан халқының бірлігі мерекесіне орай «Бейбітшілік-ел тілегі» сынып сағаттары, «Бірлігі жарасқан Қазақстан»  фестиваль, «Мен,сен,ол, бәріміз –тұтас елдің сәніміз» спорттық эстафета, «Көп ұлтты,тату елім-Қазақстан» бейнеролик, «Біз батырлар ұрпағымыз», «Я люблю этот Мир» тақырыптарында сурет байқауы ұйымдастырылып, әлеуметтік желілерге орналастырылды. Көркем сөз номинациясы бойынша «Бас жүлде» иегерлері- Әбілқасым Мерей, Қасымқұл Ф. Жетекшісі: Алибаева С.А.Халықаралық «Бойтұмар» өнерлі балалар байқауының және Республикалық «Бойтұмар.кз» балалар мен жасөспірімдерге арналған әдеби танымдық журналының ұйымдастырумен өткен байқауға қатысып, Ғылыми жоба номинациясы бойынша «1 орын» иегері 8 сынып оқушысы Көшекбай А. Жетекшісі: Жумагулова А.С.   Актерлік шебер номинациясы бойынша «Бас жүлде» иегерлері- Мағзұм З.,  Қурмангалиева Қ.,  Оспан Н.Жетекшісі Мағзұм Р.Шығарма номинациясы бойынша «Бас жүлде» иегері   Тунгушбаева А. Жетекші: Доскулова И.В. Ү.Кәрібаев мұражай ұжымымен бірлескен белгілі суретші, профессор, АлМУ -нің өнер институтының директоры Т. Қожағұловпен кездесу кеші болып өтті. Жиынға Қазақстанның белгілі суретшілері қатысты. Жиын барысында  Т. Қожағұлов өзі салған Үмбетәлінің портретінің көшірмесін, әдеби кітаптарды сыйға тартты. Көпмәдениетті және көркем эстетикалық тәрбие. 5-11 сынып оқушылары арасында мәнерлеп оқу шығармашылығын дәріптеу, эстетикалық, талғамдарын, тұлғалық сезім мәдениетін дамыту мақсатында байқау ұйымдастырылды.   Ү.Кәрібаев мұражай ұжымымен бірлескен белгілі суретші, профессор, АлМУ -нің өнер институтының директорыТ. Қожағұловпен кездесу кеші болып өтті. Жиынға Қазақстанның белгілі суретшілері қатысты. Жиын барысында  Т. Қожағұлов өзі салған Үмбетәлінің портретінің көшірмесін, әдеби кітаптарды сыйға тартты. Өткізілген кездесудің тәрбиелік маңызы зор болды.«Мектеп театры» жобасы іске қосылған. Жоба аясында  5-11 сыныптар арасында  ұйымдастырылған «Үмбетәлі оқулары-2021»  мектепішілік мүшәйраға 20 оқушы қатысып,    Бас жүлдені 8 сынып оқушысы Әбілқасым Мерей (жетекшісі Ж.С.Бұхарбаева), 1 орынды 9 сынып оқушысы Төменғали Айдана (жетекшісі С.А.Алибаева) жеңіп алып, аудандық мүшәйраға жолдама алды. 1-11 сыныптар арасында  «Жарқырап жайнай бер жаңа жыл!» тақырыбында сынып  сағаттары өткізілді. Оқушылардың жас ерекшелігі ескеріліп,  әр сыныпта жаңа жылдық костюмдер киіліп,  тақырыптық ертегі қойылымдары, өлең жолдары оқылып, ән- би өнері тамашаланды. 9-11 сыныптар арасында «Бал биі»  байқауы өткізілді. Барлығы 5 сыныптан 25 жұп қатысып, 1 орынды 11 сыныптар жеңіп алды. Сынып жетекшісі Бауыржан О.  Нағыз тәлім-тәрбие мен тағылымның ортасы- Алматы қаласындағы М.Әуезов атындағы  театрға 10 сынып оқушыларының баруы ұйымдастырылды    Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие. Бала қауіпсіздігін сақтау, қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұқыпты қарауды насихаттау мақсатында Жамбыл аудандық төтенше жағдай бөлімінің инженері Нұрдаулет А., "Жетісу жастары" ұйымының конгресі ЖҚБ өкілі Ауданбаев Даулетпен "Экология және біз" тақырыбында кездесу мектеп әкімшілігі тарапынан ұйымдастырылды. Кездесуге 9-10 сыныптардан 40 оқушы, 8 жас маман қатысты. Төтенше жағдай - адамдардың қаза табуына әкеліп соққан немесе әкеліп соғуы мүмкін, олардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргізуші объектілерге нұқсан келтірген немесе келтіруі мүмкін, халықты едәуір дәрежеде материалдық шығындарға ұшыратып, тіршілік жағдайын бұзған немесе бұзуы мүмкін авария, зілзала немесе апат салдарынан белгілі бір аумақта туындайтын жағдайлар туралы айтылып, жадынамалар таратылды. Адам мен табиғат арасындағы байланыс, экологиялық мәдениетті, салауатты өмір салтын, моральдық-экологиялық жауапкершілікті қалыптастыру мақсатында "Экология -табиғат жүрегі" экологиялық апталық жарияланып, іс-шаралар   жоспарлы түрде өткізілді. Осы мақсатта оқушыларды  қоршаған ортаны абаттандыру, еңбекке тәрбиелеу үшін «Жасыл желек» акциялары жүргізіліп, мектеп ауласына ағаштар мен гүлдер отырғызылды. Сонымен бірге 1-11 сыныптар арасында өткізілген  "Табиғаттағы мінез-құлық әліппесі", "Біз көппіз-Жер бір!", "Таза ғаламшар менен басталады" тақырыбындағы сынып сағаттарында экология, табиғатта болып жатқан барлық өзгерістердің себебін анықтау, баға беру және оның зиянды жақтарының алдын алу мәселелері бойынша оқушыларға көптеген мағлұматтар беріліп, ой- пікірлері тыңдалды. «Өңірдің экологиялық мәселелері және олардың шешу жолдары» тақырыбында  бейнебаян ұсынылды. «Таза болса адамзат-аман болар адам зат» айдарымен   "Дала өсімдіктерінің ғажайып әлемі" тақырыбында  абаттандыру жұмыстары, 6-9 сынып оқушылары арасында  "Біз планетаны сақтаймыз" айдарымен қоршаған ортаны зерттеу, табиғатты оңтайлы пайдалануға, табиғи ресурстарды қалпына келтіруге, қорғауға және молайтуға бағытталған жұмыстарды жүргізу мақсатында «ЭКОглобал» жоба жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде 10 оқушының жұмысы үздік деп анықталып, марапатталды. Кәсіби бағдар беру жұмысы. Бүгінгі таңда қоғамның басты талаптарының бірі әр азаматтың өмірде өз орнын тауып ,қоғамдағы байлықты еселей түсуге еңбек үлесін қосуы, еңбекке адал, саналы қатынасу, табиғатты қорғау   болып табыладыОсы бағытта 7-11 сынып оқушыларымен кәсіби іс-әрекеттердің тиімді стилін, коммуникативтік дағдыларын қалыптастыруда «Менің кәсіптік таңдауым», «Мұндай мамандық бар»  тақырында дөңгелек үстел  өткізілді. Оқушылардың өзінің мамандығына байланысты табандылығын, сенімділігін арттыру мен  жетістікке жету жолдарын дамыту жұмыстары жүргізілді.Қолдануға арналған ресурстар тиімді, нақты және күтілетін нәтижелерімен байланысты болды. Үдеріс барысында барлық оқушылар қамтылып, белсене қатысуына көңіл бөлінді. Жас жеткіншектерді біліммен, іскерлікпен және дағдымен қаруландыру қабілеттілігін дамыту, мамандық таңдауға көмек, кеңестер берілді. Кəсіптік бағдар беру мақсатында 9-11 сынып оқушылары арасында   кәсіби іс-әрекеттердің тиімді   стилін, коммуникативтік дағдыларын қалыптастыруда болашақ мамандықтары  туралы дүниетанымын  кеңейтуде   «Мамандықтар әлемі» жобасы аясында  Алматы мемлекеттік политехникалық колледж және Алматы мемлекеттік көлік және коммуникациялар колледжі, «Серпін» бағдарламасы аясында мамандармен пікіралмасу өтті.баланың бейімділіктерін айқындау және оқушыларға, ата-аналар мен педагогтарға кеңес беру бойынша жұмыстары  жүйелі түрде жүргізілді. 9-11 сынып оқушыларымен кәсіби іс-әрекеттердің тиімді   стилін, коммуникативтік дағдыларын қалыптастыруда «Мамандығым-мақтанышым» тақырыбында дөңгелек үстел  өткізілді. Оқушылардың өзінің мамандығына байланысты табандылығын, сенімділігін арттыру мен  жетістікке жету жолдарын дамыту жұмыстары жүргізілді. Жас жеткіншектерді біліммен, іскерлікпен және дағдымен қаруландыру қабілеттілігін дамыту, мамандық таңдауға көмек беру мақсатында жоғары оқу орындары мен колледждерге онлайн саяхат ұйымдастырылды. Көкшетау  техникалық институтына қарайтын  кәсіптік колледжнен    ақпараттандырушы мамандар келіп,  кездесу өткізді.      Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі. «Біз 5-сыныпқа барамыз!» 5 сыныптар арасында  тренинг-сабақтар өткізілді. «Біз жемқорлыққа қарсымыз», «Киберқауіпсіздік»,   «Қарттарым, асыл қазынам» тақырыптарында сынып сағаттары өтті соның ішінде  «Тіл тірегіміз-соғып тұрған жүрегіміз», атты тақырыбында конференциясы арқылы пән мұғалімдерін кіріктіріп сынып сағаты өткізілді. Ондағы мақсат: жаңадан орта буынға аяқ басып отырған 5а сынып оқушыларын пән мұғалімдерімен таныстыру, оқушылардың  пән мұғалімдерімен қарым-қатынастары, біріңғай талаптардың орындалуы бақылау. Оқушылардың пән мұғалімдерімен  өздерін ұстау мәдениеті,пән мұғалімдерімен қарым-қатынастары қалыптасқан. 8-10 сыныпта «Әлеуметтік желіні тиімді пайдалана білейік»  дөңгелек үстел өтті. Әлеуметтік желінің зиянды жақтарын ажырата білу  және оны тиімді пайдаланудың жолдарын көрсетіліп, сандық сауаттылығын арттыру, желілерді сапалы пайдалану қажеттілігі  туралы  айтылды.  Оқушылар өз тарапынан әлеуметтік желі туралы дайындаған арнайы «бейне репортаждарын» көрсетіп, ойларымен бөлісті. Пайдасы: уақытты тиімді пайдаланып ғаламтор желілерінен түрлі мәліметтер алуға болады,   зиянды жақтары:  бала денсаулығына, психологиясына кері әсері, уақытпен санаспай ұялы телефонға тәуелді болуы. Қатысқан оқушыларға өткізілген шараның алдағы уақытта  дұрыс   ықпал ететіні айқын.  Мектеп парламенті мүшелерінің «Менің ғылымдағы алғашқы қадамым» тақырыбында челленджі әлеуметтік желіден көрініс тапты. Сонымен қатар, 1-11 сыныптарда бірегейлік сынып сағаттары өтті. Сынып сағаттары мазмұнды, тақырыпқа сай, инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы жүргізілді. Оқушылармен топтық, жұптық,жоба,эссе жұмыстары жүргізіліп, үздік жұмыстар көрмеге жинақталды. Жоба жұмыстары.  «Жаңа ғасыр»   дебат жобасы іске қосылған.Оқушыларды кез-келген тақырыпта жан-жақты пікір айта алуға тәрбиелеу; қоғамда орын алатын әртүрлі жағдаяттар кезінде өздік пікір қалыптастыра алуға баулу; оқушылардың тіл байлығын дамыта отырып, шешендік өнерді үйрету мақсатында   «Жастарда патриоттық рух бар ма?»   І.Есенберлин «Көшпенділер» шығармасын оқи отыра, Тәуелсіздіктің 30 жылдығына және Тұңғыш Президент күніне орай "Ел сенімі-жалынды жастар!" атты мектепішілік директор кубогіне арналған пікірсайыс турнирі ұйымдастырылып өтті. Турнирдің 1/4 ойындарына 8 фракция жолдама алып, ойын  соңында марапатталды. І орын-Бердалы Жайна, ІІ орын-Бердалиева Нұрай, ІІІ орын- Қуанышбай Медина, "Үздік спикер"- Абилқасым Мерей, "Үздік ойын"- Шоқан Ақерке иеленді."2022 жыл-Балалар жылы" аясында балалардың шығармашылық қиялы мен қабілеттерін дамыту, шығармашылық, ізденгіштік, дара ерекшеліктеріне қолдау көрсету мақсатында "Өнерлі өрендер" айдарымен мектеп оқушылары Төменғали Айдана, Әділет, Ернардың жұмыстары үздік деп танылып, сурет көрмесі ұйымдастырылды. Жетекшісі: көркем еңбек пәнінің мұғалімі Искаков Ә. «Қоғамға қызмет»әлеуметтік волонтерлік жобасын іске асыру барысында«Волонтерлік-халықтың шынайы болмысы» волонтерлік қызметтің рөлін арттыруға және дамытуға бағытталған бастауыш және орта буын оқушыларымен оқыту іс-шараларын  өткізді.Ж. Жабаевтың туғанына 175 жыл толуына орай «Жүз жырлаған жүрек» атты аудандық АПФ форматында өткен дебатқа "Жаңа ғасыр " мектеп командасы қатысып, "Үздік кейс" номинациясы бойынша марапатталды. 

