19
май
2017
«1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні»
Үмбетәлі мектебінде
27-сәуір күні «Ынтымағы жарасқан туған өлкем - Қазақстан» атты мерекелік
іс-шара өтті. Іс-шараға әр сынып оқушылары әр ұлттың киімдерін киіп,
украин, өзбек, қазақ, орыс тілдерінде тақпақтар айтып,
би билеп, ән айтты. Сол ұлт туралы
қысқаша мәлімет айтып, салт-дәстүрлерімен таныстырды. Осы іс шара арқылы 1
мамыр мерекесі туралы балалар көп мәліметтер алғаны анық. Барлық оқушылар
белсенді қатысты. Іс-шара соңында барлық ұлт
өкілдері тату-тәтті өмір сүрсін, достықтары мықты болсын деген мақсатпен,
жүректен-жүрекке шеңберімен, әнмен кешті
аяқтады.