«Шоқан» ИПК-ның ұйымдастыруымен өткен  «Ел жүрегі-жалынды жастар, SHOKAN CUP II» атты ашық аймақтық пікірсайыс турнирінде үздік ойын көрсеткені үшін 9 сынып оқушылары Бердалы Жайна мен Төменғали Айдана алғыс хатпен марапатталды. Қазақстандық қоғамның дамуындағы балалар мен жастардың рөлі» тақырыбында өткен аудандық Мектеп парламентінің слетіне мектеп ұйымының мүшелері қатысып, 9 сынып оқушысы Бердалы Жайна «Үздік спикер-2022» номинациясымен марапатталды. Жетекшілері Н.Жұмабек, Ж.Жұмамұрат. «Табысты мектеп тиімді тәжірибе» тақырыбында облыс көлемінде форум өтіп, «Құқықтық сана- қоғамға пана», «Менің отбасым-оқырман», «Мектеп театры», «Жаңа  ғасыр»дебат, «Қоғамға қызмет» волонтерлік жобалардың жылдық қорытындысымен таныстырылып, атқарылған жұмыстарға қатысушылар QR-код мобильді құрылғы арқылы өз ойларын, ұсыныс және тілектерін білдірді. «Жас ұлан»  өзін-өзі басқару ұйымының мүшелері  әр апта сайын «Umbetali news» каналы арқылы  мектеп жаңалықтарымен бөлісіп отырды. 

«Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты аясында жоспар бойынша 10 қыркүйекте  5-10 сынып оқушылары арасында «Денсаулық фестивалі» өткізілді. Барлығы: 285 оқушы, қатысқаны 240, денсаулығына байланысты 45 оқушы қатыспады. 

Жарыстың нәтижесі:   5-6 сыныптар - 60метр

Ұлдар:

Қыздар:

I орын – Балтабай Али

I орын – Рахымжан Ақниет

IІ орын – Нұрболұлы Мұстафа

IІ орын –Есенғали Аружан

IІІорын – Жартаспек Ерасыл

IІІорын – Уәли Амина

7-8 сыныптар

Ұлдар: 100 метр

Қыздар: 100 метр

I орын –Даулетов Бағашар

I орын – Бекболатқызы Айсамал

IІ орын – Сағымбек Айсұлтан

IІ орын –Жансерік Камила

IІІорын – Изтурганов Айтбай

IІІорын – Аширалиева Нұрай

9-10сыныптар 

Ұлдар: 2000 метр

Қыздар: 1000 метр

I орын – Өмірзақұлы Елмұрат

I орын – Сұлтанова Алина

II орын- Ермекұлы Айдын

IІ орын –Болат Айша

IІІорын – Абдрахманов Бекзат

IІІорын – Зеинехан Айман

Сонымен қатар, футбол, волейбол, баскетбол, дзюдодан жарыстар өтті.  Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Үмбетәлі Кәрібевты еске алуға арналған   республикалық турнирге мектептен 20 оқушы қатысып, 12 оқушы жүлделі орынға ие болды.  Олар: Нұрболұлы М, Теңізбай Д- 1 орын, Алисұлтанов  Эмир, Дәуренқызы А, Алдаберген Ж- 2 орын, Рахат А, Ануар И, Папаладзе А, Тау Н, Мұхтар А, Жақсылық А, Тасқынбай Ә-3 орынды жеңіп алды.  Ал , Семей қаласында дзюдодан өткен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған Республикалық турнирге қатысқан мектеп оқушылары Рахат Арман 1 орын, Мейрамбекұлы Ақжол 2 орын ,Теңізбаев Даулет 2 орын, Баймұратов Арслан 3 орын жеңіп алды. Жетекшісі Толеубеков Ө.Бірыңғай тақырыптық сынып сағаттары өтілді. Сынып сағатында сынып жетекшілер бейнебаян, презентациялар арқылы вирустық инфекциядан қалай сақтану керек және вирустың алдын алу  бойынша толық ақпарат берді.   "2022 жыл -Балалар жылы" аясында оқушылардың бос уақытын тиімді өткізу, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында 5-6 сыныптар арасында дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен қысқы ойындардан жарыс өтті. Қауіпсіздік және ойын ережесі сақталды. Әрбір қатысушы бала жүзінде жеңіске жету сенімділігі байқалды.  7-8 сыныптарда «Қалқан» әскери-спорттық ойыны, Асық ату ойынынан аймақтық турнир өтті. Нәтижесінде мектеп оқушылары І орынды жеңіп алып, аудандық турнирге жолдама алды. Жетекшісі: Қалиев Н.Ж Волейбол ойынынан 7-8 сыныптар арасында Мыңбаев ауылында өткен жарысқа қатысып, І орынды ұлдар командасы жеңіп, аудандық турнирге жолдама алып, 8 орынға ие болды. «Салауатты өмір –денсаулықтың кепілі» ұранымен 9-11 сыныптар арасында шағын футболдан турнир, «Мен,сен,ол,бәріміз –тұтас елдің сәніміз» спорттық эстафета өтті. Ұйымдастырушы мұғалімдер мен мектеп медбикесі тарапынан балаларға қауіпсіздік ережелері туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Жарыс өз мәресіне жетіп, жеңіс тұғырына 3 «А» және 3 «Г» сынып оқушылары көтерілді. Сынып жетекшілері А.Б.Талханбаева, Ж.С.Қоянбаева. 9-11 сынып оқушылары мен мұғалімдер арасында баскетболдан өткен жарыста І орынды мұғалімдер командасы, ІІ орынды 11 сынып, ІІІ орынды 9 б сынып оқушылары жеңіп алды. Жеңімпаздар дипломмен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.  Жетекшілері: Батталов Б.А, Битикбаев Т., Қалиев Н.Ж, Шошикбаев С.С. Манабаев А.Б. Төлеубеков Ө.  

Үйірме жұмысы  27 бағытта   жүргізілді. Қосымша 12  үйірме /оның ішінде спорттық 8 үйірме/, 100 пайыз оқушылар үйірме жұмысына қамтылған. 



Республикалық

Облыстық турнир 

Аудандық 

Аймақтық 

Мектепішілік  бала саны 

Бала саны 

1

Бокс 

1

1



2

30

2

Баскетбол 





2

20

3

Волейбол





2

25

4

Баскетбол





2

20

5

Жеңіл атлетика





2

45

6

Дзюдо

 2 

 3 



 2 

 40 

7

Футбол 





2

50

8

 "Дұдыға" домбыра 

 2 





 15 

9

 "Аққу" би 

3





155

10

 Вокал 





20 

11

 Өлкетану 

2





5

12

 Поэзия және проза 

1


1



6

13

 Актерлік шеберлік 

1





3

14

 Шешендік өнер 

1





2

15

Тоғызқұмалақ 



1



3

16

 Художеств чтение 

1





3

17

 Мәнерлеп оқу 

1





2

18

 Графика сурет 

3




5

28

Жыл бойы үйірме жұмыстары өз деңгейінде жүргізіліп, республикалық, облыс көлемдерде жетістіктерге жетті.  

Сынып жетекшілер жұмысы Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің №472 бұйрығын басшылыққа ала отырып, жүргізілді. Сынып жетекшілерді ғылыми ақпараттық қамтамасмыз ету мақсатында 5 әдістемелік отырыс,5 семинар өткізілді. Қарастырылған сұрақтар:  «2021-2022 оқу жылының мектептегі тәрбие жұмысын жоспарлауға қойылатын негізгі талаптар» әдістемелік-нұсқаулық, № 472 өзгерістер енгізілген бұйрық және жоспармен таныстыру, жас сынып жетекшілерге тәлімгер тағайындау, кәсіби біліктілікті жетілдіру курстарының кестесімен таныстыру, сынып сағаты,  оған қойылатын талаптар, журналға толтыру барысы , жоспар жасау үлгілері, , мектептің құжаттарымен: ішкі тәртіп ережесі, еңбек тәртібі мен лауазымдық міндеттері; сынып жетекші міндеті. «Оқушылардың тәрбиелік деңгейін анықтау диагностикасы және оны қолдану жолдары»,  «Мен осылай жасаймын»  идеялар жәрмеңкесі. Сынып жетекшілер Қоянбаева Ж.С., Бухарбаева Ж.С., Садыркулова С.Б.Нұргазиева Қ.Е, Агатан А, Бауыржан О. шығармашылық есептері тыңдалды. өз іс-тәжірибесімен бөлісіп,  тәрбиенің жаңа әдіс-тәсілдерін, АКТ мүмкіндігін пайдалануды көрсете білді. Сонымен қатар, тәрбие ісінің орынбасары Алымкулова Н.А. «Білім мен тәрбие беру арқылы оқушы бойына ұлттық құндылықтар жүйесін қалыптастыру» дөңгелек үстел ұйымдастырды. Іс-шара барысында сынып жетекшілер топтық жұмыстар жүргізіп, ойларын еркін жеткізіп, алған ақпараттарын болашақта қолданатындары туралы атап кетті. Сынып сағатының қысқа мерзімді жоспарының жазылуы, қолданылған әдіс-тәсілдер, сынып сағатының жүргізілуі бақыланды. Бақылау барысында сынып жетекшілердің басым бөлігі сынып сағаттарында, сыныптан тыс шараларда  тәрбие технологияларының жаңа әдіс-тәсілдерін қолдану,  балалар мен жастардың интернетке тәуелділігін анықтайтын, онымен күресу және алдын алу шаралары,  жағдаяттарды шешу   жолдары бойынша атқарылатын жұмыстар,  «Kundelik.kz» «Ustaz.kz», «bilimsiti.kz», «https://www.tarbie.kz», «Bilimland.kz» платформаларын қолданатыны байқалды. Сыныптардың тәрбиелік деңгейі сараланды. Нәтижесінде жоғарғы көрсеткіш көрсеткен сыныптар: 8в,9а,жетекшілері Нургазиева Г.Е.,Алишева Ш.  Ең төмен дәреже көрсеткен сыныптар 10б, 9б, 7б  жетекшілер: Ауелбек М., Қосжанова Г.Ш., Оразалиева А. Себебі, бұл сыныптарда құқықбұзушылық фактісі орын алып, сабақтан себепсіз қалған, мектепішілік есепке тіркелген оқушылар анықталды. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету, балалардың өзін -өзі басқаруын дамыту, бала өмірі мен қауіпсіздігін басты назарда ұстау -әр сынып жетекшінің басты міндеті екенін айтылды. 

 Сынып жетекшілердің жұмысын саралау бойынша төмендегідей кемшіліктер 7 сынып жетекшісі А.Оразалиевада анықталды: қыздар,ұлдар жұмысының әлсіздігі, ата-ана жиналысының хаттамасы  жинақталмаған.    

«Жас Ұлан» өзін –өзі басқару ұйымы өскелең жас ұрпақтың  бойында патриоттық , білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік,Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру мақсатында 7 бағыт бойынша жұмыс атқарды. Ұйымның жылдық   жоспары, ережесі жасалынып, оқушылар отырысында талқыланып, мектеп директорымен бекітілген. Мектеп көшбасшылары анықталып, ұйымда атқаратын  қоғамдық жұмыстары белгіленген. Ұйымның 5 отырыс өткізіліп, 4 отырыс өткізілмеген.Отан бағыты. «ЖасҰлан»  - 5-10 сыныптар - 404  оқушы, «Жас қыран» -1-4 сыныптар-  365  оқушы. 1-желтоқсан Қазақстан Республикасының президенті күніне орай  1сыныптарды «Жас  қыран» жастар  ұйымына және   5 сыныптарды  «Жас  ұлан» жастар ұйымына  қабылдау рәсімі  салтанатты түрде өткізілді. «Жас Ұлан» гимні орындалып , «Жас  Ұлан» ұйымының туы енгізіліп,Ант қабылданды. Атамекен бағыты. 9-11 сыныптар арасында «ХХІ ғасыр жастары» тақырыбында КТК/КВН өтті. Нәтижесінде бас жүлдені -11 а сыныбы, 1-орын 10 а сыныбы, 2-орынды - 9 а, 9 б, сыныптары, 3-орын-9в сыныптары жеңіп алды. Алайда қатысушылар  тақырыпты толық аша алмады. Сынып жетекшілеріне әлі де оқушылармен тақырыпқа сай ізденіс жұмыстарын жүргізу ұсынылды. Салауат бағыты. «Денсаулық  фестивалі -2021»  фестивалі ұйымдастырылып, өткізілді. Сыныптар бойынша жеңімпаз оқушылар анықталып, «Ең үздік желаяқ» , «Үздік ойыншы» номинациясы бойынша марапатталды.Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30жылдығына арналған Республикалық турнирге қатысқан мектеп оқушылары Рахат Арман 1орын, Мейрамбекұлы Ақжол 2орын, Теңізбаев Дәулет 2орын, Баймұратов Арслан 3орынды жеңіп алды. Еңбек бағыты.  Тілдер   мерекесіне  байланысты  оқушылармен, ұстаздармен бірлескен жұмыстар  жасалған. Барлық  сыныптар   арасында  «Тіл және Тәуелсіздік», Тұңғыш Президент күніне орай «Елін сүйген-Елбасы» атты әдеби-музыкалық кеш, Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Біз бақытты баламыз»,  «Тәуелсіздік деп соғады жүрегім» атты мерекелік іс-шара өтілді.Әдеби-сазды бағдарлама, сахналық қойылым көрсетілді.Тарихи оқиғалар,естеліктер айтылды.ны бір сәт көрермендердің көз алдына елестеткендей болды. 9-11 сыныптарда  вальс билеуден байқау өткізілді. Әр сыныптан 5-6 жұптан қатысты. 1-орынды 11 «А»сыныбы, 2-орынды 10 «А», 9 «А» сыныптары , ал 3-орынды 9 «Б», 9 «В»,  сыныптары  жеңіп алды. Осы аталған сыныптар «Жас Ұлан» ұйымының мақтау қағаздарымен марапатталды. Зерде бағыты.Бала би шешендік өнер сайысында 9 «А» сыныбы I орынға ие болды. Жамбыл ауданында өткен «Жамбыл жырларының жалғасы» атты жас ақындар мүшәйрасына 9«Б» сынып оқушысы Төменғали Айдана қатысып, 3 дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі: қазақ тілі пәні мұғалімі Алибаева С.А 8 наурыз- Аналар күніне 9сыныптардың ұйымдастырумен   «Анамызға мың алғыс» мерекелік бағдарлама  өтті. Мерекеде  мектеп мұғалімдеріне, ата-аналарына  қызықты әрі тартымды мерекелік концерт қойылып, гүл шоқтарымен  құттықтады. Экоәлем бағыты. «Алтын күз» байқауы бастауыш сыныптар  арасында онлайн түрде өткізілді. Нәтижесі инстаграмм желісі арқылы бейнероликтері салынып, лүпіл саны арқылы анықталды. Байқаудың қорытындысы бойынша бас жүлдені 2 «Б» сыныбы, 1-орынды 4 «А» сыныбы, 2-орынды 3 «Б» сыныбы, 3-орынды 2 «А» сыныбы иеленді. «Ең үздік экибана» «Көрермен көзайымы» атты номинациялармен  марапатталды.   «Жас Ұлан» ББЖҰ-ның оқушылар үйінің ұйымдастырумен «Қазіргі Қазақстандық қоғамның дамуындағы балалар мен жастардың рөлі» тақырыбында Мектеп парламентінің слеті өтті. Слеттің мақсаты: Азаматтық қоғамды дамытуда қоғамдық қоғамдық өзін-өзі басқару органдарын-мектеп парламенттерін дамыту және нығайту, қарым-қатынас жасау және тәжірибе алмасу үшін алаң құру. Білім беру ұйымының қоғамдық өзін-өзі басқару органдарының қалыптасуына қосқан үлесі үшін мектеп президенттері, фракциялар, көшбасшылар, Ұланбасы, «Оқуға құштар мектеп» жобаларын іске асыру аясында  оқушылар марапатталды. 9 сынып оқушысы Бердалы Жайна «Үздік спикер-2022» номинациясымен марапатталды. Жеті жарғы бағыты. «Жас ұлан» өзін-өзі басқару ұйымының жұмысы әр апта сайын «Umbetali news» мектеп жаңалықтарымен бөлісіп отырды. Күнде  таңертең   оқушылардың  сабаққа катысуын, формасын, тазалығын  өзін-өзі басқару ұйымының мүшелері тарапынан қадағаланды. 

Психологиялық қызметжоспар бойынша жүргізілді. 5-11 сыныптар арасында   социометриялық әдістемесі бойынша арнайы   сауалнамалар алынып , балалардың ұжымдағы өзара қарым-қатынасы анықталды. Алынған мәліметтерге сүйене отыра, оқушыларды топқа бейімдеу мақсатында, топ ішінде психологиялық қолайлы жағдай орнатуға байланысты шеттелген және оқшау қалған оқушыларды   топқа қосуға байланысты    «Мен және орта» атты ситуациялық видеоролик көрсетіліп, оқушылар арасында талқыланды. Оқшау қалған оқушылармен жеке әңгімелер  жүргізілді. 

 

Нәтижесінде  топта оқушылардың моральдық тұрғыдан көңіл-күйлері біршама жақсара түсті, олар бірлескен жұмыстар арқылы бір-бірімен ой бөлісе отыра, видеороликтерді талдап, жылы қарым-қатынасты адамның өміріне, оның рухани жан дүниесіне әсері зор екендігін айтып өзара байланысқа түсе білді. Оқушылардың коммуникативтілік  деңгейі біршама артты. Бірінші  сыныпқа   келетін  оқушылармен  Керн - Йерасек әдістемелік  тесті   бойынша  зерттеулер  жүргізілді. Зерттеуге  90 оқушы   қатысты. Зерттеу  барысында балалардың  ойлау  қабілеттері (логикалық,абстракті  және   вербальді) ойлау  деңгейі,  зейіні   қарапайым  таным белсенділігі, суреттік субъектері,  жазба  әріптерге   еліктеп  көшіре  білуі,   тілінің  дамуы,  уақытты   және  кеңістікті  бағдарлауы,   түстерді  ажырата  білуі   т.б.  психологиялық ерекшеліктері  толық  зерттелді.   Зерттеу  нәтижесі:  90 баланың оқуға психологиялық дайындығының көрсеткіші: 40 %–ы жоғары деңгейде,60%-ы орта деңгей көрсетті. 5 сынып    оқушыларымен  орта  буынға   бейімделуі мен сабақтастыққа  байланысты  зерттеу   жүргізілді. Мақсаты:орта   буынға  тез  бейімделу деңгейін  анықтау.   99 оқушының  зерттеу  нәтижесі   бойынша 65 % бейімделуі   орташадан  жоғары, қалған  35%   орташа  деңгейде  екені анықталды . Жалпы  бейімделу   жақсы  өтті, қатты  қиналған   оқушылар байқалмайды.

 

Суицидтік мінез - құлықтың алдын – алу бойынша 5-11 сынып оқушыларының оқушы мен оқушы, оқушы мен мұғалім, оқушы мен ата-ана арасындағы отбасы - тұрмыстық зорлық-зомбылық, күш көрсетудің ( ақша жинау, тонау, ұрып-соғу, ар-намысын қорлау т.б.) алдын алу мақсатында арнайы, (жасырын) сауалнамалар жүргізілді.  Сауалнамалар нәтижесін салыстырмалы түрде қарастыратын болсақ,    сауалнамаға қатысқан  360 оқушының 345-нің сауалнама кілті бойынша көңіл-күйі   тұрақты екені анықталды, төмен деңгейді көрсетіп яғни мектепте, отбасында зорлық-зомбылықтың мүлде болмайтынын, қалыпты жағдайдың қалыптасқанын,оқушының өзін – өзі бағалауы бірқалыпты екенін және қарым-қатынасында еш қиындықтардың жоқ екенін білдірген. Қалған 15 оқушының күйзелістік жағдайға деген бейімділіктері ,орташа деңгейді көрсетіп, мұғалім мен оқушы, оқушы мен ата-ана және жасөспірімдер арасында, қарым-қатынас кезінде біршама қиындықтардың қобалжу, қорқыныш, өзін-өзі кінәлау сезімдерінің байқалатынын көрсеткен. 5-11 сыныптар арасында «Зунг депрессия шкаласы» сауалнама, 7-11 сынып оқушыларынан суицидке бейімділікті зерттеуге арналған сауалнама алынып, қорытындысы шығарылды.

«Зунг» сауалнамасы қорытындысы бойынша 26 оқушы жеңіл депрессиялық күйде жүргендері анықталды. "Суицидке бейімділікті зерттеуге арналған сауалнама» қорытындысы бойынша 7 оқушының бойында жеңіл деңгейде ауытқушылық бар екені белгілі болды.Сол себепті бұл оқушылардың  бойындағы мазасыздық сияқты күйден арылу мақсатында психолог тарапынан үнемі қолдау көрсетіліп, әр оқушымен әңгіме   жүргізілуде. Оқушының ата-анасымен, отбасындағы мүшелері арасындағы қарым – қатынас ерекшелігін бақылауда қосымша аяқталмаған сөйлем әдістемелері пайдаланылып, арақатынастары бақыланып отырылды. Қазіргі кезде оқушылардың мнездері, көңіл-күйлері, отбасындағы қарым-қатынас ахуалы тұрақты. Осы оқушылардың мектепішілік жағдайға   байланысты  көзқарастары да жақсы, үнемі сынып жетекшілер тарапынан назарға алынып, үнемі бақылануда. Әлеуметтік педагог және сынып жетекшімен бірлескен рейдтер   ұйымдастырылып, тұрмыстық жағдайы бақыланады. «Мен  өмірді   сүйемін»  тақырыбында  шығарма жұмысына барлығы 248 оқушы қатысты. Оқушылардың 248-і  өмірге  деген   құштарлығы, сүйіспеншілігі   және  айналасындағы   қарым- қатынасы  бірқалыпты   екенін  білдірген. Оқушылардың  өмір  сүруге   құштарлығы,  өмірдің құндылық  деп   тануы  жоғары  бағаланып,   сонымен  бірге  өз   мақсаттарын  айқындап  көрсеткен   және  бойларындағы    патриоттық   сезімдерінің   бар  екендігін, өмірді  сүйетінін,   бағалайтынын  жасырмаған. Шығармаға  қатысқан  248   оқушының 100%  өмір  сүруге   деген  құштарлығы  жоғары   екені, ең  басты  құндылық   өз  өмірі  екенін    жақсы  білетіні анықталды.Сапа көрсеткіші бойынша 2020-2021 оқу жылында төмен деңгейде 95% , орташа деңгейде  5%, жоғары деңгей 0 %  құраған болса , 2021-2022 оқу жылында  төмен деңгейде 97 %, орташа деңгейде 3%, жоғары деңгей 0% құраған болса. Өткен жылғы көрсеткішке қарағанда төмен деңгейдегі оқушылар саны 2% артты , орташа деңгейдегі оқушылар саны 2 % азайған.

Жоспарға сәйкес  « тәуекел топтағы» «мектепішілік есепте» оқушылардың депрассияға, суицидке бейімділік, қобалжу деңгейін анықтау мақсатында сәуір айында: «Зунг депрессия шкаласы», «Суицидтік қауіп картасы» сауалнамалары алынды Сауалнамалардың  қорытындысы   бойынша «тәуекел тобындағы» 3 адамның бойында депрессия бар екені анықталды. Олар: Рахимбекқызы Мадина- «Зунг» сауалнама қорытындысы бойынша бойында депрессияның бар;

Сельтеев Рахим- Суицидке бейімділікті зерттеуге арналған сауалнама бойынша депрессияға ұшыраған;

Бақберген Асем- «Зунг» сауалнама қорытындысы бойынша бойында депрессияға ұшыраған;                                                                                                                                               Сол себепті бұл аталған   оқушылармен жеке кеңестер жүргізіліп, депрессиядан арылу, өмірге құлшынысын арттыру мақсатында психолог тарапынан және сынып жетекші тарапынан үнемі қолдау көрсетіліп, бақылауға алынды. Оқушылардың өзіне деген сенімділігімен, мотивациясын көтеру, өз мақсатын нақты айқындау мақсатында  «Күйзеліске жол жоқ» тақырыбында профилактикалық сабақ, «Жасөспірім және депрессия» тақырыбында лекция, «Біз біргеміз», «Жақсы көңіл күй жан азығы» тақырыбында сыныптармен тренинг-жаттығулар өткізіліп, әр түрлі кеңестермен, ұзақтығы 10-15 мин құрайтын жеке консультациялар жүргізілді, « Арманға жету үшін сен бүгін нестедің?», «Бұл әлемде мүмкін емес нәрсе жоқ» атты бейнероликтер көрсетіліп, сынып ішінде талқыланды. Қазіргі таңда «тәуекел топ» «мектепішілік есептегі» оқушыларымыздың психологиялық жай күйі жақсарған. Олардың көңіл-күйлері психолог тарапынан үнемі бақылануда. «Тәуекел топ» «мектепішілік есептегі» оқушылардың өзін-өзі бағалау деңгейін анықтау мақсатында сауалнама алынып, қорытындысы шығарылды. Бағалаудың жоғарғы деңгейінде  Соимбай Сабит: өзіне -өзі сенімді, басқалардың ескертуін, сынын дұрыс қабылдайды, өз іс- әрекетіне күмәнсіз.Бағалаудың орташа деңгейінде Сельтеев Р, Рахимбекқызы М, Ерғали А, Марат А, Рашид С.: өзіне деген сенімсіздік сирек болады, басқа біреудің ұстанымына жиі бой ұруға тырысады.Өзін-өзі төмен бағалайтын Бақберген Асем: әрқашан басқалардың пікірімен санасуға тырысады ,өзіне айтылған сын – ескерітпені жанына жақын қабылдайды. Бұл оқушылардың  үнемі өздеріне көңілі толмайды. Ол өзінің ой өрісіне, қабілетіне, жетістіктеріне, сырт қабілетіне, жынысына күдік және қанағаттанбаушылық қажытады. Сынып жетекшілерге: әр оқушыға деген қарым-қатынасыңыз бірдей болсын. Әр баланың бойындағы ерекше қасиет пен қабілетті тани біліңіз. Сынып ішіндегі өзара қарым-қатынасты жақсарту мақсатында әрбір оқушының жағдайына, әсіресе өгей әке-шешемен, тәуекел топ, ерекше назардағы оқушыларды мадақтап, оларға сеніп артып, мектепшілік іс-шараларға қатыстырып, оқушының өз-өзіне деген сенімін күшейтіңіз. Қандайда жағдай болмасын, қолдау көрсетіп, оқушылармен жұмыс жүргізу. Үнемі оқушылардың ата-аналарымен тығыз байланыста болыңыз. Ата-аналарға: Балаларыңыз қайталанбас дара тұлға, оны сол қалпында қабылдап, жақсы көріңіз. Үнемі балаларыңызға оны жақсы көретіндеріңізді және ол сіз үшін өміріңіздегі ең маңызды адам екенін айтып, қолдау көрсетіп отырыңыз деген ұсыныстар берілді.

11 сынып оқушыларының ҰБТ- ға,  қорытынды аттестаттауға  дайындығы туралы, жүргізілген психологиялық зерттеулер қорытындысы. «Социометрия» сауалнамасы алынып қорытындысы шығарылды. Мақсаты: Балалар ұжымындағы өзара қарым-қатынасты анықтау, алынған мәліметтерді оқу тәрбие жұмыстарында қолдану, топ ішінде психологиялық қолайлы жағдай орнату.

Қорытынды: 11а «Топ басшы» - Берік Мөлдір , Аманжолұлы Әділжан. «Оқшау қалған» Жолдасбай Алишер.  11б сынып оқушылар арасында   «Топ басшы» - Бердалы Аяулым. Оқшау қалған: оқушы жоқ.  11в сынып оқушылары арасында «Топ басшы»- Тулакбаев Алишер. Оқшау қалған оқушы жоқ. 11сыныптардың қарым-қатынас деңгейі қалыптасқан. 11а,б    сынып   оқушыларына  көңіл бөлініп, Жолдасбай Алишерді топқа қосу мақсатында  «Достық » жаттығуы жүргізілді. Оқушылар өздерін бір үйдегі тұратын туыс-тумалары сияқты қабылдап, сол бір үйде ынтымақпен тұруға байланысты ұстанатын  ережелерін   айтып, топ арасында талдады. Әрине мұнда   әр оқушының ой-пікірі достықтан алшақтау болған жағдайда психолог түзетулер енгізіп, топқа қарай бағытталып жұмыстар жүргізілді. Оқушылардың қорқыныш сезімін анықтау  мақсатында зерттеуге 24 оқушы қатысты жүргізілген жұмыстардың қорытындысы бойынша 3 оқушының қорқыныш сезімі бар екені анықталды. Қалған 21 оқушының қорқыныш сезімі төмен екені анықталды.Осы бағытта оқушылардың  моральдік - психикалық көңіл-күйлерін, рухани  күшінің жоғарылауына , белсенділігін арттыруына байланысты кеңестер берілді.  Кеңес барысында оқушының  сенімділігін   арттыруда, оның  қолынан келетін басқа да қабілеттерін  қарастырып, оның қайталанбас тұлға екендігін сезіндіру.11 «а» сыныпта 13 оқушы, 11 «б» 9 оқушы, 11 «в» 3 оқушы.Бағалаудың жоғарғы деңгейінде  1 оқушы өзіне- өзі сенімді, басқалардың ескертуін, сынын дұрыс қабылдайды, өз іс- әрекетіне күмәнсіз.Бағалаудың орташа деңгейінде 11 «а»-10 оқушы, 11 «б»- 8оқушы, 11 «в»- 3 оқушы өзіне деген сенімсіздік сирек болады, басқа біреудің ұстанымына жиі бой ұруға тырысады.Өз-өзін төмен бағалайтын 11 «а» -2 оқушы, 11 «б»- 1 оқушы әрқашан басқалардың пікірімен санасуға тырысады ,өзіне айтылған сын – ескерітпені жанына жақын қабылдайды . Бұл оқушылардың   үнемі өздеріне көңілі толмайды.Ол өзінің ой өрісіне, қабілетіне, жетістіктеріне, сырт қабілетіне, жынысына күдік және қанағаттанбаушылық қажытады. Жоспарға сәйкес  оқушылармен жүргізілетін түзету- коррекциялық бағдарламасы бойынша ұзақтығы 15 мин. Тренинг-жаттығулар өткізілді. Мысалы: сенімділігін арттыруға «Сенімділік кілті», «Қобалжу- қалыпты құбылыс», «Бойдағы қорқынышты төмендету», «Күйзеліске жол жоқ» , «Уақытты басқару», «Тепе-теңдік» т.б. Оқушыларға жаттығулар ұнайды, белсене қатысып отырды. Әңгіме жүргізу барысында байқағаным оқушылардың көпшілігінде  өзіне деген сенімділік қасиеті біршама жоғарлағаны байқалды.Алдағы уақытта олармен сынақ алдында «Емтиханға 1 күн қалғанда» және «Саған сәттілік тілеймін !» тренинг- жаттығу  жүргізіледі. Жалпы оқушылар сынаққа психологиялық жағынан орташадан жоғары деңгейде дайын деп  айта аламын. Кеңес беру және ағарту бағыты.Оқушыларға үнемі психологиялық кеңестер беріліп тұрды. Мысалы: уақытты қалай басқару керек, күн режимін дұрыс сақтау, мезгілімен және рационалды тамақтану , қандай тағаммен, көкөніс, жеміс- жидектердің адам миына, есте сақтауына, қан айналымын жақсартуға, жүйке жүйесін ретке келтіруге пайдасы зор екенін түсіндіріп туралы кеңестер берілді .

Бағдарлы білім беру бойынша оқу жылынын бастап 9 - сынып оқушыларымен Д. Голлонд тесті бойынша  зерттеулер ,ата-аналармен түсіндірме жұмыстары жүргізілді.Кәсіптік бағдарлау саласында қызықты, әрі ақпараттық тақталар жасалды. 9 сыныптар аралығында «Ең маңызды таңдау », әңгіме , «Бала тәрбиелеудегі мамандық таңдаудағы ата-ананың рөліне байланысты» кеңестер берілді. Осындай ағартушылық жұмыстар кәсіби жолды таңдауға септігін тигізді. Зерттеуге 63 оқушы  қатысты . 27 оқушы  «10  сыныпта   оқуға  каламын» деп жауап берсе, қалған 36 оқушы «колледжге  барамын» деп  жауап  берген.    Оқушылар жеке  қабілеті  мен   бейіміне  байланысты  7   типке  бөлінді: әлеуметтік  тип бойынша қоғамдық –гуманитарлық бағытын   14 оқушы , «әртістік тип»-  20 оқушы, «іскер  тип» - 13 оқушы, «зияткерлік тип» -  6 оқушы, «реалистік тип» -5, конвенционалды тип» - 5 оқушы. Мұғалімдердің агрессивтілігін,әріптестері және оқушылармен қарым-қатынас жасау дәрежесін анықтауға арналған /А.Ассингер/ сауалнамасы алынды. Сауалнама жалпы 20 сұрақтан тұрады.Сауалнама қорытындысы бойынша: Мұғалімдердің агрессивтілік деңгейі қалыпты, әріптестерінің көзқарастарымен санасатын,бір-біріне деген көзқарастары сыни тұрғыда екенін байқалды. Ал, өзін-өзі бағалау деңгейі бойынша мұғалімдердің  63%-ның өзіне деген сенімі жоғары даңқұмар,ал 37%-ның өз-өзін бағалау деңгейі орташа екені анықталды.

Ата - аналармен   зерттеу  жұмысы. Бала қауіпсіздігін алдын алу мақсатында «Буллинг және кибербуллинг», «Бала қауіпсіздігі- баршаға ортақ» тақырыптарында семинар-консультациялар жүргізілді. Балаларды әлеуметтік желіден сақтауға,бала денсаулығына зиян келтіретін жаман әдеттерден аулық болуға, балаларына көп уақыт бөлу керектігі айтылып «Зорлық-зомбылықтың алдын алу» бойынша жадынамалар таратылды. 5-10 сынып оқушыларының   ата-аналары  сауалнамаға қатысты өз ойларын білдірді, нәтижесі - 70 % ұпайға дейін жинаған ата-аналар  бала тәрбиесінде, үлкен қателік жасамағаны анықталды, олардың бала тәрбиесіндегі іс-әрекеттері жөнінде тереңірек ойланатындары белгілі болды. Көбісі демалыстарын балаларымен ұтымды пайдаланады. 30% пайыз көрсеткіш көрсеткен ата-аналар , өздерінің міндеттерін орташа деңгейде атқарып жүргені байқалды. 

2020-2021 оқу жылында қарым-қатынас жарастығы жоғары деңгейде 65 % ата-ана болса, орташа қалыпты көрсеткен 35 % ата-ана анықталды. 2021-2022оқу жылында  ата-анамен бала арасындағы орташа деңгейдегі көрсеткіш 5% кеміп,жоғарғы деңгейдегі   қарым-қатынастары 5 % жақсарған.Әлеуметтік қызмет. Мектеп оқушыларымен, ата-аналармен әлеуметтік педагогикалық жұмыстар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, аз қамтамасыз етілген отбасы, көпбалалы отбасы балаларын, жартылай жетім оқушылармен әлеуметтік қолдау жұмыстарын жүргізу, сонымен қатар тәртібінде ауытқушылығы бар және қиын, құқықбұзуға бейім балалармен әлеуметтік-психологиялық және құқықтық жұмыстарды ұйымдастыру, отбасы мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында жұмыс жоспары бекітіліп, іс-шаралар атқарылды. Оқушыларының әлеуметтік куәлігі жасалып,толтырылды.Оқушы саны -809. Оның ішінде: көпбалалы отбасы-68,156 оқушы, азқамтылған отбасы-26, 60 оқушы, қамқорлықтағы балалар/тұл жетім/   -3 отбасы,7 оқушы, ата-анасы ажырасқан -2 оқушы,өгей әкемен тұратын -4 оқушы, өгей шешемен тұратын -8  оқушы,анасымен тұратын, әкесі қайтыс болған -32 оқушы,әкесімен тұратын, анасы қайтыс болған-11 оқушы, толық отбасы -379,  526 оқушы, АСП алатын-3 отбасы, 8 оқушы. Жалпыға бірдей міндетті білім беру қорынан  бір мезгіл тегін ыстық тамақпен 26 отбасынан 60 оқушы,арендатордың есебінен тегін ыстық тамақпен  10 оқушы қамтылған. Қамқоршысымен тұратын 7 в,5 г,3 г сынып оқушысы Тунгушбаевтар, 7 б сынып оқушысы Сәбитқызы Әсем, 6 б сынып оқушысы Сайлауқан Марлен Әділетұлының  отбасыларына тұрмыстық жағдайын тексеру актісі жасалды. «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында «Балдәурен- Қапшағай» республикалық оқу –сауықтыру орталығына 08.01-27.01.2022 ж. аралығында 9 сынып оқушылары Марат Бейбарыс Маратұлы, Құнапия Бағдаулет Талғатұлы  барып, демалып қайтуы ұйымдастырылды. «Мектепке жол»  акциясы бойынша – Жаңа жыл қарсаңында ЖБББ қорынан тізімдегі 85 оқушыға жаңа жылдық сыйлық (тәттілер), оның ішінде 40 оқушыға мектеп формасы берілді.Үйде оқытылатын оқушы Изтурғанова Алтынайға сынып жетекшісі, Оразалиева А .Д сыныппен бірге   ақшалай сыйлық және тәттілер,пән мұғалімдері  азық-түлік,киіммен қамтамасыз етілсе, 6 б сынып оқушысы Қантбек Н. демеушілер тарапынан киім-кешек /костюм,шалбар /,костюм берілді. Сонымен қатар,   әлеуметтік жағдайын анықтау мақсатында толық емес отбасы, ата-ананың қамқорынсыз қалған, өгей-әке-шешемен тұратын   9 б сынып оқушының  Жақсылық Нурмухамбет, Амангелді Бақдаулет, Ерғали Ағлан, 7 сынып оқушысы Нұрпейіс Ақтөре,5 сынып оқушысы Нұрпейіс Абылай, 6 б сынып оқушысы Сайлауқан Марлен,  7 в,5 г,3 г сынып оқушылары  Тунгушбаев Адема,Абылай, Қамбар, 7 б сынып оқушысы Сәбитқызы Әсемнің   үйлеріне тұрмыстық жағдайын тексеру актісі жасалды. Жоғарыда аталған оқушылардың үй жағдайлары: балалардың  жеке бөлмесі,сабақ оқитын орны,қажетті жиһаздары бар, тазалығы санитарлық талапқа сай. Жекелеген санаттағы оқушылардың тамақтануына жағдай жасалған, бракеражды комиссия  тарапынан кезекшілік ұйымдастырылып, күнделікті бақыланып отырды.   

Кітапхана жұмысы.   Мектеп кітапханасының жалпы кітап қоры 34530, оның ішінде кітап қоры 9230 оқулық қоры 29861дана. Оқырмандар саны 430.көркем - әдебиеттер – 4950 дана, 2420-әдістемелік, 210электрондық оқулық, 3338-басқа саладағы кітаптар бар. Кітапханаға келушілер саны-3850 кітап беру саны-13315, оқырмандардың кітап оқуы қанағаттанарлық.Кітапхана құжаттары бір жүйеге келтірілген. Оқырмандарды, оқулықтарды тіркеу журналдары арналып, номенклатура бойынша нөмірленіп тіркелген. Үкімет тарапынан   1,3,9,10 сынып оқулықтар  түсті.   Осы  уақытқа дейін «Атамұра»   баспасынан    сыныптарға арналып 780   дана оқулықтар түскен,  «Мектеп»   баспасынан 800дана, «Арман - ПВ» баспасынан 510 дана , «Келешек» баспасынан 220 дана, «Бөбек»баспасынан 203  дана,»   ,«Алматы кітап»  баспасынан  415 дана,    «Express Publihing баспасынан» баспасынан 612 дана, «,» Назарбаев интелектуал «  баспасынан 121 оқулық  түскен.

Оқу жылының басында оқырмандар кітапханаға қайта тіркеліп, есепке алынды. Мектеп кітапханасында әр сынып оқушыларынан құралған кітапхана кеңесі жұмыс істеді. Кітапханада оқушылардың оқуына, дұрыс кітап таңдай білуіне әрдайым көңіл бөлініп отырылды. Алғаш жазылуға келген оқырманмен міндетті түрде әңгіме өткізіліп, кітапхана ережесі түсіндірілді және кітап алған кезде жас ерекшеліктеріне қарай кітап таңдаулары қадағаланды. Кітапханада оқырмандар арасында кітап насихаттауда насихат түрлерінің барлық формасы қолданылды. Атап айтсақ, әрбір арнаулы даталы күндерге ұйымдастырылған кітап көрмелері, тақырыптық сөрелер, әр сыныптарда өткізілген ертеңгілік, әдеби-монтаж, тәрбие сағаттары, ойындар, сайыстар, кездесу кеші, оқырмандар конференциясы т.б.

Кітапхана мектептің ұстаздар ұжымымен де тығыз байланыста болды. Ол мұғалімдерге тек әдістемелік көмек көрсетіп қана қоймай, сонымен қатар тәрбие жұмыстарын өткізуге де көп көмегін тигізді. Мектептегі әрбір сыныптарда өткізіліп жатқан іс-шараларға мәліметтер тауып беріп, әдебиеттер ұсынды.

Тіл мерекесіне арналып «Туған тілім-тұғырым» деген тақырыпта кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітап көрмесінен мұғалімдер, оқушылар көптеген материалдар алып пайдаланды.  «Ертегі еліне саяхат» 1-2 сынып оқушыларымен кітапханаға саяхат, «Классиканы бірге оқимыз» ұжымдық коворкинг алаңы, 1- желтоқсан тұңғыш президент күніне , Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне – 30жыл» орай кітап көрмесі ұйымдастырылды, Жыр алыбы Жамбыл – 175 жыл » оқушылар арасында Жамбыл оқулары өткізілді, «Қазақ поэзиясының Хан Тәңірі» М. Мақатаевқа 90 жылдығына конференция, «Халық ақыны Ыбырай Алтынсарин – 180 жыл» атта оқылым, «Семей ядролық полигонының жабылуына – 30жыл» кітап көрмесі, «Оқы және өзгеге сыйла» атты букроссинг алаңы, «Бір минут оқып түсінігіңді баянда» оқыту әдісі, «20 минут оқы да, 3 минут эссе жаз» атты оқырмандар акциясы, «Тұрақтылық тұғыры татулық», «Бірлігі жарасқан қазақ елі, Ер - жігіт қорғаны», «Ұлы Отан соғысындағы қазақстандық ұшқыштар» атты  кітап көрмелері ұйымдастырылды. MARK SQL электрондық кітапханалық бағдарламасына кітап қоры, оқырмандар формуляры осы бағдарламаға тіркелуде. Осы бағдарлама бойынша алфавиттік каталогпен жұмыс жұргізуліде. Алдағы уақытта бағдарлама бойынша жұмыстар жалғастырылуда. Оқырмандар алып оқыған әдеби және ертегі кітаптар бойынша түсініктерін  шағын әңгіме ретінде жүргізіліп отырылады. Апта сайын оқушылардың кітаптарының қапталғанын, сызылмағанын үнемі тексеріліп отырылды.Кітапханаға жазылу бойынша төмен көрсеткіш көрсеткен мына сыныптар: 9б сынып жетекшісі Жумамурат Ж ,7б сынып жетекшісі Оразадиева А., 10б сынып жетекшісі Әуелбек М. Себебі, бұл сыныптың оқушылары ауылдық кітапханаға оқырман ретінде тіркелген. Сынып жетекшілерге оқушыларды кітапханаға жазылуын қадағалау қажеттілігі туралы айтылды..

Медициналық қызмет. Мектеп бойынша 809 оқушы,75 мұғалім, 25 техникалық қызметкерлер. Кабинеттердің санитарлық- гигиенаға байланысты құрал-жабдықтары,(шелек, швабра, еден жуатын мата) осы құрал- жабдықтардың маркировкалары, сынып бөлмелерінің жарықтандыру жүйесі (электр шамдарының толықтығы, розеткалар) талапқа сай. Мектепалды, бірінші сынып балалары арнайы аудандық емханадан медициналық тексерістен өткен. Таңертеңгілік фильтр жүргізілді. 37 оқушы арнайы диспансерлік тіркеуге алынған. Арнайы медициналық анықтама негізінде 11 оқушы дене шынықтыру сабағынан денсаулығына байланысты босатылған. 98 оқушысына Манту сынамасы, 38 оқушыға БЦЖ екпесі салынды. 70 оқушы «ФГ»тексерістен өтті. Әр айдын аяғында балаларға арналған 6 жас – АДС, ККП, 16- жас- АДСМ атты егулері егілді. 12-17жас аралығында оқушыларға Камирнати «Пфайзер» вакцинасы 53 егілді.  11 ұл бала әскерге дайындық түралы комиссиядан өтті. 9 баланың дені сау болып, 2 оқушы миапия диагнозы анықталды. 1,5,9,10,11 сынып оқушыларын дәрігерлік тексерістен өтті. Сынып сағаттарында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында тазалық сақтау, денсаулықты күту туралы және салауатты өмір салтына жетелейтін арнайы баяндамалар оқылды.Жұқпалы аурулардың таратылуына жол бермеу және жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында іс-шаралар жүргізген. 2-10 сыныптар арасында «Вирусты гепатит», «Дерматомикоз», «Тұмау», «ЖРВИ», «Қант диабеті», «Туберкулез» «Педикулез», «Қышыма»тақырыптарына диктанттар алынды.   Оқушылар мен ата-аналар арасында жеке бас денсаулығын дұрыс сақтауды білу мақсатында «Дұрыс тамақтану», «Клещевой энцефалит», «Тазалық денсаулық кепілі», тақырыптарында баяндама оқылып, кеңестер берілді. 

Асхананың санитарлық-гигиеналық талапқа   сай болуы,тамақтың сапасы тексеріліп отырды.  

Ұсыныс: 

1.Құқық бұзушылықтың және қылмыстың алдын алу мақсатында жүргізілетін жұмыстарды жандандыру. 

2.Мектепішілік есепте тұрған 7 сынып оқушысы Марат Абылай және тәуекел топтағы оқушылардың тәртіптерін жақсарту мақсатында жеке жұмыстар жүргізу. 

3.7б, 9б, 10б сыныптардың жетекшілері Оразалиева А.Д.,Қосжанова Г.Ш. М.Ауелбек    педагог-психолог, пән мұғалімдерімен және ата-аналарымен бірлескен іс-шаралар өткізу арқылы оқушылардың тәртіптік деңгейін, белсенділіктерін арттыру.  

4. 7 б сынып жетекшісі Оразалиева А.Ж.,  тәрбие жұмысын жүргізудің  тиімді   және  жаңа технологиялар әдістемесін меңгеру 

5.Педагог-ұйымдастырушылар Н.Жұмабек, Б.Айтханкөшбасшылық және ұйымдастырушылық қабілеттерін дамытуға бағытталған жұмыстарды жүйелі жүргізу.

6. Мұғалім мен оқушы арасындағы қарым - қатынасты үнемі бақылауда ұстап,   

зерттеу жұмыстарын әр тоқсан сайын жүргізуді жоспарлау.

7.Оқушыларының жеке тұлғалық қасиетін, мінез-құлықтағы ауытқушылық себептерін анықтауға байланысты зерттеу  әдістемелерін түрлендіру.

8. 7-10 сыныптардың   жетекшілеріне оқушыларды рухани адамгершілікке тәрбиелеу, патриоттық сезімдерді ояту, тіл байлығын арттыру мақсатында кітапханаға жазылу деңгейін көтеру



2021-2022 оқу жылының SWOT - талдауы

Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

1.Шығармашылықпен жұмыс істейтін, БЖБ, ТЖБ құрастыратын ұстаздар

2.Мұғалімдер мен сынып жетекшілерге әдістемелік көмек көрсетілуде онлайн, офлайн түрінде (семинар, вебинар коучинг, менторинг, ашық алаң) іс-шаралар өткізу

3.Сабақты зерттеу, іс-әркеттегі зерттеу жұмысы аясында оқытудың жаңа әдіс- тәсілдерін жүйелі шеберлікпен қолданып, тәжірибемен бөлісу

1.Оқушы жұмысына қатысты  академиялық шынайылықтың сақталмауы

2. 4в,5а,8б  сынып оқушыларының  білім сапасы, тәрбиелік деңгейін көтеру бойынша жұмыстың әлсіздігі 

3.«Дарын», «Зерде», «ҚҒА» бағыттары, пәндік олимпиадаларға қатысуы

4.Жаратылыстану-ғылыми, оқу, математикалық сауаттылығын  дамытатын тапсырмаларды,БЖБ,ТЖБ жұмыстарын өз бетінше     құрастыру

Мүмкіндіктер

Қауіп-қатерлер

1.PISA,TIMS,PIRLS тапсырмаларын құрастырып, пайдалану

2.ҚБ, БЖБ,ТЖБ тапсырмаларын өз беттерінше құрастыру бойынша семинарлар ұйымдастыру

3.Кәсіби байқауларға қатысып, үздік тәжірибе алмасуға, авторлық бағдарлама шығару

4.Кәсіптік бейін бойынша пәндік клуб жұмысын жүргізу

5. БиС технологиясын қолдану 

6.Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту, тәрбиелік деңгейін көтеру үшін «Оқуға құштар» мектебінен – «Оқуға құштар» қоғамға» жобасының жұмысында қоғаммен бірлескен  жұмыс 

1.Мұғалімдердің, оқушылардың желілік ресурстарды  шектен тыс қолдануы (қысқа мерзімді жоспарлауда, ғылыми жоба жұмыстарын әзірлеуде     дайын материалдарды қолдануы мұғалімнің өз бетімен ізденіс жұмыс жүргізуіне кедергі келтіреді)




Келесі оқу жылына басымдықтар 

1.2021-2022 оқу жылының жылдық қорытындысы бойынша төмен білім сапасын көрсеткен 4в, 5а сыныптарының   білім сапасын көтеру

2.Пән мұғалімдері оқушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толтырудағы  жұмыстарын нығайту

3. Негізгі пәндер бойынша функционалдық сауаттылықты   арттыру

4.Құқық бұзушылықтың және қылмыстың алдын алу мақсатында мектепішілік есепте тұрған 8б сынып оқушысы Марат Абылай және  сабақтан себепсіз қалған  10 сынып оқушысы Джанаев А, 11 сынып оқушысы Бақберген А тәртіптерін жақсарту мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізу. 

5.Педагог-ұйымдастырушылар Н.Жұмабек, Б.Айтханкөшбасшылық және ұйымдастырушылық қабілеттерін дамытуға бағытталған жұмыстарды жүйелі жүргізу.

6. 8б, 10б, 11б сыныптардың жетекшілері Оразалиева А.Д.,Қосжанова Г.Ш. М.Ауелбек    педагог-психолог, пән мұғалімдерімен және ата-аналарымен бірлескен іс-шаралар өткізу арқылы оқушылардың тәртіптік деңгейін, белсенділіктерін арттыру

7.Мұғалімдердің авторлық бағдарлама, әдістемелік құрал шығару жұмыстарын жоспарлау, тәжірибедегі зерттеу жұмыстарын сараптамалық кеңес ережесіне сай жүргізу

8. Пәндік олимпиада, оқушылардың ғылыми қоғамының жұмысын жандандыру 

9.Төмен нәтиже көрсеткен әдістемелік бірлестіктері дене шынықтыру пәні, мәдениеттану пәндері, тарих әдістемелік бірлестік жұмыстарын зерделеу

10.  «Мектепалды даярлық тобы-1сынып» , «4 сынып-5 сынып» - сыныптарды оқытуда сабақтастықтың жүргізілуін бақылау